Атырау, 24 қараша 01:45
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Біз сіздерді естиміз және сеземіз»

11 889 просмотра

«Бота» қоғамдық қорының қолдауымен  «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар бірлестігінің есту қабілеті төмен балаларға арналған облыстық мектеп-интернатта жүзеге асырған жаңа жобасы «Біз сіздерді естиміз және сеземіз» деп аталды.

Әрбір жұма  сайын ұстаздар мен тәрбиешілер үшін арнаулы тренингтер өткізіліп тұрады. Ата-аналармен кездесу жеке кеңестер алу, тестілеу және сауалнамалар жүргізу арқылы өтеді. Ал, тікелей балалар үшін шейпинг, үстел теннисі және арт-терапия бар. Балалар барлық дәрістерге қызығушылықпен қатысады.

– Біз интернат әкімшілігін балаларды спортқа және бейнелеу өнеріне оқытудың баламалы формасымен таныстырдық. Олар сол әдістерді жоба аяқталғаннан кейін қолданады деген үміттеміз, -дейді психолог Нелли КУЛИКОВСКИХ.

Жақында тәжірибені алмастыру аясында жоба авторлары Орал қаласының есту қабілеттері төмен және тілі кемістігі бар балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатта болып қайтты. Бұл мектеп жалпы батыс Қазақстандағы таңдаулы мектептердің бірі болып саналады. Онда тәрбиеленушілер тек қана қажетті білімдерін алып қоймай, мамандық алып шығады, оның үстіне сөйлеуге үйренеді. Онда көргендерді Атырауда да енгізуге болар еді, бірақ, бізде балалар ескі  құралдармен жабдықталған ғимаратта тұрады. Онда өте тар, спорт залы, арнаулы құрал-жабдықтар мүлдем жоқ. 

– Облыс бойынша есту қабілеті төмен шамамен 100-дей бала бар, алайда, олардың көпшілігіне Орал немесе Ақтөбе мен Астрахан қалаларына барып оқуға тура келеді, өйткені біздегі мектеп-интернат тек 40 адамды ғана қабылдай алады, -дейді ҮЕҰ жетекшісі Ұлықбек ТНАЛИЕВ.

– Бұл интернат осы секілді басқа оқу мекемелерімен салыстырғанда материалдық-техникалық жарақтандырылуы жағынан  көп артта қалған және салалық департаменттердің, қоғамдық мекемелердің де назарларынан тыс қалған, -деп абыржиды Нелли Куликовских.

- Біз мамандандырылған мектеп ретінде 2003 жылдан бері жұмыс жасап келеміз. Біздің ең үлкен тәрбиеленушіміз қазір 8 сыныпта оқып жатыр. Келесі жылы олар оқуларын аяқтайды және болашақ мамандықтарын таңдауға тиісті. Алайда, мүмкіншіліктері шектеулі адамдардың жұмысқа орналасуы біздің елімізде өзекті мәселе, сондықтан да біздің балаларымыздың кәсіби бейімділігі бізді қатты алаңдатады, -дейді есту қабілеттері төмен балаларға арналған мектеп-интернат директорының  тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Збида МАРДЕНОВА.

-Бізде кең де жарық ғимарат болғанда біз көп нәрсені қолға алған болар едік. Мәселен, балалар 11 сыныпқа дейін білім алып, соған сәйкес, орта арнаулы білім алуға емес, жоғары білім алу мүмкіндігіне қол жеткізер еді. Интернат қабырғасында оралдық әріптестеріміздегі секілді мектепте жүріп-ақ, түрлі мамандықтарға бейімдеу кабинеттерін  ұйымдастырған болар едік.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

"АЖ" анықтамасы:

Есту қабілеттері нашар балалар – есту кемістігі бар және сол арқылы тіл кемістігіне ұшыраған балалар. Есту деңгейі 15-20 дб  75 дб. төмен балаларды есту қабілеттері нашар балалар деп атайды.  Керең саңыраулардан нашар еститіндердің айырмашылығы сол, олар қоршаған адамдардың сөзінен фонетикалық жағынан өзінше толық болмағанмен, біраз сөз қорларын жасап алады.

Есту қабілетінің төмендеуі әсіресе, балалардың кішкене кезінен, көбінесе мұрын, тыныс алу жолдары  (созылмалы тұмау, аденоидты сырқаттар және т.б.) сырқаттарының салдарынан пайда болады.

22 ақпан 2012, 21:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.