Атырау, 24 қараша 01:47
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ҰБТ барысында бақылау күшейеді

4 476 просмотра

«Ұлттық» мәртебеге ие жоғарғы оқу орындарының ақылы оқу бөліміне үміткер болатын талапкерлер үшін ғана өту балы 70-ке дейін көтерілді (төменнен «АЖ» анықтамасын қараңыз). Басқа жоғарғы оқу орындарына түсу үшін өткен жылдағыдай, 60 баллдан кем жинамау керек, - деп педагогтар мен ата-аналарды тыныштандырды Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бас сарапшысы Қайыржан РАҚЫМЖАНОВ.

21 ақпанда Атырауда 2012 жылы ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізу жөнінде семинар болып өтті. Тестілеу біздің республикада 9 жылдан бері өткізіліп келеді, осы уақыт ішінде ҰБТ-ны 1 млн-нан астам түлек тапсырған.

Тестілеуге қатысуға ниет білдіретін талапкерлер саны үнемі өсіп отырады. Әсіресе Астанада (83,8%), Алматыда (85,9%) және Атырауда жоғарғы көрсеткіштер көрсетіп отыр. Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ақмола облыстарында (тиісінше 68,8%, 73,2%, 74%) бұл көрсеткіш төмен.

 

Блокираторлар баллды төмендетті

Қайыржан Рақымжанов өткен жылдың қорытындысы бойынша қалыптасқан жағдайды қысқаша суреттеп берді. 2011 жылы тестілік тапсырма күрделендірілген. Соған байланысты өту деңгейінен өте алмай қалған түлектердің саны көбейіпті. Түлектердің көпшілігі жаратылыстану-ғылыми және техникалық мамандықтарды таңдайды. Бұл осы мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыстың көбеюімен байланысты. Бақылаудың күшеюінің арқасында, өткен жылы орташа баллдың көбеюі байқалмады. 2010 жылмен салыстырғанда бар болғаны 1,9 балл құрады. Ал 2009 жыл мен 2010 жыл арасындағы айырмашылық 10 балл құраған еді. Мәселе мынада, 36 тестілеу орындарында тәжірибе ретінде ұялы телефон сигналдарының блокираторлары қолданылды. Осы орындардың қорытындысы бойынша ҰБТ-ның орташа баллы 2010 жылға қарағанда төмен болды. Алайда бұрын ол үнемі өсіп отыратын.

Талдау жұмыстары «қанағаттандырарлық» бағаның – 2004 жылы 85,3 %-дан бастап, 2011 жылы 17,7 пайызға дейін күрт азайғандығын көрсетіп отыр. Сондай-ақ, «жақсы» деген бағаның - 14%-дан 45,2%-ға дейін, «үздік» бағаның - 0,7%-дан 37,3%-ға дейін өсуі де күмән келтіреді. «Бұл 8 жыл ішінде балаларымыз он есе жақсы оқи бастады деген сөз емес. Әрине, оқытуға негіздеу, мұғалімдердің, жергілікті атқарушы органдардың жұмыстары әжептәуір жақсарды. Дегенмен де, көрсеткіштердің осылайша өсуі - ҰБТ қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі резервтерге байланысты», – деп атап өтті Қайыржан Рақымжанов.

 

Министрліктегілер Атырауға құштар

2012 жылғы ҰБТ-ны өткізу кезінде бүкіл ел бойынша бақылау күшейтіледі. Енді ҰБТ өткізілетін барлық нүктелерде ұялы телефон сигналдарын тұншықтырғыш құралдар мен бейнежазба аппаратурасы қолданылатын болады. Білім министрлігі денсаулық сақтау және байланыс министрліктерімен бірге ұялы телефондардың дыбысын тұншықтырғыштарды пайдалану тәжірибесін жүргізіп, түлектердің ағзалары үшін бұл құрылғыларды қолдану қауіпсіз екендігін растап отыр. Атырау облыстық білім беру басқармасының бастығы Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ биылғы жылы барлық қажетті аппаратура міндетті түрде сатып алынады деп сендірді.

Қабылдау комиссиясы мүшелерінің саны 5 адамға дейін қысқарып, ҰБТ өткізілетін аудиторрия саны 12-ге дейін азайтылды. Тестілеу тек сол жерлерде ғана өткізілуі керек.  Аудандық және селолық өткізу орындарында 1 аудиторияға Білім және ғылым министрлігінің 1 өкілі, ал жоғарғы оқу орындарында аудитория санына қарамастан 5 өкіл қатысатын болады. «Айтпақшы, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері Атырауға ынтық болып отыр, - деп атап өтті Қ. Рахимжанов. – Оларды бұл жерде жақсы қарсы алады, бұл жерде олар жақсы уақыт өткізеді. Кері қарай ұшақпен және бірнеше сөмке сыйлықтарын ала кетеді. Оларды бұлай еркелетуге болмайды. Жолақысын, тамағы мен тұратын орнын оларға министрлік төлейді. Оларға іссапарлық және тәуліктік жол жүру шығындары да төленеді». Ауылдық өткізу орындарында дәліздер кезекшісі мен аудиториялар бойынша кезекшілер болмайды. Өйткені олардың талапкерлерге көмектесіп жатқандарын министрлік өкілдері әлденеше рет байқаған. Біздің облысымыздағы өзгерістерге келер болсақ, Индер ауданында ҰБТ өткізу қосыны ашылады. Ал Атырау жоғарғы оқу орындарындағы екі қосынды біреуіне – Халел Досмұхамедұлы атындағы АМУ-ге біріктірген. Тестілеу 1-15 маусым аралығында өтетін болады (5 күнге ұзартылған).

Қалғаны бұрынғыша: ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі – 12 наурыз бен 25 сәуір аралығы. Әрбір пән бойынша тестілік тапсырма саны - 25. ҰБТ өткізуге 3,5 сағат (210 минут) бөлінеді. 

ҰБТ сертификаты баллын жалпы орта білім туралы аттестат бағасына ауыстыру шкаласы өзгеріссіз қалады. ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. ҰБТ-да балл саны 4 пән бойынша есептеледі. Орыс тілінде оқитын талапкерлер үшін қазақ тілінен және қазақ тілде оқитын түлектер үшін орыс тілі бойынша тест нәтижелері жалпы балл санына есептелмейді, олар аттестат бағасына түседі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

"АЖ" анықтамасы:

Қазір Қазақстанда «ұлттық» мәртебеге ие 8 жоғарғы оқу орны бар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті; Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория; Қазақ ұлттық музыка академиясы; Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы; Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті.

22 ақпан 2012, 21:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.