Атырау, 23 қараша 22:55
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бұрын АХАЖ болса, енді АХАТ болды

20 777 просмотра

Бұл «Неке және отбасы туралы» жаңа Кодексте қаралған бір ғана өзгеріс емес.

Өткен жұма күні, 27 қаңтарда облыстық әділет департаменті бастығының орынбасары Игілік ӘУБӘКІРОВ (суретте)  неке және отбасы заңнамаларындағы жаңа өзгерістерге орай журналистерге түсініктер берді.

Жаңа Кодексзаңды күшіне 17 қаңтарда енді.

Некелесу барысындағы басты жаңалық – енді күйеу жігіт пен қалыңдықтан тұрақты мекен-жайынан анықтама талап етілетін болады. Екіншіден, бұрын куәгерлердің болуы міндетті болса, енді бұл норманы алып тастады.

Кодекстің ескі редакциясында қарастырылған азаматтардың қайтыс болғандығын жеті күн ішінде міндетті түрде тіркеу нормасы көпшіліктің наразылығын тудыратын, өйткені, жерлеу және басқа да қаделерін өткізу үшін біраз уақыт кететін. Енді өлгендігі туралы тіркеу мерзімін алып тастады.

Бұдан басқа, тегін, есімін және әкесінің атын өзгерту барысында енді өмірбаянды жазудың қажеті жоқ. Оның есесіне, бұрын мұндай жағдайларда мәліметтердің өзгеруіне байланысты анықтама тек құқықтық статистика прокуратурасына ғана беру талап етілсе, енді мұндай анықтаманы ҰҚКД, қаржы полициясы мен салық департаментіне де жолдау керек.

Бұдан басқа, жаңа Кодекске сәйкес азаматтардың хал актілерін жазу органы (АХАЖ) «азаматтардың хал актілерін тіркеу» (АХАТ) органы болып, атауын өзгертті. 

Кодексте, сондай-ақ, суррогат-анаға қатысты сауалдарға да жауап берілді. Жасы 25-тен 30 аралығындағы әйелдер суррогат-ана бола алады. Баланың болашақ ата-аналары мен суррогат-ана арасында келісім-шарт жасалған кезде суррогат-анаға қызмет көрсетілетін медициналық мекеменің өкілі де өз қолын қоюға тиісті. Егер суррогат-ана некеде болса, онда келісім-шартқа оның жұбайының нотариалды куәландырылған келісімі міндетті түрде жалғануы тиіс. Болашақ ата-аналардың міндетіне суррогат-ананың жүктілік және босану кезінде көрсетілген  медициналық қызметтердің төлемдерін төлеу кіреді.

Жаңа Кодексте алимент төлеу бойынша борышкерлер мен олардың жұмыс берушілеріне қатысты санкциялар күшейді. Жекелей алғанда, егер борышкер әкей балаларына қарыз болса, онда олар елден  шетелге шығарылмайды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ,

Суретті түсірген Владимир ИСТОМИН

2 ақпан 2012, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.