Атырау, 24 қараша 03:21
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Саяхат картасы

5 402 просмотра

Аймағымыздағы ішкі туризмді дамыту жөнінде көптен бері айтылып келеді. Жақын арада нақты алғашқы қадам жасалып, Атырау облысының туристік картасы шығарылды.

- Әрине, біздің өнеркәсіпті өлкеміз түрлі табиғи ландшафтарымен мақтана алмайды. Дегенмен де, мақтануға тұрарлық нәрселер де бар. Бұл Каспий өңірінің бірегей өсімдіктер мен жануарлар әлемі, тартымды дала көріністері, көптеген тарихи ескерткіштер, - дейді Атырау облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының туризмді дамыту бөлімінің бастығы Қарлығаш БЕКБАЕВА. – Біз Атырау аймағы туралы бүкіл ақпаратты жинақтап, туристер мен саяхатшылар, сондай-ақ облыс жұртшылығы үшін нағыз жол көрсеткіш басып  шығардық. Тұрғындардың көпшілігі өздерінің туған өлкелерінің тарихи ескерткіштер мен табиғат жұмбақтарына қаншалықты бай екенін білмейді.

Туристік карта жыл бойына облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының, тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының, «Ақ Жайық» резерватының мамандарымен, жергілікті өлкетанушылармен бірігіп жасалды.

Картада маңыздағы тарихи ескерткіштер – мазарлар, некропольдер, көне қалашықтар, аң мен балық аулайтын жерлер, демалу үшін туристік шатыр тігуге болатын нүктелер белгіленген. Сондай-ақ, картада бірнеше туристік маршруттар: тарихи туризм маршруты, экотуризм, Қызылқоға ауданының Тайсойған құмы арқылы өтіп, Жылыой ауданында аяқталатын авторалли маршруты мен аңшылық маршруты көрсетілген.

Картада бірегей табиғаты бар «Ақ Жайық» резерваты да белгіленіпті.

- Жергілікті туризмде ілгерілеушілік байқалады, - деп атап өтті Қарлығаш Бекбаева. – Қала шетінде туристік базалар пайда бола бастады. Мәселен, туристерді қабылдап, оларды түйе сауу процесімен таныстыруға, шұбат ішкізіп, түйемен далада серуендеуді ұйымдастыруға дайын түйелер өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары бар.  Шетелдік туристерді халқымыздың ұлттық дәстүрі, тұрмыс-салты мен мәдениеті қызықтырады. Сондықтан этнографиялық туризмді дамыту қажет. Сондай-ақ, табиғи резерваттар маңында орналасқан ауыл тұрғындарына шағын несиелер беру бағдарламасы бар. Олар өздерінің туристік жобаларын ұсынып, табысқа жеткен жағдайда жеңілдіктермен несие ала алады.

Облыстың туристік картасын тұрақты түрде жаңартып, жаңа туристік нысандармен толықтырып отыруға уәде берді. Әзірге картамен туристік агенттіктерде танысуға болады. Картаны сатылым үшін басып шығару мәселесі шешілуде. Қазір туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Атырау қаласы бойынша туристік жол көрсеткіш жасауда.

Алайда облыста бірнеше тілдерді меңгерген кәсіпқой экскурсия жетекшілері мен гидтер жоқ, туризм үшін лайықты жерлерде инфрақұрылым нашар дамыған. Дегенмен, туристер күй таңдамайтын халық қой.

Тамара СУХОМЛИНОВА

7 наурыз 2012, 22:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.