Атырау, 19 желтоқсан 22:44
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Тіркеу дауы", "Шетел грантын алушыларды салық төлеуге міндеттеді", "Жyйенің құлы болғандарды ұлы санаймыз. Алашордашыларды ше?", "«Дональд, сені мұндай деп ойламаппын». Сорос Трамптың құпиясын ашты", "Саддам Хусейннің алтыны қайда?",

2 198 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Тіркеу дауы" - "Еркін сөз" хабарында заңгер Мұқан Нұрлыбаев пен журналист Есенгүл Кәпқызы Қазақстанда күшіне енген уақытша тіркеу ережесін талқылады.

"Шетел грантын алушыларды салық төлеуге міндеттеді" - Салық қызметі тексергеннен кейін Алматыдағы үкіметтік емес «Либерти» мен «Халықаралық құқықтық бастама» ұйымдарына миллиондаған айыппұл салды. Шетел гранттары есебінен жұмыс істейтін құқық қорғаушыларды корпоративті табыс салығын төлеуге міндеттеген.

"Жастар мәселесін шешудің түрлі жолын ұсынады" - Осы апта үкімет жастар мәселесін қарады. Төрт миллион жастың жартысына жуығы сауда саласында не ауылда «жұмыс істейді». Өндірісте жастар аз. Олардың мәселелелерін шешуге түрлі ұсыныстар айтылады.

ZHASALASH.KZ. "«Бәйтерекке» уақытша тiркеу және оның 10 пайдасы" - Қаңтардың 10-ы күнi өткен үкiмет жиынында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев тұрғылықты жерге азаматтарды тiркеу жұмыстары елдi дүрлiктiрiп жiбергенiн атап айтып, Iшкi iстер министрi Қалмұxамбет Қасымовтың бiлместiгiн бетiне басты. Осы көрiнiс “Бәйтерек" пен бiр сотты есiме түсiрдi. О баста “мiндеттi уақытша тiркеу экстремистер мен терроршылармен күрес үшiн керек" деген едi. Құп. Олай болса, тiркеуi жоқ тұрғындарды неге “Бәйтерек" монументiне тiркеуге алмасқа? “Бәйтерек" қайдан шықты дерсiз. Айтайық!

"Трамптың ойынынан от шығуы мүмкiн" - Жаңадан сайланған АҚШ президентi Дональд Трамп бiрнеше күннен соң ресми түрде президенттiк қызметiне кiрiседi. Және бұл күндi Кремльдiң қожайыны асыға күтiп отыр. Ең қызығы, бұл жағдай көршi елдiң билiгiнiң алдағы стратегиялық қадамдары Батыстағы идеологиялық өзгерiстерге тiкелей тәуелдi секiлдi көрiнедi. Байқасаңыздар, АҚШ-тағы президент сайлауын америкалықтардан гөрi Ресей билiгi мен қарапайым ресейлiктер ынтыға қадағалағандай. Қазiрдiң өзiнде көршi елдiң ақпарат құралдарындағы жаңалықтардың басым бөлiгi АҚШ-пен, Дональд Трамппен байланысты. АҚШ президентiнiң әр сөзiн аңду Ресейдiң әлсiздiгiн көрсетедi. Бұл орайда АҚШ барлау орындарының президент сайлауына ықпал ету үшiн Ресей кибершабуылдар ұйымдастырды деген айыптауларының жаны бар. Бұл Д.Трамптың билiкке келуiн көздеген әрекет делiнсе де, АҚШ-тың жаңа президентi барлау орындарының есебiмен танысқан соң, “Ресей, Қытай, өзге елдер және жекелеген тұлғалар үнемi бiздiң үкiметтiк құрылымдар мен ұйымдардың, кәсiпорындардың кибер-инфрақұрылымын бұзуға тырысады" деп мәлiмдедi. Дегенмен Д.Трамп Ресейдi айыптауға, бұл елдiң билiгiн сынауға асықпайды.

365INFO.KZ. "«Қайқаңдаған қатындар көп қазір!». Шерхан аға шындықты айтты!" - Қазақтың әйгілі жазушысы, ардақты азаматы Шерхан Мұртаза қазақтың санын көбейтуге қатысты көкейінде жүрген пікірін білдіріпті.

"«Дональд, сені мұндай деп ойламаппын». Сорос Трамптың құпиясын ашты" - «Демократия дағдарыста». «Батыстың ақыры таяу». «Ал Трамп ертеңгі диктатор» дейді Джордж Сорос. Әйгілі қаржыгердің Project-syndicate сайтында жарияланған мақаласын ағылшын тілінен аударып бастық.

INFORM.KZ. "«Самұрық-Қазына» АҚ биылғы мұнайдың орташа бағасына болжам жасады" - 2016 жылы мұнай-газ нарығы бірқатар сынақтарды басынан кешірді, жаһандық нарықтың құбылмалығы мен тұрақсыздығы жағдайды тіпті күрделендіріп жіберді.

TURKYSTAN.KZ. "Саудада – сыпайы, саясатта – жоғалмаған ұпайы" - Өзбекстан тауық жылында тәуелсіздік тарихының жаңа парағын ашты. Ислам Кәрімов 27 жыл билік басында отырып, ақ өліммен аманатын тапсырған соң, өзбек халқы жаңа президентін сайлады. Алдын-ала болжанғандай, бұл жоғары лауазымға Кәрімовтің оң қолы әрі саяси «мұрагері» Шавкат Мирзияев сайланды. Бәлкім, сайланды деген аты ғана болар, электораттың 88,6 пайыз қолдауына ие болуды демократиялық мемлекеттердің «әділ сайлаудың нәтижесі» деп мойындай қоюы қиын. Бірақ «өзгелер не дер екен?» деп жалтақтау өзбектерге тән мінез емес, ішкі-сыртқы саясатын өз мүддесінің ыңғайына бұрып, өзіндік сүрлеумен өрлеп барады.

"Саддам Хусейннің алтыны қайда?" - 1968 жылы Ирак билігінің басына Саддам Хусейн келді. Ирак мұнайдың арқасында едәуір дамып өркендеді. Әскери күш-қуаты да кейбір араб елдеріне қарағанда әлдеқайда басым болды. Президент Саддам Хусейн шекаралық жер үшін өзімен әлеуеті теңдес Иранмен бірнеше жыл соғысты. Ақыры өзара бітімге келген. Содан араға аз жылдар салып Саддам Хусейннің әскері Кувейтке баса-көктеп кірді. Бұл мұнай үшін күрес еді. Кувейтте мұнайдың көп қоры бар және халықаралық саудада Иракқа қарағанда тауарлары өтімді. Кувейтті басып алуына байланысты бұл аймақтағы жағдай күрт өзгерді. Америка бастап, Еуропаның алпауыт елдері қоштап, бірлескен әскери қарулы күштер Ирак әскерін Кувейттен ығыстырып шығарды. Солай Ирактың өзіне қауіп төндірді. Соны алдын ала сезген Саддам Хусейн өз байлығын қауіпсіздендіру қамына кіріскен.

ABAI.KZ. "Шахан: жарылыстан кейін жалғасқан өмір" - Қаңтардың 1-і күні Шахан кентінде болған төтенше оқиға ел ішін дүр сілкіндірді. Кенттегі көп қабатты үйдің 4-ші подъезді тұрғындардың қолымен жасалған жылыту қазандығының жарылуына байланысты қирап, 9 адам көз жұмаған еді. Қазір шахандықтар (Қарағанды облысы) жамау-жасқаулы пәтерлеріне қайта қоныстанып жатыр. Бірақ, олар әлі үрей құшағында.

"Жyйенің құлы болғандарды ұлы санаймыз. Алашордашыларды ше?" - Биылғы жылы Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толады. Ал өткен жылы еліміз 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің жүз жылдығын атап өтті. Кейінгі кезде көтеріліс басшылары мен Алашорда қайраткерлерін көзқарастарының қарама-қайшылғын тілге тиек қылған материалдар ғаламтор бетінде көбейіп кетті. Бұл материалдардың басым көпшілігінің авторлары Совет Одағы кезіндегі шыққан әдебиеттерге сүйенеді. Ал советтік идеологияның негізгі мақсаты Алаш үкіметі мен оның жетекшілерін қаралау болғаны бесенеден белгілі. Оның үстіне биылғы жылы Октябрь төңкерісінің, яғни революцияның басталғанына да 100 жыл болады.

BAQ.KZ. "Жанарбек Ақыби: Құл мен күңде қадір болушы ма еді, қарағым?.." - «Қытайдан келер қалталы күйеулер дауы һәм оны жарнамалайтын агентікке тіркеліп жатқан қазақ қыздары» жайлы қоғамды дүрбелеңге салған дау әлі тыншымай тұр. Соған байланысты Моңғолияда тұратын тәуелсіз журналист, этнограф, алпинист Жанарбек Ақыбимен сұхбат өткізген едік.

QAMSHY.KZ. "Солтүстік Корейден қашып шыққан жігіттің оқиғасы" - Cон Джу Лидің балалық шағы Солтүстік Корей астанасында өтті. Бала кезінде ата-анасымен бірге жақсы ғұмыр кешті. Алайда бұл қуанышы ұзаққа созылмады. Жасөспірім кезінде ашықта өмір сүріп, көше бұзақыларының арасында өмір үшін күресуге тура келді. Бұл жас жігіттің өміріндегі қиын бұралаң жолдардың бірі ғана.


13 қаңтар 2017, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.