Атырау, 24 қараша 00:49
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Индерге қауiп тұз шахтасынан келмесiн

4 315 просмотра

- Бергей СӘУЛЕБАЙҰЛЫ, ашық-шашық жатқан тұз шахтасы туралы  «АЖ» газетінде мәселе көтерілді. Мен де проблемасы мен қауіптілігін айтып, Сіздерге хат жолдағанмын. Бірақ содан жауап жоқ,-деді геолог Хасан ҚАМАШЕВ.

- Бірде-бір хат аяқсыз қалмайды. Бұл мәселе ойластырылып жатыр,-деп мәлімдеді облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ.

(Қаңтардың 25-сі күні облыс әкімі Бергей Рысқалиевтың  аудан активтерімен кездесуінде болған әңгімеден үзінді).

Кеңестік дәурен кезінде дүрілдеп жұмыс жасаған шахтаның пайдасы мен тарихын бұдан бұрын да жазғанбыз. Индербор поселкесінен 25 шақырым қашықтықта орналасқан, тереңдігі 300 метр болатын №99 тұз шахтасында шамамен 3 млрд. тонна борлы-калий ас тұзы, бишофит бар көрінеді. Тіпті медиктер демікпе (астма) ауруына шахта пайдалы екенін дәлелдеген.

Бүгінгі күнде осыншама байлықтың аяқ астында жатқаны емес, бұрынғы шахтаның қауіптілігі адамдарды шошындырып тұр. Соңғы рет шахтаның ас тұзын өндіру бойынша 2003 жылы Атырау облысының мұнай кешені, сыртқы экономикалық байланыстар және инвистициялық саясат басқармасы мен «Индер-Салт» ЖШС арасында жиырма жыл мерзімге жер қойнауын пайдалану жөнінде келісім-шарт жасалады. Бірақ 2007 жылы келісім- шартта көрсетілген міндеттемелерді орындамауына байланысты табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу Департаментінің бұйрығымен келісім-шарт біржақты тәртіппен бұзылады. Содан бері шахта иесіз жатыр.

Ғимараттар қиратылып, бұзып әкетсе, авариялық басқышпен кабельдерді, құрал-жабдықтарды түсті металл есебінде ұрлаған. Жерастына түсетін лифт тоналған, аузы үңірейіп  жатыр. Авариялық басқыш та өртенген аңырайған күйде.  Шахтада метан газ жиналған, оған біреу от тастаса онда үлкен қопарылыс болады (Шахтаның жер асты көлемі 56 км. ұзындықта жатыр.- Л. Қ.).  Бұрынғы аудандық прокурор Асқар ӨТЕБАХОВ шахтада 5 620 кг аммонит, 5 324 дана электродетанатор барлығын айтқан болатын. Бейресми мәліметтер бойынша тонаушылар осыдан да жымқырған деседі.

Оттың көздерінен немесе қысымның нәтижесінде жарылып кету қаупін туғызып, яғни техногендік сипаттағы жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкіндігін мамандар жариялап отыр. Шахтаның ішіне түсу мүмкін емес, басқыштар түгел өртенген.   

Аудан прокуроры Нұрлан УМИРЗАХОВбұл мәселе аяқсыз қалмайтынын, талдау жүргізілетініне уәде беріп отыр. Батыс Қазақстан Жер қойнауы өңіраралық басқармасы шахта биыл консервацияға қойылатыны хабарлады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 ақпан 2012, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.