Атырау, 27 қараша 15:52
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Еркінқалада ит талаған бала клиникалық өлімді бастан кешірді

3 903 просмотра

Image 1

Еркінқалада ит талаған баланың жағдайы «тұрақты ауыр» болып қалуда.

Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Орындық СИПЛОВАНЫҢ айтуынша, баланы 6 қаңтар күні сағат 12.15-те жедел жәрдем көлігімен стационарға әкелген. Бала клиникалық өлі күйде болған. Дәрігерлер балада тыныс алу тоқтағанын белгілейді, жүрек бақыланбаған. Оның бүкіл денесінің әр жерінде жарақаттар болған және көп жері жыртылған. Жансақтау шараларының нәтижесінде жүрек іске қосылып, пациентке өкпесін жасанды тыныс алдыру аппаратын қосады. Бір тәуліктен кейін оның жағдайы тұрақталып, өздігімен дем ала бастаған. Кейін оны жансақтау бөлімінен травматологиялық бөлімшеге ауыстырады. Бірақ, баланың жағдайы әлі де ауыр.

Естеріңізге салсақ, 2016 жылы Атырау облысында жануарлардың шабуылынан 1 494 адам зардап шеккен. Пациенттердің басым бөлігін – 88,9 пайызын иттер қапқан, мұндай жағдайда қаңғыбас иттер көп қауіп төндіреді. 8,1 пайыз жағдайда пациенттер мысықтардан, 1,7 пайыз – ірі мүйізді қарадан және 0,3 пайызы – жабайы жануарлардан зардап шеккен.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 қаңтар 2017, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.