Атырау, 23 желтоқсан 14:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Сырт қалған саңылаулар

2 414 просмотра

Редакцияға   Махамбет  көшесі, 118а бес қабатты үйде тұратын Сергей ЗАХАРОВ термомодернизация бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан күрделі жөндеуге және сметаға қатысты шағымдарымен хабарласқан еді.  

ЖӨНДЕУ ШЫҒЫНДАРЫ

- Сметалар ненің есебімен толтырылады? – деп сұрайды қызымырлау зейнеткер, айтпақшы бұрынғы жетекші инженер-құрылысшы. – Бастапқыда бізге жөндеу жұмысы үй тұрғындары үшін 34,4 млн теңгеге шығады деп айтқан болатын, ал енді келіп маған тағы да 300 мың теңгеге көтерілгені  көрсетілген сметаны көрсетіп отыр.  Нәтижесінде біз енді 34 млн 700 мың теңгені қайтаруымыз керек. Жөндеудің қаншаға шыққанын есептеп көр! Оның ішінде кейбір жұмыстар іс жүзінде тіпті жоқ та, жертөле әлі ылғал, іші толған күл-қоқыс, ал, подъезд қабырғалары  құлаудың алдында тұр

Захаровтың айтуынша, өткен жылы тұрғындар өз қаржыларының есебінен жертөледегі желілерді ауыстырып, пластик тұрбалар орнатқан. Сөйтіп, үйдегі ыстық судың берілуін және салқын сумен жабдықтау жүйесін қалыпқа келтірген екен. Ал, мердігерлер күрделі жөндеу аясында жаңа пластик тұрбаларды кесіп, олардың орнына жұп-жұқа металл тұрбаларды салып қойған. 

-  Құрылысшылар болса, қателік кетті, қайтадан жасаймыз деп қояды. Алайда, олар ертең-ақ кетіп қалады да ұстай алмай қаласың. Бастысы, бұл жұмыстар сметаға енгізілген. Ал, бізге жөндеу үшін бір емес, екі рет төлеудің қаншалықты қажеттілігі бар?

Сондай-ақ, смета бойынша құрылысшылар панелдер арасындағы жіктерді (термомодернизацияның басты міндеті осы – жылуды аз жоғалту. С.Т.) бітеуге тиісті болатын. Захаровтың айтуынша, бұл жұмыстардың құны 600 мың теңге. 

- Қасбеттің жұмысы шпаклевкамен саңылауларды бітеумен ғана шектелді, оларды 2 сантиметр қабатпен бітеу жұмысы жасалған жоқ. Подъезд қабырғалары көтеріліп, жарылып тұр. Электр қалқандарын қайтадан жөндеу керек болғанмен, оны да қозғамастан қалдырып кеткен.

Захаров ТКШ, ПИК және мердігер компания өкілдерінен құралған қабылдау комиссиясының құрамында (бар-жоғы екі тұрғын ғана) бар. Және қазір одан қол қоюын талап етуде: 

- Мен, бірақ қолымды қоймаймын, - дейді ол.  – Егер мен бірнеше жыл құрылысшы болып жұмыс жасамасам екен, онда әңгіме басқаша. Олар кімді алдағысы келеді? Ертеңгі күні көршілерім маған жұмысты қалай қабылдап алғансыңдар деп сұрайды ғой.

 

АЯЗ КЕДЕРГІ КЕЛТІРДІ

Тұрғынның сауалын біз «Әли» ПИК төрағасы Амантай МҰСТАФИНГЕ жолдадық:

- Смета сомасы  бастапқыда  34 млн 300 мың теңге болды және солай қалды, -деп сендіреді  ол. – Бұл үйдегі күрделі жөндеу әлі аяқталған жоқ. Жұмысты қатты аяздың салдарынан тоқтатуға тура келді. Мердігер ұйым жөндеу жұмыстарын 15 наурызға дейін аяқтап бітіруге кепілдік міндеттеме беріп отыр. Екі подъезде әрлеу жұмыстары, үйдің айнала жиегіне бетон құю, шатырды пенобетонмен бітеу және жертөлені күл-қоқыс пен ылғалдан тазарту жұмыстары қалды. Шынында да, жертөленің қабырғалары  жарылып кеткен, өйткені, жөндеу жұмыстары суық күндері жүргізілді. Мердігерлер оны қалпына келтіреді. Жылу жүйесі бойынша: күн жылынған бойда құрылысшылар өз есебінен жертөледегі желілерді қайтадан қалыңдау келген жіксіз тұрбалармен ауыстыратын болады. Жіктерді бітеуге келетін болсақ, смета бойынша жіктер бар жерлерге  ішінара бітеу жұмыстарын жүргізу ғана енгізілген.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суреттерді түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

.

8 наурыз 2012, 01:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.