INFORMBURO.KZ. ""Біз латыншаға көшеміз бе" – дегенді емес, "Қалай көшеміз?" – деген мәселені талқылауымыз керек" - "Айқайлай-айқайлай қасқырдан ұят". Ұсынылған жоба үндестік заңын, дыбыстық-мағыналық құрылымын, буын мен тасымал жігі мен сөйлеу ырғағын бұзбауы шарт.
EGEMEN.KZ. "Дәурен Абаев: Сенсация қуамыз деп, сөздің қандай қуатты қару екенін ұмытып кетеміз" - Елбасының пәрменімен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі өз алдына дербес құрылым болғанда журналистер қауымы «бөркін аспанға атқаны» белгілі. Содан бері тура бір жыл өтті. Жаңа министрлік БАҚ-тың бағын аша алды ма? Жалпы ақпарат пен коммуникация салаларын нығайту үшін қандай іс атқарды? Осыған шолу жасау үшін ведомство басшысынан сұхбат алу көптен жоспарланған іс еді. Соған сай, әзірлеген сауалдарымыз да ауқымды болатын. Алайда, біз күткендегідей болмай шықты. Министр мырза дайын сұрақтарымызды ысырып қойып, ресми қалыптан тыс, еркін сұхбат құруға шақырды. «Кез келген сауалға жауап беруге дайынмын» деген соң, біз де сұрақтарды «қабырғадан қоюға» тырысып көрдік.
"Жол-көлік оқиғасы: тараптар құқы жайлы не білеміз?" - Құқықтық сауаттылық қоғамды алға жетелейді. Кейде күйбең тіршілікте кездесетін күнделікті тосын әрі қолайсыз жағдайларда өз құқымызды білмегендіктен, күрмеуі көп күрделі мәселелерге тап болып жатамыз. Өзгеге қарапайым болып көрінетін осындай жайттар өз басымызда орын алған жағ- дайда не істерімізді білмей абдырап қалатынымыз рас. Үлкен мегаполис тұрғындары үшін бұл – жиі кездесетін жағдай. Мәселен, көлігіңізді соғып алдыңыз. Не істейсіз? Алдымен кімге хабарласасыз? Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге қатысты заң талаптары қандай? Осы ретте қандай шарттар мен заңдылықтарды білгеніңіз жөн. Осы мәселеге қатысты кәсіби заңгер Орымбек ТОЙКИН мырзаның құқықтық кеңесіне жүгінген едік.
AZATTYQ.ORG. "Қазақстан мен Түркіменстан ОПЕК жиынына екі түрлі мақсатпен барады" - 24-25 мамырда Венада өтетін жиында мұнай экспорттаушы елдер әлемдік нарықта мұнай бағасын қымбаттату мақсатында өндіріс көлемін әлі де шектей түсу жайын талқыламақ. ОПЕК ұйымына мүше және оған енбейтін елдер қатысатын жиынға Қазақстан мен Түркіменстан да өкілдерін жібермекші.
"Бір отбасын кезген терроризм елесі" - Алматыда терроризмді насихаттады деген айып тағылған Жанна Өмірованың ісі бойынша сот басталды. Әлеуметтік желідегі оның парақшасынан «терроризмді уағыздаушы Саид Бурятскийдің дәрістері» табылған. Екі баласы бар жас келіншектің терроризм айыбымен сотталған күйеуі қазір түрмеде жазасын өтеп жатыр.
ZHASALASH.KZ. "Бопсалаушы вирус" - Бір вирус төрткіл дүниені дүр сілкіндірді. Бүкіл әлем улап-шулап жатыр: айдың күні аманда «бопсалаушы вирус» пайда болыпты. Әп-сәтте ол 100 елге жетіп, жан-жағын жалмауда. Бопсалаудың мәнісі мынада: ол сіздің компьютеріңізге кіріп алады да, ондағы барлық бағдарламаларды бұғаттап тастайды. Сосын оларды іске қосу үшін ақы (пара?) бопсалайды екен. Мәссаған, безгелдек! Билігі ғана емес, вирусы да жемқор боп кеткен уақыт-ай...
"Әмин Елеусінов: Келіспеске амалым қалмады..." - 14 күн аштық жариялаған мұнайшылардың жетекшісі екі жылға сотталды. 15 мамырда Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты Ақтаудағы Oil Construction Company (OCC) кәсіподағының төрағасы Әмин Елеусіновке үкім шығарды. Судья Гүлжахан Ұбашева прокурор мен жәбірленуші OCC арасында жасалған сот-процессуалдық келісім негізінде Әмин Елеусіновті екі жылға бас бостандығынан айыруға және «қылмыстық жолмен иеленген» мүлкін тәркілеуге жаза кесті. Сондай-ақ Елеусіновті қоғамдық және кәсіподақ қызметімен айналысу құқығынан бес жылға айырып, жәбірленуші OCC-ға 8 миллион 212 мыңнан астам теңге өтеуді міндеттеді.
QAMSHY.KZ. "Араб журналисінің объектісінде: әл-Каида мен Түркия һәм ұйғыр, өзбек жиһадшылар" - Ердоғанның Идлибдегі әл-Каидасы әшкереленді деп жазады aktifhaber.com. Хабарға сай, Ердоған режимінің ашықтан-ашық қолдау көрсеткен Идлибдегі радикал ұйымдардың әл-Каида нұсқауымен әрекет ететінін көрсететін видео жарияланған.
TURKYSTAN.KZ. "Ай мүйізді бөкендердің тағдыры" - Соңғы жылдары қазақтың сары даласын мекен еткен сұлу жануар – киіктердің азайып кетуі қоғамды түгел алаңдатуда. Бұрындары қазақ жерінде миллиондап жортып жүрген дала жануарлары бүгінде 70 мың ғана. Десек те, биылғы жылы киік саны 20 мың басқа дейін көбейеді деген деректер бар. Жаздың соңында белгілі болатын санақ қорытындысына дейінгі міндет – бөкендерді браконьерлерден қорғау.
"Биржадан байлық күтіп жүргендер көп, бірақ…" - Осыдан бірнеше жыл бұрын көптен бері хабарласпаған сыныптасым қоңырау шалды. «Халықаралық компанияда жұмыс істегің келе ме?». «Әрине» деймін мен. «Онда мына мекенжайға келе қал». Барған соң білгенім, халықаралық дәрежеде дамыған қаржы пирамидасы секілді екен. Тыңдап болған соң, үндемей кетіп қалдым. Жақында біздің қабатта тұратын бір кісі: «Біздің компанияға кір, биржадан ақша табасың. Кеше ғана 20 жасар қыз 20 мың долларлық көлік алды» – деді. «Аға, бізге оңай келген ақша жақпайды» дедім. Әлгі кісі: «Бұл сөзді әке-шешеңнен үйреніп алғансың ба, «советский понятие» ғой», – деді. Сөйтіп ол компанияға қалай да кел деп шақырып кетті. Компанияның аты – «Questra World».
QAZAQTIMES.COM. "Өткен аптада әлемді дүрліктірген кибер шабуылшы кім?" - Өткен аптадағы кибер, шабуылдан кейін Солтүстік Кореяның ғаламтордағы соғыс қуатына әлем тегіс назар аударды. Өткен аптаның соңында «Жылағым келеді» (WannaCry) деген атпен таралған компьютерлік жұмсақ бөлшекті бүлдіруші вирус дүниежүзілік ғалмтор желісіне кең таралды. Олай болса, кезекті кибер шабуылдың келтірген зияны мен перде артында нұсқаушысы туралы, сондай-ақ, олардан қандай деректер қалып, кімдер анықтау жүргізгені туралы ақпараттарға назар салып көрелік.
JASQAZAQ.KZ. "Тұтқындағы қазақ жауынгерлері" - Тұтқында болған қазақтар, Түркістан легионы туралы зерттеулер көп емес. Тұтқындар тарихына қатысты зерттеулер жазған қазақ ғалымдары да саусақпен санарлық. Белгілі қаламгер Амантай Кәкен соғыстан кейін 1947 жылы Алматыда Түркістан легионының белсенді қызметкерлеріне жүргізілген сот материалдарын қысқаша жария етті. Саясаттанушы Бақыт Садықова Франция жерінде қимыл жасаған Түркістан батальондарының кейбір жауынгерлері туралы француз және неміс құжаттарын жариялады. Белгілі ғалым Гүлжаухар Көкебаева өзінің көлемді монографиясында бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Германия мен Ресей – КСРО жағындағы тұтқындардың жалпы мәселесін қарастырды.