«Қан қысымын бақылауға алу керек» деген мақала жарық көргеннен кейін редакцияға «гипертониктерге арналған мектептің» қай жерде ашылатынын нақтылау өтінішімен соғылған қоңыраулар көп түсті.
- Мен 2-ші емханада есепте тұрмын, сол мектепке барғым келіп еді, - дейді Халил ДЖАМАЛЕТДИНОВ. – Айтыңызшы, ол қай емхана жанынан ашылады екен? Мен оған қалай жазыла аламын?
Біз бұл сұрақты Атырау облысындағы гипертонияны азайту жөніндегі жобаны үйлестіруші, Қазақстанның отбасылық дәрігерлері қауымдастығының павлодарлық филиалының директоры Людмила АСТАШКИНАҒА қойдық:
- Оқырмандарды жаңылдырмас үшін «артериялық гипертония мектебінің» - жалғыз біздің ғана жобамыз емес екенін ескерткім келеді. Біз оларды тек пилотты медицина мекемелерінде (№2 қалалық емхана мен Исатай ауданының орталық емханасында – С.Т.) аштық және өзіміз оқытқан медицина қызметкерлері мен науқастарға тонометрлерді сыйға тарттық.
Биылғы жылы «артериялық гипертония мектебі» бұрынғыша Исатай ауданының емханасы жанында жұмыс істейтін болады. Ол жердегі дәріс 31 қаңтарда басталды, сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 14.30-да өтеді.
Қаладағы оқу №7 емхананың 2-ші қабатында (кіші зал) сәрсенбі және жұма күндері сағат 17.00-де болады.
Барлығы 6 дәрістен тұрады. Диспансерлік есепте тұрған науқастарды учаскелік терапевттер шақырады. Топқа 10 адамнан артық жинамаймыз. Сабақ ұзақтығы 20-40 минуттан аспайды.
№2 емханадағы сабақтар жалғасын таба ма деген сұрақты бас дәрігер Аманбек ЖҰМЫРОВҚА қойдық.
- Бізде дәрігер-терапевт Сара БҰҚТЫБАЕВА дәріс өткізетін болады, - деді ол. – Қазір біздің дәрігерлер топқа адамдар іріктеп жатыр. Біз диспансерлік есепте тұрған науқастарды емес, жаңадан артериялық гипертония деген диагноз қойылған науқастарды таңдайтын боламыз.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА