Бүгін, 11 қаңтарда Атырауда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттар тобы журналистер үшін брифинг өткізді.
Парламент мүшелерінің батыс өңірі бойынша жоспарлы жұмыс сапары 4 қаңтарда басталды. Бейбіт МАМРАЕВ, Кәрібай МҰСЫРМАН, Зәуреш АМАНЖОЛОВА, Бақтыгүл ХАМЕНОВА және Майра АЙСИНА бірқатар медицина мекемелерінде, ірі мұнайгаз кәсіпорындарында, ауылшаруашылық нысандарында және т.б. кездесулер өткізді.
Брифингте журналистер «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуы, медицина қызметінің сапасы, сақтандыру медицинасын енгізу процесі туралы сұрақтар қойды.
Брифингтің болатынын мәлімдеген ұйымдастырушылар тақырыпқа шектеу қоймағандықтан, «АЖ» біздің облысымыздан сайланған депутаттарға бірқатар сұрақтар дайындады. VI шақырылымның депутаттық корпусының жұмысы депутат Гүлжан ҚАРАҒҰСОВАНЫҢ «Кім қалай қамтамасыз етілсе, солай жұмыс атқарады» деген атышулы сөзінен туындаған жанжалмен басталғаны көпшіліктің есінде болар. Естеріңізге салсам, қызметтік баспананы күткен мәжілісмендердің бір бөлігі бірнеше апта бес жұлдызды қонақ үйде тұрған. Мұндағы қарапайым нөмірдің құны орташа алғанда тәулігіне 100 мың теңге тұрады. Кейінірек парламенттегілер депутаттар үшін бағаның 29 мың теңгеге дейін төмендетілгенін мәлімдеді.
– Нәтижесінде депутаттар қандай баспана алды?
– Депуттар баспанасы туралы қамқор сұрақтарыңызға рахмет, - деді барлық әріптестерінің атынан мәжілістің әлеуметтік-мәдени дамыту комитетінің хатшысы Бейбіт Мамраев. – Депутаттар сайланған кезде оларға «Пекин» мейманханасынан уақытша баспана ұсынылды. Мәселе мынада. Бізде қазір кез келген қызмет мемлекеттік сатып алу арқылы ойналады. Осылайша, «Пекин» мекендеу қызметін көрсету тендерін ұтып алды. Жеңілдік жүйесі арқылы аз бағаны кім ұсынса, соның ұтатындығы түсінікті. Сондықтан депутаттар сол жерде тұрды. Әрине, бәрі емес, тек басқа жақтан келгендер. Екіншіден, ол жерде люкс нөмірлер болған жоқ. Үшіншіден, бір ай ішінде депутаттар қызметтік баспана алды.
– Депутаттар қандай пәтерге көшкенін және сіздің астаналық мекенжайы жоқ әріптестеріңіз уақытша тіркеуді ресімдеді ме, нақтыласаңыз.
– Астанада баспаналары жоқ депутаттар уақытша (баспана) алды. Бұл автоматты түрде уақытша тіркеуді талап етеді. Ол қызметтік баспана, депутаттық қызмет еткен кезде ұсынылады, - деп жауап берді Мамраев.
– Жақында Атырауда екі азаматтық белсенді Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ бес жылға сотталғаны белгілі. Бұл адамдардың мораторий енгізуге бастамашы болғанын ескерсек, Жер кодексіндегі түзетулер мәселесіне және сот үкіміне көзқарасыңыз қандай?
– Мен бұл адамдар бастамашы болды бағаламас едім. Екіншіден, біздің бәріміз заңға сәйкес өмір сүріп жатырмыз. Ешкім де, бірде-бір азамат сот шешімін бағаламайды, комментарий бермейді. Бұл адвокаттың құқығы. Елбасы мораторий енгізді, мен қазір осы мәселе бойынша жұмыстардың жалғасып жатқанын атап өткім келеді. Жер құнарлы ма, жоқ па, тұруға жарамды-жарамды емес пе, осының бәрі тексеріледі... Яғни, жер туралы заңға әрі қарай түзетулер мен толықтыруларды қабылдау үшін негізгі іргетасы әзірленуде.
Топ мүшелерінің бірі, медицина ғылымдарының докторы, 2007 жылы «Алтын скальпель» белгісімен марапатталған акушер-гинеколог Зәуреш Аманжолова әлі күнге дейін хирургиямен шұғылданатынын мойындады. Осы сапары барысында ол Атырау облыстық перзентханасында кесарь тілігі бойынша операцияға қатысқан. Әңгіме осымен үшінші мәрте отамен босанған пациент туралы болып отыр. Аманжолова барлығы 15 мың баланы дүниеге әкелуге қатысқан.
Біз Атыраудағы босанушы әйелдер өлімінің жиілігі туралы тақырыпты қозғадық.
– Ана өлімі шынымен де республика бойынша орташа алғанда сіздерде жоғары. Соңғы фактілер бойынша (естеріңізге салсам, тек қараша айында үш босанушы әйел, желтоқсанда бір әйел көз жұмды – З.Б.) бізде облыстық перинаталдық орталықтың қызметкерлерімен едәуір қатал әңгіме өткізілді.
Аманжолова біздің перзентханада орнатылған жабдықтардың сапасына таң қалғанын атап өтті.
– Алайда білікті кадрлардың жетіспейтіндігі сезіледі, – деп қынжылыс білдірді.
Депутаттар түсіндіргендей, олар өз каникулдарын өңірді аралау сапарларына арнаған. Парламент жұмыс тәртібіндегі отырыстарға 16 қаңтарда кіріседі.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН