Атырау, 24 қараша 00:14
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жүйені ауыстырған жөн

2 030 просмотра

Заң бар - тәртіп жоқ

ПИК төрағаларына қатысты тұрғындардың шағымы да әртүрлі: біреулері оларды арамтамақтар десе, біреулері ұры дейді. Көбінесе ренішті сөздер айтылады. Қайталап айтамыз: төраға мен оның командасын жұмыстан шығару сіздердің еріктеріңізде. Қағаз жүзінде бұл жеңіл әрі қол жетерлік нәрсе секілді көрінер, іс жүзінде, олай емес...

– Мұндай жағдайда не істеу керек? Басқарманы тұрғындардың өздері сайлайды емес пе? Оның мүшелері – солар секілді пәтердің меншік иелері, оларға жалдамалы жұмысшымен - төрағамен бірлесе отырып, бүкіл үйдің мүддесін қорғау сеніп тапсырылған ғой. Ал бұл жағдайда басқарма келесі тарапты қолдап кетті, - деп сұрастырдым Атырау ПИК Қауымдастығы төрағасының орынбасары Гүлнар САЛИХОВАДАН.

– Сіздер мәселелерді шешуді толығымен ПИК басқармасына жүктеп қойғансыздар, сіздердің қателіктеріңіз осында. Жалпы жиналыс, сондай-ақ, тұрғындардың бастамашыл тобының шешімімен де өткізілуі мүмкін. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 42-1 бабының 3- тармағында: «Жиналыс ПИК бастамасы бойынша, сондай-ақ үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кемінде оннан бір бөлігінің талап етуі бойынша өткізіледі» делінген. Оның үстіне, енді жергілікті атқарушы органдар да, белгілі бір ПИК-те жиналыс өткізуге бастама көтере алады екен.

Бұл «енді» дегеннің датасы бар екен – сөйтсек, қалалық әкімдік 2009 жылдан бері осындай өкілеттікке ие болыпты. Ал біз мұны білмеппіз.

– 2011 жылдың тамызынан бастап заңға тиісті өзгертулер енгізілді. Биылғы жылдан бастап әкімдік жанында тұрғын үй инспекциясы құрылды. Яғни, қызметке мемлекеттік бақылау жасау енгізілді, - дейді Салихова.

Бұл жай дабыра сөз емес секілді. ПИК қауымдастығы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен бірігіп, ықтимал ПИК төрағаларына «Талаптардың біліктілік анықтамалығын» жасақтап жатыр. Шаруашылық бөлімі болашақта оларды сайлаған кезде ұсыныс жасау қызметін өз мойындарына алуды жоспарлап қойған. Яғни, тұрғындарға лайықты үміткерді ұсынады, бірақ оны сайлау тұрғындардың еркінде. Енді кандидаттар осы бөлімге сұхбаттасуға келіп, «сәйкестілік тестісін» тапсырады екен. Жұмыс жасап жүрген төрағалар да осындай аттестациядан өткізіледі.

– Бұл міндетті түрде белгілі бір кадрларды орналастыру емес, - деп нақтылайды Гүлнар Салихова. – Біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен бірігіп, осы анықтамалықты бір ғана ниетпен – осы саладағы дайындығы жоқ, біліксіз, кездейсоқ жандардың санын азайту үшін жасап отырмыз.

 

Әрекет ету керек

Татьяна Павловна ОСИПОВАНЫҢзейнеткерлікке шыққанына екі ай болған, кондоминиумде үй басқарушысынан төрайым қызметіне дейін 12 жыл еңбек етіпті. Ол басқарған «Прогресс» ПИК-і 60-шы жылдары салынған тозығы жеткен екі қабатты үйге қызмет көрсеткен.

Татьяна Павловна ескі үйді «батпақтан» шығару - әйел адамға қол емес екенін айтады.

– Жақсы ат бермейтін жұмыс – маған 15 мың  теңге төлеп тұрды,  ал соңғы кездері тіпті 10 мың төлейтін болды, біздің жасымызда басқа қайда барасың?– дейді ол қынжыла. – Не болмады дейсің: соғамыз деп те, өлтірем деп те қорқытты, балағаттың  да түрін естідім. Мен де солай жауап қайтарам. Басқа не істеуге болады? Онсыз болмайды. Кейбір сантехниктер басқа тілді түсінбейді де. 

– Төменгі жалақы, біліксіз қызметкер, бастысы әр төраға үшін басты екі проблема – жеткіліксіз тарифтер мен төлемақы төлемейтін тұрғындар...

– Оларға ештеңе жасай алмайсың: олар сотқа бере беріңдер дейді. Беріп те көрдік. Не болды? Екі жылдан кейін кез-келген қарыз сызылып қалады. Менде бір осындай шығындарды төлемейтін әйел болды. Үш жыл ақша төлеген жоқ, сот оның екі жылдық қарызын сызып тастады. Ал әлгі әйел бір жыл үшін 5 000 теңгені бетіме лақтырды да, масайрап шығып кетті. Осындай соттардан кейін төрағалар олармен байланысқысы келмейді. Ал олардың басқа заңды тәсілдері жоқ.

– Қалай ойлайсыз? Тұрғын үй-коммуналдық реформа өзін ақтап шықты ма?

–Жоқ! Тұрғын үй-коммуналдық бөлім жанында қалғаны жақсы еді. Тариф көтерілсе де аз-мұз ақшаға не жасауға болады? Бір жерін жамап болып жатсаң, екінші жері жарылып жатады...Не күтуге болады? Кез-келген істе мүлікті тапсыру кезінде оны алдымен жөндейді ғой. Ал кезінде ПИК-тің қолына не тиді? Шіріген заттар ғана! Соның тұрғанына да рахмет. Бәрін түбегейлі өзгертетін уақыт келді, реформа қажет. Меніңше, мемлекеттің қатысуын қайтару керек секілді. 

 

ПИК-ке арналған инспекция

Қызмет етіп жатқан тұрғын үй инспекциясына оралайық. Гүлнар Салихова айтқандай, бұл құрылымға кондоминиум нысандарын тексеру, ол жерден кез-келген құжаттарды сұрату, жалпы тұрғын үй қорын ұстау ережесінің сақталуына бақылау жасау құқығы берілген.

– Ереже бұзушылық анықталды делік.

– Олар активтендіріліп, инспекция тұрғын үй қорын ұстау ережесінің бұзылуын жою туралы ұйғарым енгізеді. Оны орындау міндетті, ал тексеру туралы есептеме жергілікті атқарушы органдарға түседі. Ал олар, өз кезегінде, төрағаны жұмыстан шығаруға дейінгі әрекет ету шараларын ұсына алады.

– Тексерулер қалай жиі жүргізіледі?

– Жоспарлы – орташа алғанда жылына екі рет, ал кезектен тыс – шағымдар мен апатты жағдайларға байланысты жүргі-зіледі.

- Төтенше жағдайларда тәуелсіз куәгер ретінде адамдар бұған осы инспекцияны араластыра ала ма?

– Иә. Ол үшін комиссияға жазбаша түрде хат жолдау керек.

– Қайда қоңырау шалады?

– Комиссия тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық құрылымы болғандықтан, сол жерде отырады, телефон нөмірі 25 46 33.

– Сіздің өзіңіздің байланыс телефондарыңызды айта кетсеңіз.

– Менің жұмыс телефоным – 75 51 75, ал үй телефонын бүкіл қала онсыз да біледі: 32 94 57.

 

Жаны ашитындар

Жүйенің кемшіліктерін өсу қиындығына балауға болмайды: коммуналдық өзін-өзі басқару саласы Қазақстанда 1994 жылдан бері қызмет етеді. Ол кезде, 18 жыл бұрын, меншік пәтерлерінің кооперативтерін құрған мемлекет миллиондаған шаршы метрлерді дербес қызмет көрсетуге бөліп, азаматтар алдындағы көп міндеттемелерінен босаған болатын. Біздер сөйтіп «үлкен ағайдан» айырылдық, бірақ түрлі пошымдағы кішкентай билеушілер пайда болды. Есесіне оларды өзіміз таңдайтын болдық. Алайда мұндай анархия да көңілден шығар емес. Пәтердің меншік иелерінің жеке проблемалары мемлекеттік машинаның ауқымды наразылығына ұласу қаупінде тұр. Ал ол созылмалы науқасты мұқият емдеуді қолға алды: антибиотиктер курсы – термомодернизациялау науқаны басталды. Келесі қадам – тұрғын үй комиссиясы түріндегі бақылауға ұқсайды. Алайда тұрғын үй коммуналдық бөлімдерінің бұрынғы күйіне оралуы неғайбыл: мемлекет үшін бұл жүк ауыр. Соңғы кездері пәтердің меншік иелерінің кондоминиумды дербес басқару формасы өзін ақтамады деген пайымдаулар жиі айтылып жүр. Енді коммерциялық құрылымдармен – басқарушы компаниялармен (бұлар термомодернизациялау жобасын жүзеге асыруда) бірігіп жұмыс жасау орынсыз дегенді айта бастады. Қалада осындай қызмет көрсетудің мысалдары жеткілікті. Әдетте, бұлар тұрғын үй кешендері. Сол үйлерді салған компаниялар оларды басқаруды жалғастырады. Осындай бизнес қожайындарының бірі қымбат тұратын жабдықтары бар шаруашылық блоктарын көрсетіп: «мен бұл қазандықтар мен сорғыларды ПИК деп аталатын қайдағы бір кеңсе бір күннен кейін талапай етсін деп сатып алған жоқпын» деген еді.

15 ақпан 2012, 20:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.