Атырау, 28 қараша 00:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ит төлеуі бір күшік немесе Адамбаев хатына жауап бола ма?

4 096 просмотра

Фото: Tengrinews.kz

Танымал актер әрі продюсер Нұртас АДАМБАЕВ Атырау облысындағы бұралқы иттер атылған бейнежазбаға қатысты ойын білдірді. Алайда Астрахан трассасының ахуалын сынға алған ресейлік әріптесі Станислав ЯРУШИННЕН айырмашылығы («Әкімдік «Универдегі» студентке жауап берді») оған жергілікті биліктен жауап болмады.

Бұдан бұрын әлеуметтік желідегі өз парақшасында Нұртас Адамбаев Атырау хореографы және танымал жануар қорғаушы Венера МАНАСОВАНЫҢ желіге салған бейнежазбасымен бөлісіп, #неубивайтесобак деген хештегпен Атырау облысының әкімдігіне арнаған хатын жариялады.

– ...Мұның бәрін балаларымыз көреді. Осынау көріністен кейін олардың санасында нелер пайда болады?.. Біз жануарларға деген көзқарасымызды түбегейлі өзгертуіміз керек деп есептеймін. Репост туралы сирек өтінемін, бірақ бұл жағдайда өтініп отырмын. Атырау облысы әкімдігіне жетсін. Егер облыс басшысы араласса, ахуалдың өзгеретіндігіне сенімдімін!

Атап өту керек, Еркінқалада жеті жасар баланы иттер талап тастап («Еркінқалада баланы қаңғыбас иттер талаған»), ол клиникалық өлімді бастан кешіргеннен кейін («Еркінқалада ит талаған бала клиникалық өлімді бастан кешірді») бұралқы иттерді жапай ату ұйымдастырылған болатын.

Мен Нұртас Адамбаевқа хабарласып, жергілікті биліктің оның хатына еш жауап бермегенін білдім. Дегенмен, облыстық әкімдік жанама түрде өз ұстанымын бұдан бұрын білдіріп, жергілікті БАҚ-тарға жыл сайын қаңғыбас жануардарды жоюға бөлініп тұратын соманың мөлшері туралы ақпарат таратқан болатын. Біздің неліктен қаңғыбас жануарларды аулау жұмыстары жүйелі сипатта емес, тек осындай төтенше жағдайлардан кейін неліктен жапатармағай кіріседі деген сұрағымыз да жауапсыз қалды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 қаңтар 2017, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.