Салты бөлек той: қолдаймыз ба қайтеміз?
«ЖиН» тобы- күйеу бала мен қалыңдық сахнада тұр: күйеу жігіттің қолында микроофон, қалыңдық соқпалы аспапта, екеуі бірігіп рок музыкасын ойнауда. Бұл келемеж де, қойылым да, Гарик Сукачевтың пародиясы да емес. Алайда жаңа отбасының «Моя бабушка курит трубку в суровый моряцкий затяг…» деген әнұраны – соның әні. Кристина мен Сағдат өздерінің көңілді тойларын осылай атап өтті. Бұл меймандардың көпшілігі үшін жағымды тосын сый болған еді.
Неке себетіндегі миллион
Ерлер мен әйелдер үшін үйлену тойы өмір айдынында жалғыз жүзуден синхрондық жүзуге ауысуды білдіреді. Осы оқиғаға байланысты қонақты көп шақырып, спирттік ішімдік ішіп, тәтті торт жеу арқылы қорқыныш сезімдерін басқаларымен бө-лісуді жөн көреді. Мұндай салтанат сценарийінің орнығып қалғаны сондай, сәл ғана ауытқудың өзі отанына опасыздық жасағанмен тең болады. Дегенмен де, ғасырлық жарғыдан аттап өтіп, тойды туыстары мен көршілеріне ғана емес, өздері үшін жасайтын батыл жандар да табылып жатады. Ең алдымен бұл солардың мерекесі ғой.
Бұған түрліше қарауға болады, бірақ мұндай той ұмытылмас әсер қалдыратыны сөзсіз. Ал «өзіңе арналған тойда» үнемдеуге бола ма, яғни анағұрлым қолайлы, бірақ кем түспейтін шаралар ұйымдастыруға бола ма?
«Наурыз» ивент-агенттігінің қызметкері Жанна тойды дәстүрлі емес стильде өткізу – қымбат немесе өте қымбат тұратынын бірден айтты. Біздің елімізде дәстүрдің күштілігі сондай, олардың агенттігі мұндай тойдың тек бесеуін ғана өткізген екен. Сондықтан, тойлардың тақырыптық сценарийлері өте сирек қажет болатын көрінеді.
– Біз қазақ және таза американ дәстүрін қамтыған қазақ-американ тойын өткіздік, - деп әңгімелейді Жанна. – Оскар салтанаты стиліндегі «Голливуд-стайл» тойына астаналық туысқандары атыраулық жұп үшін тапсырыс берген еді. Күйеу жігіт пен қалыңдық сол кезде шетелде жұмыс істеп жүрген болатын. Салтанатқа бірер күн қалғанда отанына келген олар өздеріне арналған биді үйреніп алды. Тойдан кейін қайтадан кері кетіп қалды. Таза қазақы дәстүрдегі тойды да өткіздік. Ең таңқаларлығы – бұл біз үшін ұйымдастырылуы жағынан ең қиын және ең қымбат тапсырыстардың бірі болды. Жұмыс ауқымын елестетіп көріңіз: тіпті ұлттық стильдегі той киімін дүкеннен сатып ала алмайсыз. Олар Алматыда тігіледі. Оны киіп көру үшін жұп сол жаққа барып келеді. Тойдың өзіне келер болсақ, тұтас жоба жасау керек болды. Өйткені 300 адамға есептелген тойды қала шетіндегі кемпингте, далада өткізу керек еді. Мейрамхана залының орнына киіз үй ұйымдастырылды. Сол үшін ол жерге үстелдер, декорлық және тойды безендіру заттарын апардық. Ас мәзірін және оны сол жерге жеткізуді, тойды көтермелеп, жақсы көңіл-күй сыйлау үшін әртістер мен той жүр-гізушілерді жалдауды ойластыру керек... Бір тұтас ауылды құрғандай болдық. Жұп шетелдіктермен жұмыс істегендіктен, күйеу мен қалыңдық меймандарға нағыз қазақ тойының атмосферасын сыйлағысы келді.
«Техастық» және «корольдік» стильдегі тойлар да болды.
Мұндай салтанаттардың бюджеті – алуан түрлі, бірақ дәстүрлі тойлардың бюджетінен жоғары болады. Тәжірибем бойынша айтсам, 100-150 кісілік орташа тойға кем дегенде миллион теңге кетеді. Ең қарапайым деген тойға шамамен 700 мың теңге жұмсалды, бірақ онда кісі өте аз болды.
Басты рөлде –алмалар
«Ивент-продакшн» агенттігіндегі Динара атыраулықтар өзгеше, экзотикалық корпоративтік кештерді көңілді етіп өткізетінін, бірақ тойға қатысты кертартпа көзқараста екендігіне өкініш білдірді. Өткен жыл бойына оның агенттігі өзгеше деп атауға болатын тек бір той ғана өткізіпті. Ол «алма» деп аталған, өйткені бүкіл орынжай мен үстелдерді безендіруде алма түстес жасыл рең қолданылған. Күйеу жігіттің галтугі де сол түстес болып, декор элементтері ретінде алмалар пайдаланылыпты. Өзгешелік осы ғана, басқалай той дәстүрлі түрде өткен.
Динара үстел жәшігінен жаңа ғана басылған «Алиса ғажайыптар елінде» деп аталатын тақырыптық тойдың сценарийін шығарды. Кэрролдің кейіпкерлері стиліндегі мерекеге тапсырыс берушілер әзірге бола қоймайды деп есептеймін.
– Иә, бізде мұндайды таңдамайтын шығар. Ал Ресейде осындай екі той өтіпті, - деп күрсінді қыз. – Біздің адамдар ақшаны «жеңіл-желпі нәрсеге» шашуға әлі үйренбеген, ал мұндай тойдың әсері ұмытылмайды емес пе?!
Той шығынын, әдетте, ата-аналары, басқа буын өкілдері көтереді ғой. Олар үшін маңыздысы – «құдалар секілді немесе олардан да асып түсетіндей» той жасау. Ал жастардың өздері, ивент-агенттіктегілердің айтуынша, пішімге сай келмейтін некелесуден бас тартпайды. Бірақ аға буын өкілдері оларға көздерін ежірейтіп қараған сәтте, әке-шешелерінің айтқанының бәріне келісуге дайын болады, тек олар үйленуге рұқсат берсе болғаны.
Мен бәрібір тойға барамын!
Өткен аптада қалада жаңа отбасы дүниеге келді. Олардың үйлену тойларын тойға шақырылғандар ұзақ естеріне сақтайтын болады. Жұртшылықтың көңілін көтерген асаба теңеуді аямай төкті:
– Бұл революциялық той! Олар өз уақытынан аттап өтті. Мұндай шаралардың түсінігі бізге 5-7 жылдан кейін ғана келеді. Мен 15 жылдан бері той өткізіп келемін. Оның он жылы Ресейде өтті. Бірақ мұндай тойды алғаш рет көріп отырмын. Бәрі де сауатты жасалған сценарийдің арқасында. Ол нота секілді орын-орынымен қойылған, бірде бір бос минут, тыныштық, мүдіріп қалған сәттер болған жоқ. Бірақ бұл - қалай дегенмен де балабақша емес. Той бойына жағалай үйлесімді және өте көңілді қойылымдар болды. Табысқа жету жолы мынада – үлкен, тату отбасындағы әрбір жан идеяға беріліп, бар күштерін салған.
Асабаны жалпы атмосфера да баурап алыпты: кеш соңына қарай ол классикалық пиджагын шешіп тастап, Че Гевараның суреті салынған қызыл футболканы киіп алды да басқаруды жалғастырып кетті.
Ал қолына саусақсыз қара қолғап (митенка) пен аппақ көйлегінің астынан аяғына қара ботильон киген, бірақ бетіне орамал жапқан (дәстүрге сай) қалыңдық залға үлкен байкамен байкердің артқы жағына мінгескен күйінде кіріп, таң қалған меймандарға құрмет шеңберін жасапөтті. Рок стиліндегі беташар осылай басталды. Бұл кеште домбыра демалып, беташардың дәстүрлі мәтіні электрлі гитарамен орындалды. Күйеу жігіттің інілерінің бірі осы оқиғаға арнап рок-тобын алып келіпті. Бір сөзбен айтқанда, бұл той жаңа, дәстүрлі емес сарындағы рок пен қазақ дәстүрінің ғажайып қоспасы боп шықты.
Жалпы тойлардың барлығы музыкалық клипті еске түсірді. Ультрамини киген меймандар (қалыңдықтың жасы – 21-де) мен тар джинсы киген (күйеу жігіт бірер жас үлкен) жігіттер дискотекадағыдай хип-хоппен сауық-сайран салды. Одан үлкендер жағы да назардан тыс қалмады. Зал ретро, диско және хип-хоп боп үш секторға бөлінді. Музыкалық үзілістер де әр буын өкілдеріне жақын тректерден ойналды.
Ұйымдастырушылардың құрметіне үлкендерден бірден кешірім сұрап, бірақ мерекенің ең алдымен жастарға арналғанын түсіндіріпті. 60-тан асқан жастағы меймандар арасында естен танып құлаған жан болмаған. Атайлар мен әжейлерден «бұл балаганнан» кетіп қалыңдар деп әлденеше рет айтылса да, қариялар құлақ аспай, тек түнгі сағат 3-те ғана үйлеріне тарасқан.
Барлық жағынан өзгеше ұйымдастырылған тойдың бюджеті 150 қонаққа 1,2 млн теңгеге шыққан.
– Бұл негізінен күйеу бала мен қалыңдықтың бастамасы мен шығармашылық қабілетті-ліктеріне байланысты ұйымдастырылды, - деді күйеу баланың туысқандарының бірі. – Нө-мірлер, сценарийлер, қойылымдар, безендіруді олар өз мойындарына алды. Олар өз тойларында жасалатын шаралардың 90 пайызын өздері орындады: ән айтты, биледі, пародия жасады... Бір сөзбен айтқанда, тікелерінен тік тұрып, қолдарына бокал ұстап, ұзын-сонар тілектерді тыңдаған жоқ. Тойда бірде-бір шақырылған әртіс болған жоқ, бірақ оны ешкім де байқамады. Жұптардың достары мен жас туысқандары да тойды қыздырды. Жалпы бұл party, дәлірек айтқанда «ең үздік күн» деген атауы бар той кеші болды.
Осы тойда, тіпті, жаңа жоралғы туындаған секілді: қалыңдықтың той гүлін бойдақ жігіттер анталап күтіп тұрды. Оны құда бала қағып алып, қалыңдықтың құрбысына беріп, оған үйленуге уәде берді. Олар қандай той жасайды екен, қызық?
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Бәріне жағу міндет емес
Руслан – тағы бір батыл жігіт: өзінің үйлену тойына жастары 40-тан аспайтын қонақтарды шақырған.
- Бәрібір жұрттың бәріне жаға алмайсың: қалай еткенде де бір мін табады. Сондықтан тойға көп адам шақырмау менің өз шешімім болды. Біздің тойда бар болғаны 80 адам жиналды. Бозбала кезімде үйленген жоқпын, жасым 36-да болды, қалыңдығым 29 жаста еді. Өз мерекеміздің шығынын өзіміз көтердік, сондықтан туысқандар тарапынан ұсыныстар болған жоқ. Үнемдеу мақсатында емес, 300 адамға арналған қарапайым тойларға шығындалғанша, өзіміз қалағандай салтанатты ұйымдастырғанды жөн көрдік. Беташар жасаған жоқпыз, қаланы аралап серуендеген жоқпыз, қалыңдық үлпілдеген, ақ кринолин көйлекке малынып жүрген жоқ... Біз итальяндық «Дольче вита» мейрамханасының залына тапсырыс беріп, өз жанымызға жақын жандардың ортасында жағымды кеш өткіздік. Мұны өте американдық той болды деп айтып жатты. Мен өзім үшін «жарқын той» деп атадым: ешқандай жүгіріс те, үлкен туысқандардың алдында мәймөңкелеу де, дәстүр, салт-жоралғылар да болған жоқ.
Дүние жүзін көп шарладым, көп нәрсені көрдім, маған батыстың мәдениеті ұнайтынын мойындауым ұят деп есептемеймін. Олардан үлгі аларлық нәрсе көп, дәстүрден қатып қалып айырылмау міндет емес қой. Бұл шаңырақ көтеріп жатқандардың мерекесі. Меніңше, некелесушілердің мүдделерін ысрып қойып, бүкіл туысқандар мен таныстар үшін мәні жоқ шуылды ұйымдастыру дұрыс емес деп ойлаймын.