Атырау, 29 наурыз 06:07
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Халық көзiмен»

2 709 просмотра

Кәсіпқой фотографтарды, сонымен қатар талантты фотоәуесқойларды «АЖ»-ның фотобәйгесіне қатысуға шақырамыз.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

1. Қатысушы туралы ақпарат(аты-жөні, жасы, кәсібі, тұрғылықты жері, фотосуреті).

2. Бір автордан – 5 фотосуреттен көп болмауы керек.

3. Фотосуреттің атауы

4. Жанрды көрсетуі қажет:

– пейзаж

– портрет

– спорт

– саяхат

– жануарлар әлемі

– репортаж

– натюрморт

5. Бір фотосуреттің көлемі

1 мегабайттан аспауы керек.

6. Өлшеміі - 300 dpi-ден кем болмауы тиіс.

7. Өлшемі – қалауы бойынша.

8. Фотосурет алдын-ала  Photoshop бағдарламасымен өңделген болуы (реңі, кереғарлығы, ашықтығы түзетілуі) тиіс. Бояп өңдеуге (ретушь) болмайды.

9. Түсірілім жағдайы мен орнының қысқаша сипаттамасы.

Конкурс шарттарына (5 фотосуреттен көп, өңделмеген, қатысушы туралы ақпарат берілмеген және т.б.) сай келмейтін өтінімдер қаралмайды.

 

Бәйгені өткізу ережесі:

Алдын ала қорытындылар ай сайын жасалатын болады. Конкурсқа қатысушылар жолдаған фотосуреттер газет бетіне және www.azh.kz сайтының «Фотовзгляд» бөліміне жарияланады.

 

Жеңімпаздар маусым айының аяғында анықталады.

Сыйлықтар:

1-орын – фотокамера.

2- орын – фоторюкзак.

3-орын – кәсіби таған (штатив).

«Фотоконкурс» деген белгі қойылған өз жұмыстарыңызды photo@azh.kz мекен-жайына жолдай аласыздар.

9 ақпан 2012, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.