Жайық жағасында мұз құрсауында қалған үлкен және шағын кемелер көктемнің түсуін күтуде. Қыстау технологиясы бірнеше ғасырлардан бері өзгеріссіз қалып келеді. Оларды жай ғана мұз ішінде қалдырады. Бірақ, мұның өз ерекшеліктері бар.
Баяғы кезде ағаш кемелердің профильдерін жұмыртқаны еске түсіретін пішінде жасаған. Мұның өз себебі бар – қататын су біртіндеп кемені су бетіне шығарып, ол бүйірлеп қисайып, осы күйде көктемнің түсуін күтетін. Заманауи кемелердің металл корпустары өзен мұзының үлкен қысымына төтеп беруге қабілетті, сондықтан оларды қыста су ішінде қалдырады.
Осы метариалды әзірлеп жатқанда, Балық ауданындағы Жайық жағасынан «Атырау су жолдары кәсіпорны» РМКК қызметкерлерін кездестірдім. Бұл кәсіпорын кемелері көпір маңында қыстайды.
– Мұз құрсанғанға дейін әзірлік жүргізіледі – отын түгелдей құйылып алынады, салмағын жеңілдету үшін кемеден ескі-құсқылар мен заттар түсіріледі, - деді олар.
Шынжырланған кемелердің жанынан өрт сөндіру мұзойығы жасалады. Одан бортта өрт болған жағдайда су алынады. Сонымен қатар, мұз қалыңдығына бақылау жасалады: егер ол 20 см-ден асса, онда мұздың корпусқа қысымын төмендету үшін тағы бір мұзойық жасалады.
Қыс маусымы кемелерді жөндейтін мезгіл. Балықшыдағы қарсы жағалауда жөндеу базасы орналасқан.
Бір кездері балықшылар паркі орналасқан жерге жақын маңдағы Балықшы жағалауында тағы екі кеме шынжырланған. Олардың бірі - Батыс Қазақстан облысының жеке фирмасына тиесілі «Варяг» кемесі жартылай мұз астына кеткен. Төңірегінде солярканың қара дақтары бар, мұнай өнімдерінің ауыр иісі сезіледі.
– Осы факті бойынша табиғат қорғау прокуратурасы әрекет ету актісін шығарды. Атырау облыстық экология департаменті мен көлік бақылау инспекциясы судан сынама алды. Қоршаған ортаға тигізілген зиян мөлшері анықталуда, - деп хабарлады «АЖ»-ға Атырау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Владимир МАЛАХОВ.
Ол сонымен қатар, «Варяганы» қосқанда Атырау облысының аумағында суға кеткен 7 кеме бар екенін хабарлады. Өткен жылы Жайық-Каспий каналының түбінен Әзірбайжанға тиесілі «Саринский рыбак» қабылдау-көліктік кемесі шығарылды. Сонау 2001 жылдың қарашасында «Атырау Балық» балық өнімдері тиелген «Саринский рыбак» су температурасының күрт төмендеуі салдарынан мұзда қалып, соның салдарынан балықтың уылдырық шашуына кедергі келтіріп, суға батып кеткен еді. 2012 жылы кеме шаруашылықта жоқ деп танылды.
– Суға батқан кемелерді шығару жұмыстары жалғасуда, - дейді В.Малахов. – Мұз құрсанғанға дейін Жұмыскер ауылының маңынан №6 жүзбелі уылдырық зауытын және «Краб» тақта тас астындағы су тазарту станциясын шығару жұмыстары жүргізілді.
Алайда, қыстаушы кемелерге оралсақ. Балықшы жағалауындағы жоғарыда аталған шынжырланған екі кеме металл арқанмен көпжылдық алып ағаштарға байланған.
Бұл мақсатта тірі ағаштарды пайдалану тағылық болып көрінеді.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген автор