AZATTYQ.ORG. "Ақтөбе шабуылынан жыл өтсе де үрей мен қайғы тарқамаған" - 2016 жылы маусымның 5-і күні жасалған Ақтөбе шабуылынан бір жыл өтсе де жақындарынан айырылған тұрғындардың бойынан қорқыныш пен қайғы арылмаған. Артынан «салафиттер» деп хабарланған ондаған адам сол күні екі қару-жарақ дүкенін тонап, әскери бөлімге қарулы шабуыл жасаған еді. Маусымның 5-і күні басталып, алты күнге созылған арнайы операция кезінде жиыны 40 шақты адам жараланып, 20 кісі қаза тапқан.
"Жабылған «Трибуна»" - Оппозициялық «Саяси қалам. Трибуна» газетінің иесі кәсіпорнын жауып тастағандықтан, енді басылым шыға алмайтын болды. Газет жақтастары оны жабудың себебін саяси тапсырыспен байланыстырады. Басылыммен соттасқан әскери зейнеткер басылымның жабылғанын дұрыс деп санайды.
"Тереза Мэй: "Жетер" деп айтар уақыт келді" - Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй елде наурыздың соңынан бері үшінші рет жасалған терактіге байланысты жексенбідегі мәлімдемесінде терроршыларға "жетер" деп айтар уақыт келгенін айтты.
INFORMBURO.KZ. "Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының дәрежесін Ассамблея деңгейіне дейін қалай көтереміз" - 22-25 маусымда Астанада Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді. Қазір әрбір үшінші қазақ шет елде тұрады. Олардың мұң-мұқтажын қорғайтын заң Қазақстанда жоқ.
365INFO.KZ. "«Қарыз кешіріліп, келісімшарт жойылады». Маман банктердің нені жасыратынын айтты" - Қазақстандықтар сот арқылы өзіне жазылған айыппұл мен өсімақыны, тіпті, қарыздың өзін бүтіндей жоя алатын болады.
ABAI.KZ. "Намазхан жігіттер Сағадиевтің жарғысына қарсылық көрсетті" - 2 маусым күні жұма намазынан шыққан қырық шақты намазхан жігіттер Жылой аудандық білім беру орталығы ғимаратына қарай бет алған. Оларды дүрліктірген нәрсе – білім министрі Сағадиевтің орамалға байланысты мектепке енгізген жарғысы болатын. Қысқасы, 1-ші қыркүйектен бастап мектепке қыз балалар орамал тағып келмейді. Жарғының мәтіні осындай. Қай заманда да мұсылманшылыққа келетін сынақ пен зардаптың кезекті үрдісі. Бұдан кім не ұтты, неден ұтылды?
"Мәмбетовтың ақиқаты, Жаманқұловтың "шындығы"" - Мені қайран қалдырған сот та, соттың үкімі де емес. Тұңғышбай Жаманқұлов мырзаның 1 маусым күні соттан кейін бұқаралық ақпарат құралдары алдында айтқан өкпеге толы сөзі болды. Сол сөздердің ішіндегі «Мен Желтоқсан көтерілісінде қаным төгіліп, таяқ жеп, жастарға араша түстім» дегені әсіресе ашу-ызамды оятты. Бір үлкен апайымыз айтқан екен «мен сахнада әртіс болғанмен, өмірде әртіс болған емеспін» деп. Бұл кісі өмірде де әртіс екен. Себебі, мен «Халық Қаһарманы», КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, театр, кино және опера режиссері, педагог, қоғам қайраткері Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтың Тұңғышбай Жаманқұлов туралы айтқан сөздерін өз құлағыммен естіген адаммын.
QAZAQTIMES.COM. "Нағима Байтенова: Қоғамның дамуына ғылым-техника да, дін де өзіндік үлес қоса алады" - Елімізде ғана емес, әлемде де дін мәселесіне деген қоғам назары арта түсуде. Дін мен мемлекет ара қатынасы турасында бізге тиянақты тұғырдың керек болатыны тағы бар. Төңірегімізде сенім қайшылығынан іргесі ыдырап жатқан елдерден сабақ ала отырып, қоғамдағы дінге деген таным мен ұстанымды айқындай түсуімізге тура келіп отыр. Осы аталған мәселелер төңірегінде философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Нағима Байтеновамен өткізген сұхбатымызды ұсынып отырмыз.
JASQAZAQ.KZ. "Іліктен шілік шықты" - Адамзат өркениетінің дамуы жаһандану үрдісімен қатар жүретін құбылыс екені анық. Жаһандану кезінде әлемнiң дамыған елдері бiртұтас экономикалық және технологиялық қарым-қатынас жүйесіне енуге бет алады. Уақыт өте оған дамушы елдер де тартылып, технология және мәдениеттердiң араласуы қарқынды жүре бастайды. Әрине, бұл үрдістен көші-қон үрдісі де тысқары қала алмайды. Кедей елдерден мыңдаған адам өзіне жайлы жер іздеп, алысқа аттанады. Қазір бұл процесті «заман ерекшелігі» десе болады.
TURKYSTAN.KZ. "Кестетігер келді деп…" - Халқымызда «Бір ұл тәрбиелесең – бір әулетті тәрбиелегенің, бір қыз тәрбиелесең – бір ұрпақты тәрбиелегенің» деген дана сөз бар. Қыз баланың қадір-қасиеті мен қылығы ұлттың ұлылығын танытады деп білген қазақ қызына айрықша көңіл бөлген. Қонақ деп құрметтеп, ешуақытта босағаға отырғызбаған. Өйткені қыз – елдің көркі, ұрпақ өрбітуші. Қырық үйден тыйым көріп өскен бойжеткен бір әулетке құтты келін, ана дейтін ардақты атқа ие болады, одан кейін ақ жаулықты әжеге айналады. Ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді. Сондықтан дүниеге кесте тігері келген ата-ана «өрісім кеңейді» деп қуанады. Десе де, соңғы уақытта қыз туа бересің деп қаншама жыл отасқан жарын шиеттей бала-шағамен жалғыз қалдыратын, неге ұл тумайсың деп әйеліне жұдырық ала жүгіретін еркектер көбейіп барады.