Атырау, 27 қараша 15:43
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Сарайшық су тасқынынан қорғалған»

2 824 просмотра


Сарайшық қалашығындағы жағалауды нығайту жұмыстары су тасқыны кезінде тоқтатылды. 

«Алматыинжстрой» ЖШС-нің құрылыс учаскесінің бастығы Дмитрий СОБОЛЕВТІҢ айтуынша, тасқын басталғанша негізгі жұмыстар орындалып, қазындылардың археологиялық бөлігіндегі жағалау қорғалған. Соңғы рет жұмыстар өткен жексенбіде, 30 сәуірде жасалған. Дүйсенбіден бастап нысан тоқтатылды.

- Жоспарлаған жұмыстарымыздың 95%-ын жасап үлгердік, аз ғана қалыс қалу бар. Бірақ, археологиялық қазындылар аймағында емес, - дейді Д.Соболев. – Кестеге сәйкес темірбетон қазықтар қағып үлгердік, монолитті темірбетон қабырғалар сала бастадық, қалашық аймағын бойлай 500 текше болатын топырақ салынған қапшықтар төселді. Уақытша бөгеттің жалпы биіктігі 3 метрдей болады. Осы шаралардың арқасында жағалау тасқын сулармен шайылудан қорғайды.

- Тасқын судың үдемелі кезеңі бірінші онкүндіктің аяғында - мамырдың ортасында болады деп болжанып отыр. Уақытша бөгет су қысымына төзе ала ма, жоқ па, сол кезде белгілі болады.

- Қазір су баяу келіп жатыр, күніне 3-5 см-ден аспайды. Өткен жылы осы уақытта су деңгейі бүгінгіден жоғары болатын. Біз осы көрсеткішті үнемі бақылап отырамыз. Күн сайын гидрометеорологтардың ақпаратын аламыз. Олардың жорамалы бойынша су мамырдың аяғында – маусымның басында қайтады. Сондықтан құрылысты маусымның ортасында жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Ал әзірге ағымдық жұмыстармен, материалдар жеткізумен айналысудамыз, тақталар әкеліп жатырмыз.

- Ақпанның аяғында Сарайшыққа аяқ басқан ғалымдар тобы XIV-XVII ғасырдағы тарихи-сәулет ескерткішіндегі құрылыс барысына археологиялық қадағалаудың жоқтығына наразы болған еді. Олардың пікірі қаперге алынды ма?

- Иә, жұмыстарға тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы археологиялық қадағалауды жүзеге асыруға келісімшарт жасады. Лицензиясы бар жергілікті археолог бақылау жасап отырады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА


4 мамыр 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.