Атырау, 28 шілде 14:10
 дождьВ Атырау +31.2
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07

Қысқа қайырғанда

989 рет қаралды

Исатай ауданы, Забурын селолық округінде ба-лық аулау цехы ашылып, жұмыс жасауда. Ауыл адамдары екі қолға бір жұмыс таппай сенделіп кеткен болатын. Дамбы селосындағы «Жамбыл» ӨК-нің Забурыннан балық аулау цехын ашуы көп адамға үміт отын жақты десе болады. Күні бүгінде адамдар жұмысқа алына бастаған, балықшылардың саны 30-ға дейін жетеді деп отыр. Кооператив ауылдағы қайықтарды, моторларды жинап түгендеп, жөндеуге кірісіп те кетіпті.

 

Исатай ауданында ата-анасы жоқ және аз қамтылған отбасы балаларын қолдау мақсатында қаржылар бөліне бастаған. Жуырда бюджеттен 5 млн. теңге бөлініп, ол қаржы түрлі оқу орындарында оқитын төлем қабілеті жетпейтін студенттерге берілетін болды.

 

Өткен жылы жұмыссыздарды жұмыспен қамту мақсатында түрлі шаралар қолға алына бастаған еді. Ауданда төменгі пайызбен 5 жылға қаржы беру арқылы біраз адам жұмыс көзін ашыпты. Мәселен, өткен жылы 7 адам 10 млн теңгеге ие болған. Осы қаржымен жеке монша, шаштараз ашып, тіпті мал өсіруге ден қойғандардың қатары көбейген. - Бұған ынта білді-рушілер көбейді. Биыл  50 млн. теңге сұратпақшымыз. Тіпті көршілес ауданның адамдары бізге тәжірибе жинақтау үшін келіп те кетті,-дейдіИсатай ауданы әкімінің орынбасары Мади ӨТЕҒАЛИЕВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

29 ақпан 2012, 19:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.