Атырау, 23 қараша 23:45
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Жедел жәрдем» жылдамдығы артқан ба?

5 368 просмотра

Биылғы қыс редакцияға «жедел жәрдем» жұмысына шағым айтқан бірде-бір қоңырау шалынбаған жыл болды. Тіпті, таңғаларлық жағдай.

– Жұмыс жасап жатырмыз!– дейді мақтау сөзге қуанғанын жасырмаған қалалық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Мақсот ЕСЕЕВ. – Енді жағдай бұдан  да жақсаратын болады, жыл аяғына дейін бригадалар санын 20-ға  (норматив бойынша бір бригада 10 мың адамды қамтуы тиіс) дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз.

Оның айтуынша, сол кезде дәрігерлерге де олардың пациенттеріне де жеңіл болмақ.

– Орта буын медициналық қызметкерлерді – фельдшерлерді жергілікті медициналық колледж  дайындайды, сол колледждің түлектерін шақыратын боламыз, - дейді Мақсот Есеев. -  «Жедел жәрдемде» фельдшерлерге дәрігерлік көмек көрсетуге рұқсат береді. Оларды  аттестациядан кейін оларды штатқа аламыз. Бұл жастар үшін жақсы мүмкіндік: тәжірибе жинақтайды, еңбекақысы да жаман емес, «жедел жәрдем» қызметкерлерінің жалақысына қосымша және үстеме ақылар қосылады.

– Пациенттердің – балалар, жүкті әйелдер, жүрегі ауратындар секілді санаттарына қызмет көрсететін маман-дәрігерлері бар бригадалар бар ма?

– Бізде екі педиатриялық және тек бір ғана кардиологиялық бригада бар: кардиолог-дәрігерлер жетіспейді. Алайда, біз пациентерді  мамандандырылған бригаданы күтуге мәжбүрлемейміз: кез-келген бос машина бара береді, ал, салалы мамандарды, егер фельдшердің біліктілігі жетіспей жатқан жағдайда ғана шақыртатын боламыз.

Қазір шақыртуларға әрбір тәулік сайын 13 бригада шығып жүр. Ауа-райы салқындағалы бері шақыртулар саны көбейді, тәулік сайын 320-340  қоңырау түседі, ал, демалыс күндері  оның саны 400-ге дейін жетеді. «Жедел жәрдем» көбіне дене қызулары көтерліген бүлдіршін-дер мен қан қысымы артқан және созылмалы сырқаттары асқынған егде адамдарға барады. Қалалық жедел жәрдем стансасының балансындағы 34 автомашинадан  жүріп тұрғаны тек 14-ті ғана, ал, қалғандары  есептен шығарылмақшы не болмаса жөндеуді қажет етеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 ақпан 2012, 20:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.