Атырау, 11 қазан 10:23
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Анашым, сырымды саған айтам

2 546 просмотра

Атырау облысында жыл басынан бері өзіне-өзі қол жұмсаған бір ғана бала болды.  Және тағы да сегізі бұл әрекетке баруға тырысқан.

- Мен шағын талдау жүргізіп көрдім, - деп әңгімелейді облыстық жүйке-неврологиялық диспансерінің суицидолог-дәрігері  Людмила ҒИБАТУЛЛИНА.– Сауалнамаға қатысқан 210 жасөспірімнің15 % өз өмірлерін қуанышсыз деп бағаласа, төменгі жастағы жасөспірімдер барынша позитивті баға берген және олардың онысы түсінікті де, өйткені олар әлі бала (9% пессимистік жауап) . Сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығы  мектепте өздеріне сенімсіз, тез шаршап қалады, 12% ұстаздары өздерін  жақтырмайды, яғни, жақсы көрмейді  деп есептейді.  44%  көңіл-күйлері тез бұзылып тұрады, 28% - тез әсерленгіш, қызба мінезді. Жасөспірімдердің жасы өскен сайын жауаптары да жағымсыз болып келеді.

Балалар мен жасөспірімдер  өз проблемаларын  ата-аналарына айтпайды, өз қатарластары және достарымен бөліседі. Демек, отбасында қайырымдылық, сүйіспеншіліктің жоқтығы алаңдатарлықтай факт болып табылады. Ата-аналар жұмыстарынан шаршап келеді де балаларына аз көңіл бөледі. Мұндай жағдайда бала өзін ешкімге керексіз жандай сезінеді де өз уайымымен бөліссем деген ниетінен айнып қалады.  Ондай жағдайда алдымен оның достары, романтикалық қарым-қатынастар, ал, ең жайсыз жағдайда күйзелістен шығатын жол - алкоголь және есірткі болады.

- Өткен жылы өз өмірлерін қиған балалар мен жасөспірімдердің саны – 14 болды (8 ұл, 6 қыз бала), олардың 10-ы мектеп оқушылары еді. Бүгінгі таңда облыс мектептерінде білікті деген психолог-мамандар жетіспейді. Облыстағы 203 мектепке 317 психологтан келетін болса, оның 164-і білікті мамандар да 153-і өз жұмыстарына қосымша психолог сағаттарын алған мұғалімдер, яғни, дипломсыз психолог-мамандар, - дейді Атырау облысы бойынша балалар құқығын қорғау департаментінің өкілі Әлия ОМАРОВА.

 Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 наурыз 2012, 18:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.