Атырау, 24 қараша 02:49
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түрік тауарының саудасы қызып тұр

8 208 просмотра

Біздің кедендік одақ неліктен Стамбул үшін тиімді?

Атыраудың киім-кешек базарына біз жүргізген шағын талдау біздегі «алыпсатарлық бизнеспен» айналысатын саудагерлердің  бүгінгі күні бастарынан қиын күндерді өткізіп отырғандығын көрсетті. Кедендік одақ ұсақ кәсіпкерлер үшін жағдайды барынша өзгертіп жіберді.

ТҮРКИЯ ҚЫТАЙДЫ ЫҒЫСТЫРДЫ

Киім-кешек пен аяқ киімді жаппай сатып алушылар үшін қолжетімді болып табылатын Атыраудағы ең ірі базар «Динадағы» жағдай дәл осындай. Кедендік одақ шекараларында жоғары кедендік баж салықтарымен бетпе-бет келіп жатқан сатушылар көпшілік қолданатын заттар үшін Қытайға баруды доғарды. Арзанқол қытайлық заттар базар сөрелерінде Түркия өнімдерімен теңесе бастады.

«Алыпсатарлар» үшін шоп-турларды ұсынатын атыраулық туристік агенттіктер бұрын кең сұранысқа ие болған Қытай турларының бүгінгі күндері аса көп емес екендігін баяндап отыр. Сатушылардың көпшілігі енді тауар үшін Стамбулға барғанды жөн көреді. Қытайға бару тиімсіз болып қалды. Өздеріңіз ойлап қараңыздар, Қытай шоп-туры ұшақпен шамамен 160 мың теңгеге, ал, Стамбул – шамамен 100 мың теңгеге шығады.

- Мәселе күн асты еліне баратын шоп-турлардың қымбатшылығында ғана емес,- дейді сатушылардың бірі Майя Ахметова. – Жаңа кедендік бағамдардың салдарынан Қытай мен Стамбул тауарларының бағасы бірдейге жақындады деуге болады. Әрине, сатып алушылар бағаларындағы аз ғана айырмашылыққа қарамастан сөзсіз Түркиядан келген сапалы тауарды қалайды. Оның үстіне соңғы кездері Қытайдан жүк  ұзақ  жүріп келеді. Кейде тіпті, тауарларды бір айға жуық уақыт күтуге тура келеді.

Майяның әріптесі көршілес сөреде қытай тауарларын сатады. Бұрын Қытайға өзі барып әкелсе, енді Алматының жайма базарынан алуға мәжбүр:

-Қытайдан тауар әкелу өте қымбат болып кетті, оған менің шамам жетпейтіндіктен Алматыдан алуыма тура келіп отыр. Олардағы баға да кедендік алымдардың салдарынан өсіп кеткен. Оған қосымша өзімнің қосатыным бар, сондықтан да Қытай мен Түркияның тауарларының бағасында алып бара жатқан айырмашылық жоқ.

Десек те, Түркияның тауарын сататын сатушылардың да жағдайы аса керемет емес. Жеке тұлғалар ретінде кедендік алымсыз (Кедендік одақтың кедендік  шекарасы арқылы жеке қолданыс үшін тауар әкелетін жеке тұлғаларды ауыстыру тәртібі жөніндегі Келісім аясында) тауар әкелетін олар жалпы салмағы 50 келіден кем болмайтын ғана заттарды әкеле алады және олардың кедендік сомасы 1500 еуродан аспауы тиіс. Бұл жағдайда жүк салғышта бір түрден екі заттан артық болмауы керек. Нормадан асып кеткеннің бәрінен әкелінген заттардың кедендік құнының  бағамы бойынша 30% кедендік алым алынады. Бірақ, ол әр келі үшін 4 еуродан кем болмауы керек.

- Соңғы рет мен Стамбулға жақында ғана барып келдім, маған әрбір килограмм үшін 9 еуродан төлеуге тура келді,- дейді «Дина» СҮ әйелдер киімін сататын бутиктің иесі. – Бару сапарымен барынша көп сома шығып кетеді. Әрине, ол  сатып алушыларға сататын бағаға әсерін тигізбей қоймайды. Тауардың өз бағасына біз өте көп қоса алмаймыз, қосқан жағдайда тауарды ешкім де сатып алмайды. Саудада бағаны өте төмен де түсіре алмайсың, онда мүлдем пайдасыз қаламыз. Сауда шамалы жүрсе де сауда алаңы үшін жалдау ақысын төлеуге тура келеді. Сөйтіп, ақыны төлеу үшін заттарды ең болмағанда Түркияның бағасымен сату үшін жеңілдіктер жариялауға тура келеді.

«Насиха», «Көктем» СО және басқа да ірі сауда орталықтарының сатушыларына бүгінгі күндері қиынға соғып отыр. Тапқан ақшалары коммуналдық қызметтер төлемдерін төлеуге, азық-түлік сатып алуға және басқа да қажеттіліктер үшін әрең жетіп отырады.

БІШКЕКТЕН КЕЛЕТІН КОНТРАБАНДА

Саудагерлер Қазақстанға тауарды  Бішкектен де әкеледі.

-Бұрын бізге Қырғызстанға тауарға бару үшін 15-20 мың жетіп жататын еді. Бүгінгі күні 80 мың теңгеге дейін ақша жұмсау керек болады,- дейді арзан Қырғызстан тауарын сататын сатушының бірі. – Біздің кедендік қосын арқылы мен қол жүгі бойынша 25 килограмнан артық алып өтпеймін. Қазір бізге біздің тауарларымызды өздерінің қол жүгі ретінде алып өтетін таксистер көмектесуде. Оларға да бұл қызметтері үшін төлеуге тура келеді. Нәтижесінде Бішкек тауарларының нақты бағасы 30 – 40% өсіп кетті.

МИНСК СТАМБУЛҒА БӘСЕКЕЛЕС ЕМЕС

Жергілікті «алыпсатарларға» КО мүшелері Ресей мен Белоруссиядан тауарды тегін әкелу мүмкіндігін пайдалануға болады. Алайда, бұның да өз жолдары бар. Сараптамашылардың мәліметтері бойынша, Қазақстан тұтыну тауарларының импорты жөнінен 80%,  Ресей –  60% тәуелді. Атыраулық «алып-сатарлардың» айтуынша, ресейлік базарлар да Түркия мен Қырғызстаннан келген тауарларға толы. Бұл тауарларды ресейлік үстемелермен әкелудің еш тиімділігі жоқ.  Ресей аумағынан тауарларды баж салығынсыз әкелуден қымбат бутиктерде тұтынушылардың нақты бір бөлігінің сұранысымен еуропалық киімдер сататын сатушылар ғана ұтуы мүмкін. Дегенмен, КО елдері арасында кедендік шекараның ашылуының арқасында Атырау базарларында Болгария, Польша, Латвия елдерінен киімдер мен аяқ киімдер пайда болды. Алайда, олар түріктің тауарларынан бағасы жағынан қалыспайды.

Кейбір кәсіпкерлер белорустің тоқыма бұйымдарын сатуға әкелуге қадам жасап көрді. Алайда, Атыраудан Мәскеуге, одан Минскіге одан кері қайтып келу ақырында әкелетін өнім бағасына әсерін тигізді. Нәтижесінде ол тіпті, түріктің тауарынан да қымбатқа шығып кетті.  Оның үстіне белорус тоқыма бұйымдары атыраулық сәнқойлардың талғамына сай болмай шықты.

СӨРЕДЕН ИНТЕРНЕТКЕ КӨШТІ

Атыраулық жас саудагерлер қатарында алға озық шыққандары да бар. Олар әдеттегі базар сөрелерін тастап, Интернетке көшті. Олар Интернет дүкендерін әлеуметтік желілерде ашып отыр. Оларға жолға ақша шығарып, кедендік алымдар төлеп және басқа да тауарға бару шығындарына ұрынудың түкте қажеті жоқ. Қытай және Түркияның тоқыма фабрикаларымен Интернет-дүкен арқылы жұмыс жасап, олар бағаға тек екі-үш есе ғана өз бағамдарын қосады және тапсырыстарын әдеттегі жеке тұлғаларға жолданатын сәлемдеме арқылы алады.

- Жеткізу құнын мен тапсырыс берушіден жеке аламын, әдетте олар 700-1000 теңгеден аспайды,-дейді «Интернет-сатушы» Ирина Уварова. Қысқасы, шығындардың бұл бабына ешқандай ақша шығармауыма болады. Қытайдан келетін тауарды бір ай, тіпті кейде одан көп уақыт күтетіндігіне қарамастан тапсырыс берушілер үшін  менің қызметім сұраныста. Өйткені, базардағы тауар бағасынан ол қалай болғанда да арзанға түседі. Сауданың бұл түрінен керемет пайда тауып отырмын деп айта алмаймын, бірақ, қосымша табыс көзі ретінде ол мені толық қанағаттандырып отыр.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Алыпсатарлық бизнесімен шамамен 2,5 миллион қазақстандық айналысады. Қазақстан кәсіпкерлер форумының жүргізген зерттеулеріне сәйкес, алыпсатарлық бизнес тек  қазақстандық саудагерлер үшін ғана табысты болып табылады. Осылайша, егер алыпсатарлардың 76% үшін бұл негізгі пайда болса, 25% мұны қалыпты табысты бизнес деп есептейді. Олардың тек  24% ғана отбасы үшін айға $1000 пайда көре алады.

7 наурыз 2012, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.