Атырау, 24 қараша 00:22
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бүлінген көліктердің шығынын кім өтейді?

2 530 просмотра

Абай көшесіндегі бес қабатты 17-үйдің шатырынан түскен қар көшкіні подъезд алдына қойылған екі көліктің үстіне түсті: көлік әйнектері сынып, төбелері жапырылып қалыпты. Оның қожайындарына тигізілген зиянды кім өтейді?

30 қаңтарға қараған түні көліктің сирена дабылы төңіректі дүр еткізді. Ұйқылы-ояу екі тұрғын өз көліктері тұрған жерден биік қар үйіндісін көрді. Қарды аршып алған олар көліктерін жөндеуге аз ақша кетпейтінін түсінген еді.Майысып қалған «Toyota Chaser» қожайыны Сергей БОРОДУЛИН мен Daewoo  Nexia қожайыны Қанат КУЛОВ «Әли» ПИК-інің төрағасы Амантай МҰСТАФИНГЕ өз талаптарын қойды. Ал ол қолын сермелеп:

- Сонда не қалайсыңдар? Бұл үйдің төбесіндегі қарды тазаламақ түгілі, төбеге шығудың өзі қауіпті,- деді.

Содан соң бірден қарсы шабуылға көшті:

- Үйдің ауласында көлік қоятын «қалталар» бар, бірақ сіздер қасарысып машиналарыңызды жол бөлігіне подъездің қарсы алдына қоясыздар. Әрине, машиналарға жөндеу қажет екенін түсінемін, бірақ ол үшін неліктен мен ақша төлеуге тиіспін? Бұл табиғат құбылысы. Мен кінәлі емеспін.

Жүргізушілер бұған келіспей, ПИК-ке зиян шығынын өтетуді ұйғарды. Сол кезде қар «апатының» салдарынан мүліктің бүліну фактісін қандай инстанция тіркейді екен деген сұрақ туындады. 

- Ал бұл жерде жол полициясының қатысы қандай?– деп таң қалды ІІД ЖПБ қызметінің инспекторы Нұрбол ЕЛЕУБАЕВ, одан түсінік алғымыз келген кезде. – Машиналар міндетті түрде сақтандырылған ғой, бірақ бұл жол-көлік оқиғасы емес, төбеден түскен қар. Кешіріңіз, бұл проблеманың бізге қатысы жоқ, сондықтан ешқандай тексеру актісін рәсімдемейміз.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміндегілер көлік қожайындарының сөзіне құлақ аспай, оларды бірден мекен-жайы бойынша ПИК-ке сілтеп жіберді.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің құқықтық қамту бөлімінің бас маманы Игнат ЧЕРНЯХОВСКИЙ бұған айқын түсінік енгізді:

- Олар Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке тиісті арыз бере алады, содан кейін біздің мамандарымыз сол жерге барып, көліктерді суретке түсіріп, тексеру актісін толтырады. Осы актінің негізінде сотқа беруге болады. Талап-арыз берушілер үшін сот ісі жағымды шешіледі. Менің пікірімше, үйді балансына алған ПИК  толықтай кінәлі.

Қалалық ПИК қауымдастығы төрағасының орынбасары Гүлнар САЛИХОВА бұл жағдайда толығымен А. Мұстафинді қолдап отыр:

- Ал егер ертеңгі күні сол Абай, 17  ауласында бір адам тайып кетіп, сирағын сындырып алса да ПИК төрағасы жауап бере ме екен? ПИК төрағасына үйдің шатырындағы қарды күрету деген адамшылыққа жатпайды ғой. Бұл оның денсаулығына ғана емес, өміріне де қауіпті. Жалпы жапа шегушілердің өздері кінәлі. Баспананы және үй маңындағы ауланы ұстау ережесі бар. Ол жерде: көліктер арнайы белгіленген жерлерге қойылуы тиіс деп жазылған.

Ал көлік қожайындары төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандарының қызметіне жүгініп үлгерген. Мамандар тексеру актісін толтырып, сол актінің негізінде олар сотқа талап-арыз беріпті.

Редакция бұл хикаяның немен аяқталатынын бақылауға алатын болады.

Анастасия ПАСТУХОВА,

Суретті түсірген Владимир ИСТОМИН

9 ақпан 2012, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.