AZATTYQ.ORG. "«Жәрдемақыға мола тұрғыздым»" - 2011 жылы Жаңаөзенде полиция оғынан қаза болған кәмелетке толмаған Рахат Көшеровтің анасы ауруханада баласын іздеп жүріп «бейтаныс жігіттің көз алдында өлгенін, бірақ оның өлгендер тізіміне енбегенін» айтады.
"Кәрім Мәсімовтің ҰҚК-дегі 100 күні" - Кәрім Мәсімовтің ҰҚК төрағасы қызметінде де агрессиялық пиарды жатсынбайтыны байқалады. Бірақ кей бақылаушылар ол арнайы қызмет жұмысының қыр-сырына қанығып біраз жетістіктерге жетті деп санайды.
ZHASALASH.KZ. "Талғат Айтбайұлы, жазушы-публицист: Қонаевты қызметiнен алуға себеп болған – жер мәселесi" - Желтоқсанның жолы ауыр болды. Ақиқатын айттырмады. Тiптi КОКП Орталық Комитетi “қазақ ұлтшылдығы" туралы арнайы қаулы қабылдады. Тұтастай бiр ұлтты өстiп масқаралаудан өткен қорлық бола ма? Бiрақ уақыт, тарих қашан да әдiл таразы ғой. Бәрiн өз орнына қояды. Халқымыздың қайраткер азаматы Мұхтар Шаханов басқарған, 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-iнде болған оқиғаларға байланысты жағдайларға түпкiлiктi баға беру жөнiндегi комиссияның жұмысынан кейiн сең қозғалды...
"Қалдыбай Әбенов, режиссер: Көп адамның бетпердесін ашты" - Ата-бабаларымыз ел басына қауiп төнiп тұрған кезде “Алла! Өзiң жар бола гөр!" деп, Құдайға сиынып барып, жауға аттанған ғой. Сол себептi де Желтоқсан көтерiлiсiне арналған фильмдi “Аллажар" деп атадым. Соған байланысты қиындықтар да кездестi. Бiрақ атын сол күйi өзгертпедiм. Жалпы, кедергiлер фильм түсiрiлмей жатып басталды. Сценарийiн жазу үшiн, жоғары оқу орындарына барып, желтоқсанға қатысқан студенттермен сөйлесу керек болды. Осы мақсатпен Александр Лапшин екеумiз Қазақ қыздар педагогикалық институтына бардық. Бiрақ ешкiм бiзге жақындағысы келмейдi. Желтоқсан тақырыбына байланысты екенiн бiлген бойда бәрi ат-тонын ала қашады. Мұғалiмдер де жоламайды. Өйткенi ол – ҰҚК-нiң қудалауы тоқтамаған, Колбин тақта отырған кез. Желтоқсан тақырыбы түгiл, үш қазақтың басы қосылса, айыпты болып кете беретiн қиын заман. Ақыры, Әсия Мәлiмова деген актриса қызды таптық. Сол арқылы басқа желтоқсаншыларды iздестiре бастадық. Түрмеде отырып шыққан желтоқсаншылар да табылды. Барлығын “Қазақфильмнiң" қара шаңырағына жинап, түсiрiлiм жұмыстарына ендi кiрiскелi жатқанда, фильмдi тоқтатып тастады. Шығармашылық топ алты ай күтiп, тарап кеттi.
365INFO.KZ. "«Жамалиев, біліп жүр!». Ойнас деген тоқал емес" - Қазіргі қоғамның ермегі тоқал болып тұр. Бірақ кейбіреулер білместікпен «тоқал» деп шеттен қатынасып жүрген әйелді атап қателесіп жүр. Бұл бүгінгі қоғам мүшелерінің өз елінің тарихы мен мәдениетін білмеуінің төмен көрсеткіші екені сөзсіз.
"Қазақтар өзбектен қашып, ұйғырды паналаған ба?" - Астанада «Қазақ елі» сериалының «Алмас қылыш» деп аталатын кинонұсқасы таныстырылды. Қаңтардың 5-нен бастап кинотеатрларда көрсетіле бастайтын фильмнің артықшылығы мен кемшілігі қандай?
ABAI.KZ. "Тетрадзелердің Қостанайға қай еңбегі сіңіпті?" - Біз - қостанайлық бір топ футбол жанкүйер, «Тобыл» командасының капитаны Нұрбол Жұмасқалиевті командадан аластатып отырған клуб басшылығы мен бас бапкер Омари Тетрадзенің асығыс қабылдаған шешіміне наразылық білдіреміз.
KORRESPONDENT.KZ. "«Халал» деп жүргеніңіз арам болып шықпасын" - «Халал» – діни термин. Араб тілінен аударғанда «рұқсат етілген», «адал», «таза» деген мағынаны білдіреді. Мұсылман баласына тән xалал тағамдар қасиетті Құран кәрімде анық айтылып, шариғатымызбен бекітілген. Алланың атымен сойылған мал, арақ (спирт) және доңыз еті қосылмаған басқа да тағамдар xалал болып есептеледі. Алайда, халал стандартын өз өнімін өткізу үшін пайдаланатын өндірушілер аз емес. Қазір көп салада кәсіпкерлер не шығарса да, дүкен ашса да, «халал» деген сипаттаманы жапсырып алмаса, көңілі көншімейтін болды.
"Қазақстанның рейтингісіне сенесіз бе?" - Жыл сайын алуан-алуан бағыттар бойынша жүздеген халықаралық зерттеулер жүргізіліп, талай-талай рейтингілер түзілетініне осы күні көзіміз үйреніп қалды. Солардың кейбірінде біздің мемлекет қабағы салыңқы, еңсесі түсіңкілердің сапынан көрінсе, енді бірінде тұрақты даму мен озық көрсеткіштері жөнінен жүзі балбұл жайнап жүреді. Әйткенмен бұл сандар мен пайыздарды ауыз толтыра мақтану немесе әкесін танытып сынау үшін емес, біздіңше, ілгері адымдау жолында қам-қарекет жасау үшін мұрындық ретінде кәдеге асырған жөн.
TURKYSTAN.KZ. "Ағайынға ағайын қосылса – құт" - Тәуелсіздік – тәтті ұғым, киелі сөз. Бодандық бұғауынан шығып, бақытты сәтке қол жеткізу көптің тағатсыздана күткен арманы. Әсіресе, алыстағы ағайын егемендіктің туы желбіреген қасиетті күнді ұзақ аңсады. Олар қай қиырда болмасын, елдегі жаңалыққа құлағы түрік жүрді. Себебі қандастардың бар аңсары – тарихи Отанына оралып, ағайынмен қауышу еді.
QAMSHY.KZ. "Кішкентай Бана Алепподағы жағдайды «Twitter» арқылы баяндап отырған" - Бана есімді 7 жасар қыз өзінің «Twitter» парақшасына қыркүйек айынан бастап Алепподағы күнделікті өмірін жазып отырған. Алепподағы жарылыстар мен қиын жағдайларды суреттеуге анасы көмектескен.