Атырау, 24 қараша 00:49
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Желi торға түстi

2 107 просмотра

Интернет-клубқа келушілер бақылауға алынады

Өткен жылдың 30 желтоқсанында үкімет «Интернет желісіне қолжетімділік қызмет көрсету ережесін» бекітті. Бұл ереже аясында интернет-клубтар мен интернет-кафелердің жұмысы реттелетін болады. Енді олардың иелері мен келушілерді не күтіп тұр?

Басты жаңалықтарды атап өтелік: 

*келушілер – енді тек жеке басын куәландыратын куәлікті көрсетуі бойынша ғана кіре алады;

*бейнебақылау камерасын орнату; 

*тыйым салынған сайттарға  (бүгінгі күні олардың саны 300-дей) кіруді тоқтататын бағдарламалық қамтуды орнату;

*клуб иелері келушілер қолданған сайттарды өз журналдарында белгілеп отыруы керек және қажет болған жағдайда ол ақпаратты құқық қорғау органдарына ұсынуы тиіс. 

zakon.kz, заңгерлік порталы хабарлағандай, қаулы заңды күшіне ресми БАҚ-да жарияланғаннан кейін енеді, бірақ, 30 және 31- тармақтар (бейнебақылау және тыйым салынған сайттарға қолжетімділікті шектеу) 1 қаңтардан бастап-ақ күшіне енді. Дегенмен, олардың нақты орындалу күні әлі алыс.

Біз кейбір атыраулық Интернет клубтардың  қожайындарымен әңгімелесіп көрдік.

- Интернет – бұл еркін қолжетімділік аймағы  және ол еркін болып қалуы тиіс, - деп есептейді Владимир ЛИ. – Біздің клиенттеріміз электронды поштаны, жаңалық тізбегін қолданады, студенттер курс жұмыстары мен рефераттарына материалдар табу үшін келеді. Қысқасы, бүгінгі таңда интернет клубтарға келу – ол да күнделікті дүкенге кіргенмен бірдей. Біздің клиенттеріміз неліктен жаппай бақылауға алынуы керек, түсініксіз. Менің ойымша бұл ереже толық көлемде заңды күшіне енген кезде бізде  келушілер саны күрт төмендеуі мүмкін. Өйткені, ол  виртуалды әлемдегі жеке кеңістігін әлдекімнің бақылап отырғандығын кім жақсы  көре қояр.

Өзінің аты-жөнін атамауды қалаған Владимирдіңәріптесі былай дейді:

- Бұл ережелерді қалай қолдануға болатындығы түсі-ніксіз. Олар қолданушылар кіруге мүмкіндік алған интернет-ресурстардың электронды журналын қалай жүргізуді көздеп отыр. Сонда әркімнің желкесінен қарап тұру керек болғаны ма? Біздер жойып жіберуге тиісті сайттардың тізімін көзімізбен көрген де емеспіз.

Бұл жайтқа Wi-Fi арқылы желіге қосылатын қонақ үйлер мен мейрамханалардың, кафелердің қожайындары да алаңдаушылық білдіруде. Сондай-ақ, қаланың кейбір алаңдарындағы (айтпақшы, онда аймақтың бірі облыстық әкімдік ғимаратының жанында бар) желісіз Интернетке тегін қосылу мүмкін-дігіне ие аймақтарға жаңа ережелер қолданыла ма, ол да түсініксіз. Атырау облыстық «Қазақтелеком» АҚ дирекциясы бұл сауалдарға жауап беруде тосылып қалды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

9 ақпан 2012, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.