Атырау, 27 қараша 11:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Келесі «жақсы ұйымдастырушы» кім?

4 201 просмотра


Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте үйлестіру штабы «Бекіре-2017» операциясының нәтижелері туралы есеп берді. Акция 31 мамырда аяқталып, оны орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Марат ӘБДІРАХМАН қорытындылады.

Бұл, әдеттегіше, әсерлі болуы тиіс: 1 024 заң бұзушылық анықталды. Жалпы сомасы 13,4 млн теңге айыппұлға 826 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 129 қылмыстық іс қозғалды. 64 тонна балық (оның үш тоннасы бекіре тұқымдастар) және 11 келі қара уылдырық, 5 134 заңсыз аулау құралдары, 118 жүзбелі құралдар және 42 автокөліктер мен мотоциклдер тәркіленді.

Есеп беруден кейін журналистер сұрақтарын жаудырды. Мәселен, лимитті игеруде қуаты 20 ат күші болатын бударалар талап етілген шектеу қалай әсер етті? Өйткені көктемгі балық аулау маусымына, балықшылардың айтуынша, тек Құрманғазы ауданының кооперативтері мен Атыраудың бірнеше кәсіпорындары ғана әзір болып шықты. 

– Биылғы маусымда облыс әкімінің тапсырмасымен Жайық пен теңізде кеме қатынасы реттелді. Уылдырық шашатын кезеңде тек шағын кемелерді пайдалануға болады. Соңғы үш жылда алғаш рет балықшылар тікелей балық аулау тартымдарында жұмыс істеді. Бұрын шудың әсерінен балық ол жаққа кірмейтін. Биыл үйірлі балықтар – қаракөз бен табандардың көп келгені тіркелді, - деп жауап берді ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Ерболат ҚАДИМОВ. Ол қытайлық ау құралдары туралы сұраққа да жауап берді.

– Оларды пайдалануға баяғыда тыйым салынды. Ал жақында парламент, жіп диаметрі 0,5 мм-ден аз және ұяшық көлемі 100 мм-ден кіші торларды пайдалануға ғана емес, сатуға да тыйым салды. 

Тыйым салынған жерлер туралы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкері Олег ТУШКАНОВ әңгімеледі:

– Балық аулаушылардың көпшілігі Дамбы туралы сұрастырады. 17 мамырда ММС маңында және ағыс бойымен төменде әуесқойлық және спорттық балық аулауға тыйым салатын қала әкімінің қаулысы шықты. Ал бұрын кіші Дамбыға дейін балық аулауға болатын еді. Енді Талғайраңнан ММС-ке дейінгі аумақтан балық аулауға рұқсат етілді. 

Бүгінде облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының лауазымына қашан және кімді тағайындайтыны көпшілікті қызықтырып отыр. Айтпақшы, бұрын осы лауазымды атқарған Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВТЫҢ өзіне жұмыс тауып алғандығы анықталды. Ол енді Оралдағы сот сараптама институтының директоры.

– Ермекқалиевтың өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты 22 мамырда мені міндетін орындаушы етіп тағайындау туралы бұйрық шықты, - деп жауап берді Марат Әбдірахман. – Бұл лауазымға кімді тағайындайтынын білмеймін және конкурсқа біреулер өтініш берді ме, жоқ па, менде ақпарат жоқ.

«АЖ», сондай-ақ, Астрахан облысында Атыраудан келе жатқан 4 тонна бекіре балығы тиелген браконьерлік жүкті ұстау фактісінің тергеу қорытындысын сұрады. Ол балықтың қожайыны кім және жүк кімге арналған? Бұл туралы ІІД балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күресу бөлімінің бастығы Серік ЖАНҰЗАҚОВ әсерлене әңгімеледі:

– Астрахан облысында қылмыстық іс қозғалды. Біздің өңірімізде іс факт бойынша қозғалды. Енді 1993 жылғы Минск конвенциясының негізінде ол жақтан жекелеген тапсырмалар түсуі тиіс еді, ол бойынша жедел шараларды бастай берер едік. Бірақ бізге мұндай тапсырма түскен жоқ. Бұл бірлі-жарым жағдай! Кеше облыс прокуроры осы жерде отырды, оған да осы сұрақ қойылды. Бүгін де, ертең де, сосын бәрі кінәлі болады. Біз өзіміз жауапкершіліктен қашпаймыз, бірақ іс жүзінде бұл осы жерде жылдар бойына жұмыс істеген трафик болуы мүмкін. Иә, кемшіліктер бар. Біз алға ұмтылып жұмыс жасауға тиіспіз. Ганюшкинде, мәселен, балық қорғау инспекциясында 12 адам жұмыс істейді. Бізде жедел құрамда екі адам – басшы мен жедел уәкіл бар. Басқаларға біздің жұмыс ерекшелігімізді түсіну қиын. Іс жүзінде штатта 44 адам бар, бірақ бәрі бірдей күзетте тұрмайды, кезекшілер, демалатын ауысым бар. Бізге 1300 км Каспий жағалауына қызмет етуге тура келеді. Күн сайын осындай аумақты аралап шығу мүмкін емес, жетуі қиын жерлер бар. Бір факт бойынша бүкіл жұмысты жоққа шығаруға болмайды. Мен Ермекқалиев жақсы қызметкер, ұйымдастырушы болды деп есептеймін.

Шекарашылар мен «Ақжайық» табиғи резерваты қызметкерлерінің жанжалы туралы сұраққа жауап бере отырып, оның басшысы Арман ҚҰРМАНБАЕВ қазір екі қызметтің де ортақ шаралар жоспарын ауызбіршілікпен атқарып жатқанына сендірді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

Суретті түсірген автор

9 маусым 2017, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.