Атырау, 24 қараша 03:19
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Балықшылар үйде бос отыр

8 789 просмотра

Таяу күндердің бірінде Ауыл шаруашылық министрі Асылжан МАМЫТБЕКОВ енді балық аулауға квота бөлу ашықтық мақсатында балық аулаушылардың қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен жүргізілетін болады деп мәлімдеді. Бірақ, бұл  атыраулық балықшылар арасында аса құлшыныс тудыра қойған жоқ.

Балықшылар одағының бұрынғы төрағасы Әділғали КЕМЕЛБАЙДЫҢ айтуынша, бұл қоғамдық ұйымның тарихы 1920 жылы басталып, 2006 жылы аяқталған екен. Оның қызметіне колхоздар арасында, олардың қуаттылығы, халқының саны, жұмысшы қолы бойынша лимиттерді бөлу кірген еді және ешқандай да жанжалдар туындаған жоқ. Бұл ереже 1994 жылы өзгерді, сөйтіп, балықшылар одағы лимит бөлуді тоқтатты. Мұнымен балық қорғау органдары айналысты. 2001 жылдан бастап тендерлерге жеке балық аулау фирмалары қатысты. Олар, әрине, одан көп нәрсе ұта қойған жоқ, өйткені, облыстық әкімдіктегілер колхоз есебінен қала маңының халқы ғана өмір сүріп отырғандығын түсінді. 2005 жылы колхоздардың өміріндегі ең ауыр кезеңдер басталды. Биоресурстар үшін төлемдер көлемі өсті. Колхоздар бірінен соң бірі банкротқа ұшырады. Кейін жеке фирмалар олардың қарыздарын жауып, су қоймаларының толық құқылы қожайындары болып шыға келді. Балық аулау артелдерінің жаңа қожайындарына балықшылар одағының керегі болмады, сөйтіп, ол 2006 жылы жабылып қалды. 

«Жемчужина» ЖШС директоры  Гүлфара ИСМАҒҰЛОВАНЫҢ айтуынша, облысқа жаңа балықшылар одағы керек. Соңғы жылдары көпшілік балық өндіруші ұйымдардың ассоциациясын құруды қалайды. Еліміз-дің басқа аймақтарынан белсенділер келіп те жатыр, жергіліктілер де бар. Алайда, қазіргі басты проблема мұнда емес. Үкімет «Балық аулау туралы» заңға шектеулер мен тыйым салу ережелерін әлі күнге бекітпей отыр. Соның нәтижесінде балықшылар бір рет балық аулау маусымын өткізіп алды, ал, өткен жылы балық болған жоқ. Бұл сала бойынша шығындар басым, ал, балықшылардың отбасы ашқұр-сақ күйде отыр.

«Ракуша» өндірістік кооперативінің төрағасы Сырлыбай ҚОЖАМҰРАТолармен келіседі. «Біз үшін ең маңызды мәселе бұл көктемгі балық аулау маусымына рұқсат алу. Біз көктемде бөлінген лимиттің 70% игеріп аламыз. Күзде өзендегі су деңгейі төмен болады, сондықтан да балық өзенге кірмейді - өзен сағаларын тереңдету керек. Екінші бір проблема – «Ақжайық» резерваты бізге өзен сағасы кеңістігінен балық аулауға рұқсат бермейді. Біздер баяғыдан бері сол жерлерден аулап келеміз, ал, енді бізден жағалаудан 25 шақырым қашықтықта теңізден аулауды талап етіп отыр. Әрине, лимиттерді бөлуді ашық ету қажетті және біздің құқықтарымызды қорғайтын қоғамдық ұйымдар да керек. Егер үкімет балық аулауға шектеу қою және тыйым салу ережесін бекітпей отырған жағдайда біз ештеңе істей алмаймыз». 

Жазып алған  Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 наурыз 2012, 18:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.