Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі Еркінқаладағы 7 жасар баланың қазасы туралы WhatsApp арқылы таралған «ақпаратқа» комментарий берді.
Кеше кешкісін Атырау тұрғындарына түрлі дене жарақатымен облыстық балалар ауруханасына түскен баланың есін жимастан көз жұмғаны туралы ақпарат таралды. Аудиохабарламада балаға қатысты сұмдық қылмыс жасалғаны туралы айтылады. Баланың ата-анасы бұл хабарламаға ренішті.
- Баланы қаңғыбас иттер талап тастаған. Куәгер бар. Бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты, - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА.
Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Зульфия ИСКАЛИЕВА