Атырау, 28 қараша 04:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

ТШО-да «өтемақымен ерікті түрде жұмыстан кету бағдарламасы» жүзеге асырылуда

2 778 просмотра

Теңіз мұнайгаз кенішін игеріп жатқан ТШО компаниясында штаттарды қысқарту жұмыстары жүріп жатыр. Рас, Теңізшевройлдың өзінде мұны басқаша атайды.

«БІЗ МҰНЫ БҰРЫН ДА ЖАСАҒАНБЫЗ»

Компанияның бірқатар қызметкеріне екі жылдың қызметтен босарда алатын жәрдемақы төлемімен ерікті түрде жұмыстан кету туралы ұсыныс берілген. Біз ТШО-ға қанша адамды, қандай жобада жұмыс жасап жатқан қандай мамандықты қысқарту жоспарланып отырғаны туралы сауал жолдадық. Бізге ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ жауап берді:

«Жақында ТШО-да өтемақы пакетінің төлемімен ерікті түрде жұмыстан босату бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама «ТШО жолы» саясатына сәйкес, толықтай озық халықаралық тәжірибе стандарттарына және ТШО құндылықтарына сай келеді және тек ерікті болып табылады.

Осы бағдарлама аясында қызметкерлерге тараптардың келісімі бойынша ТШО-мен еңбек келісімшартын бұзу мүмкіндігі ұсынылады. Еңбек келісімшарттарын бұзудың мұндай тәртібі ҚР Еңбек кодексімен қарастырылған.

Компания қызметкерлері бағдарламаның егжей-тегжейімен және қосалқы процедуралармен толықтай хабардар етілген. Өз қызметкерлерін толықтай ақпаратпен қамтамасыз ету үшін басшылық осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады. Едәуір тартымды өтемақы пакеті ұсынылатындықтан, ТШО бағдарламаны ойдағыдай болады деп есептейді. Бұдан бұрын, түрлі жылдарда ТШО-да осы секілді бірнеше бағдарламалар табысты жүзеге асты және бұл бағдарлама бірегей болып табылмайды.

Сіздің сауалыңыз штаттарды қысқарту туралы болып отыр, мұның аталмыш ерікті бағдарламаға еш қатысы жоқ. Сондықтан «штатарды қысқартуға» қатысты сіздің нақты сұрағыңызға жауап беру мүмкін болмай отыр.

Басқа компаниялар секілді «Теңізшевройл» қазіргі қиын экономикалық жағдайда бәсекеге қабілетті болу үшін бар мүмкіндікті жасауға және болашақ өндірістік қажеттіліктер есебімен адамдар ресурстарын дұрыс бөлуді қамтамасыз етуге

міндетті.

МИНИМАЛДЫ ӨТЕМАҚЫ – 20 МЫҢ ДОЛЛАР МА?

Ал «АЖ»-ға ТШО дереккөздерінен белгілі болғандай, ТШО бас директоры Тед ЭТЧИСОННЫҢ қолы қойылған ерікті түрде жұмыстан кету туралы ұсыныс жазылған конверттерді кейбір қызметкерлер желтоқсанның басында ала бастаған. Хатта, атап айтқанда, былай делінген: «мұнайгаз саласындағы жаһандық экономикалық қиындықтарға байланысты компанияның тұтастығын және жұмысқа қабілеттілігін қолдау мақсатында ТШО-ның ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру өте маңызды. Жаңа операциялық модельге ТШО қызметкерлерін, іссапарға жіберілген ТШО серіктестерінің қызметкерлерін, сонымен қатар мердігер мекемелер қызметкерлерін қосқанда, персоналды басқарудың жетілдірілген құрылымы кіреді. Нәтижесінде кейбір лауазымдарға қажеттілік жоғалады, басқа лауазымдар қызметкерлерден түрлі дағдылардың болуын талап етеді. Ал нақты лауазымдар анағұрлым тиімді дағдыларды қажет етеді».

ТШО басшылығы 2016 жылдың 5-29 желтоқсаны аралығында жүзеге асырылатын Өтемақы пакеті төлемімен ерікті түрде жұмыстан шығу бағдарламасын (VSP) бекітті. Бұл кезеңде кейбір қызметкерлерге өз еріктерімен жұмыстан шығып, ақшалай өтемақы алуға мүмкіндік беріледі.

Келісетіндер өтемақы алады және олармен 2017 жылдың 5 қаңтарынан бастап еңбек келісімшарты бұзылады.

Егер аты-жөндерін атамай отырған ТШО қызметкерлеріне сенсек, ерікті түрде жұмыстан кету туралы ұсыныс шамамен 300 адамға - түрлі жастағы және түрлі жұмыс өтілі бар кеңсе және «дала» жұмысшыларына қатысты жасалған. Қазақстандық жұмысшыларға артықшылық беріледі.

Ерікті түрде жұмыстан кету туралы ұсыныс менеджерлерге табыс етіледі. Ойлануға үш күн уақыт беріледі, - дейді ТШО қызметкерлерінің бірі. - Өтемақы пакетінің мөлшері жұмыс өтіліне, жасайтын жұмысына және бірқатар көрсеткіштерге байланысты. Сомасы түрлі, алайда, ағымдық бағам бойынша 20 мың доллар кепілдік төлемақы бар. Ерікті төлемақыға келіссең - өтемақыны алып, жұмыстан кетесің. Келіспесең – компания ішіндегі басқа позицияны табуға тырысасың. Бірақ, өздеріңіз түсініп отырсыздар, қазіргі жағдайда бәсекелестік өте қатаң.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Тамара СУХОМЛИНОВА

12 желтоқсан 2016, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.