Атырау, 19 желтоқсан 20:11
 бұлттыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Айсұлтан неге айтқышқа айналды?", "Н.Галихин Ресейге тыңшылық етуi мүмкiн бе?", "Билік жағымсыз комментарий авторларын анықтағысы келеді", "Сирияның мәселесін неге Астана шешеді? Шеше ала ма, өзі?", "Виталий Родос: "Жендеттің ұлымын""

2 187 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Айсұлтан неге айтқышқа айналды?" - Бiрiмен-бiрi iркес-тiркес өтiп жатқан билiктегi тұтқындаулар мен Ақордадағы аласапыран сарапшылардың ең жиi талқылайтын тақырыбына айналды. Көптiң көңiлiн алаң еткен мәселеге қыл аяғы президенттiң жиен немересiне дейiн пiкiр бiлдiрдi. Әрине, ықпыл-жықпылы көп үлкен саясаттың қалтарыс-бұлтарысына Айсұлтанның көзiмен қарауға болмайды. Сондықтан оның аузынан шыққан сөзге мән бермес те едiк... егер елдi елең еткiзген бiрер пiкiрi болмаса.

"«Бопсалау» және билiктегiлердiң бәйек қағуы" - Әуелде 2016 жылдың 15 қарашасында Central Asia Monitor газетiнiң бас редакторы әрi Radiotochka.kz порталының директоры, 61 жастағы Бигелдi Ғабдуллиннiң ұсталғанын жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросы хабарлаған сәтте журналистика саласында жүргендер “бұл қалай?" деп таңырқап қалған едi. Оның үстiне жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Ғабдуллин мемлекеттiк қызметкерлердi ақпараттық шабуыл арқылы бопсалап, газетi мен сайтына мемлекеттiк тапсырыс алғанын хабарлағанда “Сонда сыни мақала жазу айып па? Сөз бостандығы қайда қалды?" деушiлер де шықты.

"Н.Галихин Ресейге тыңшылық етуi мүмкiн бе?" - Президент әкiмшiлiгi жетекшiсiнiң бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевпен бiрге ұсталған осы мекемеде iшкi саясат бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары болған Николай Галихин Ресейдiң мүддесiне жұмыс iстеген болуы мүмкiн. Олай деуiмiзге қылмыстық кодекстiң “Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату және жариялау" бабымен айыпталған 53 жастағы Н.Галихиннiң әлеуметтiк желiдегi парақшаларының мазмұны түрткi болды. Бiрден айта кетейiк, Н.Галихин туралы мәлiметтер табу қиын-ақ болды. Елдегi iшкi саясаттың құлағын ұстаған адам көптiң көзiне түспеген, жариялылықтан аулақ жүрген. Журналистерге сұхбат беруден бойын аулақ салған.

AZATTYQ.ORG. "Билік жағымсыз комментарий авторларын анықтағысы келеді" - Қазақстанда веб-сайттардың комментаторларын телефон нөмірлері бойынша анықтауды ұсынады. Заңға енгізу ұсынылған түзетулерді мақалаларға қатысты жазылған жағымсыз комментарийлердің "қызуын" түсіру қажеттігімен түсіндіреді.

"Виталий Родос: "Жендеттің ұлымын"" - Виталий Родостың әкесі Борис Родос Совет Одағын диктатор Сталин билеген тұстағы ең қатігез әрі қаныпезер жендеттердің бірі болған. Ол өмір бойы әкесінің бұл жолға неге барғанын зерттеумен келеді.

365INFO.KZ. "Сирияның мәселесін неге Астана шешеді? Шеше ала ма, өзі?" - Қаңтардың 23 күні Астанада Сирия бойынша келіссөздер өтеді. Аталған кездесу қаншалықты нәтиже береді және бұдан біздің елге қандай пайда бар?

ҚАЗТАГ. "Евгений Жовтис: «Күдіктілер туралы» анонимді хабар беруді ынталандыру - меморгандардың әлсіздігінің көрсеткіші" - Қазақстан бас прокуратурасы өздерінің порталында экстремизм мен терроризмнің көріністері туралы анонимдік хабар алатындығын жария етті, тіпті ол үшін арнайы бөлім құрды. Онда өзің туралы мәліметтер көрсетпей-ақ, «тұратын мекен жайы не жұмыс орнында пайда болған, өзіне назар аударғысы келмейтін және жасырын өмір сүруді ұнататын күдікті тұлғалар туралы» хабар айтуға болады. Осындай бұлыңғыр көрсеткіш бойынша кімді болса да айыптауға болатынына келісерсіз. Осындай анонимдік белсенділік неге апаруы мүмкіндігі туралы біз құқық қорғаушы Евгений Жовтиспен сұхбаттасқан едік.

QAMSHY.KZ. "Қазақстан шенеуніктерін не себепті жаппай тұтқынға алып жатыр?" - 2017 жыл билік басындағы шенділердің тұтқынға алынуы мен конституциялық реформадан басталды. Бұл жайында Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаев елімізде «халық жаулары» бар деп мәлімдеді. Қазақстанда не болып жатыр? Бұл жайында lenta.ru хабарлайды, мақаланың қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

"Назарбаев билігінің істі болған танымал шенділері кімдер?" - Қазақстан дербес ел болғалы экономикалық дамуына тұсау болып келе жатқан жемқорлық кеселінен әлі арыла алмай келеді. Оған қадам жасалмады емес, осы күнге дейін онымен күрес жалғасып та жатыр. Соңғы 20 жылда президент әкімшілігі, үкімет, ұлттық компаниялар, түрлі органдарда жоғары лауазымда отырып істі болғандар саны жетерлік. Бірақ, әзірге одан нәтиже болмай тұр.

TURKYSTAN.KZ. "Аграрлық білімнің бәсі неге төмен?" - Ауыл шаруашылығының арқасында экономикасын берік ұстап отырған мемлекеттерді әлі үлгі етіп келеміз. Қазақстанда бұл саланың тым баяу дамуына кім кінәлі? Расында, ауыл шаруашылығымен айналысатын мамандар бар ма, болса, жеткілікті ме? Аграрлық университеттер ауыл шаруашылығы саласын аяғынан тік тұрғызып, қажетті маман дайындап, оларды дұрыс бағыттау арқылы еліміздің экономикасына айтарлықтай үлес қосуға қауқарлы емес пе? Бірақ аталмыш оқу орындары бұл міндетті қаншалықты атқарып отыр?

"Давос форумы: Көшбасшылықтың белгісі қандай?" - Швейцарияның Давос қаласында жыл сайын өтетін Дүниежүзілік экономикалық форум 17-20 қаңтар аралығында өз жұмысын бастады. Биыл форум 47-ші рет ұйымдастырылып отыр. Ал алқалы басқосуға әлемнің 90 елінен 3 мыңдай делегат жиналған.

QAZAQUNI.KZ. "Салафизмді қабылдаған адам мәңгүртке айналады – дінтанушы" - Дін апиын ба осы? Салафизмнің жастардың басын айналдырып алатын қандай құдіреті бар? Құранды тура мағынасында түсінудің астарында не жатыр?


19 қаңтар 2017, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.