Атырау, 26 сәуір 20:15
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қарыз қорқынышты емес!

1 008 просмотра

Атыраулықтар несиемен өмір сүргенді жөн көреді

Ұлттық банктің Атырау филиалының бағамдауынша, біздің жерлестерімізде экономикалық дағдарыстың екінші толқынына қатысты мүлдем абыржу байқалмайды. Адамдар несие алуды жалғастырып қана қоймай, қарызды алған үстіне ала түсуде.

Аймағымыздағы клиенттердің банкпен өзара қарым-қатынас құрылымын филиал директоры Қозыбақ ҚҰЛБАРАҚОВ таң қаларлық деп есептейді: адамдар қарызды қуана алады, бірақ ақшаларын депозиттерге сақтауға келгенде сақтық көрсетеді екен. Ал төлем кәртішкелеріне халық қауіппен қарап, бүкіл жалақысын бірден түсіріп алғанды жөн санайды.

Несиелер

2010 жылы тұтынушылық мақсатта (тойлар мен түрлі сатып алатын заттарға деп есептеңіз) атыраулықтар 19 млрд теңге, ал өткен жылы 36,9 млрд теңге несие алған. Баспана сатып алу мен салуға өткен жылы бар болғаны 8,5 млрд теңге несие берілген.

– Банктер ипотекалық несие беру шарттарын күшейтіп жіберді деп айтуға болмайды, -дейді Қозыбақ Әбуұлы. – Тойға немесе баспана сатып алуға несие алу туралы таңдау тұрса, біздің адамдар тойды таңдайды. Екінші деңгейлі банктердегі несиенің орташа сомасы ел бойынша бір қазақстандыққа 70 мың теңгеден келеді. Ал біздің облысымызда бұл көрсеткіш 95 мыңға жақындайды. Банктер қуана жұмыс істейтін ақшалы мұнайшылардың арқасында біздер алдыңғы орынды иелендік. 

Төлем кәртішкелері

Көбінесе атыраулықтар оларды тек қолма-қол ақшаны түсіру үшін (жылына 6,9 млн транзакция) және сирек – тауарлар мен қызметтерге қолма- қол ақшасыз төлемді жүзеге асыру үшін (0,9 млн транзакция) пайдаланады.

Депозиттер

Банктердің депозиттерге ақша тарту процесі өткен жылы бүкіл ел бойынша баяу жүрген. Бірақ біз бұл жерде де ерекшелене алдық. Егер бүкіл ел бойынша алып қарайтын болсақ, әрбір қазақстандыққа орташа алғанда депозиттен 318 мың теңгеден, ал Атырау облысында 189 мың теңгеден келеді.

Валютаны сатып алу-сату

Қолма-қол шетелдік валюта нарығы өткен жылы өте белсенді болды. Халық 609,5 млн доллар сатып алды, бұл 2010 жылға қарағанда 30 пайыз көп. Айырбастау қосындарына 108,6 млн доллар тапсырылды. Өткен жылы еуроны сатып алу көлемі 54 пайызға өсті. Банкирлердің пікірінше, бұл көрсеткіштерге біз туристердің арқасында қол жеткізе алдық. Олар Түркиядан жалығып, енді еуропалық курорттарға, атап айтқанда Испанияға назар аударыпты. Ал Ресеймен бірыңғай кедендік аймақта болу, әрине, рубльдің сатып алу мен сату көлеміне әсер етеді. Халық 670,5 млн сатып алып, 242 млн рубль сатқан.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 ақпан 2012, 20:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.