Атырау, 28 қараша 04:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Панажайдағы иттер

Сурет Бейнежазба
6 625 просмотра

Біз өзіміз асыраған жануарлар үшін жауаптымыз. Бұл Венера МАНАСОВАНЫҢ өміріндегі негізгі ұранға айналған. Ол иттерсіз бір күн де өмір сүре алмайтындығын мойындайды.

Осынау нәзік те тартымды әйелді жануарлардың қорғаушысы деп ойламайсың, алайда, оны жақын таныған соң, оның жүрегінің мейірімге толы екенін түсінесің. Бастысы – бұл әрекетке толы мейірім.

Бір жыл бұрын ол қаңғыбас итті қағып кеткен екен. Бірақ, оны жолда тастап кетпей, жараланған жануарды ветеринарға апарған. Ем алып болған соң итті қала шетіндегі ескі базарға орналастырған.

Бұл аумақ ескі танысыма тиесілі болатын, ол маған бұл жерді қайтарымсыз пайдалануға берді, - дейді Венера.

Сөйтіп, оның және оның пікірлестерінде осы жерден жануарларға арналған панажай секілді торлы орын жасақтап, ол жерге иесіз жүрген иттерді орналастыру идеясы пайда болған.

Оны салу үшін материалдарды өз ақшаларына сатып алған. Содан кейін панажайға лас, ауру, ызалы қаңғыбас иттерді әкеле бастаған. Бұл жерде оларды жуындырып, тамақтандырған. Иттер саны оннан асқан кезде тамақтандыруға қатысты мәселе туындайды. Жастар әлеуметтік желіден топ ашып, қала тұрғындарына жүгінген. Мейірімді жандар табылып, көп адам хабарласыпты. Бірі азғана болса да банк карточкасына ақша аударса, екіншілері, бірнеше аптаға жететін азық сатып алған, ал үшіншілері (балабақшалар, асханалар және т.б.) тамақ қалдықтарын берген.


Панажайда қазіргі уақытта ересек сегіз ит пен төрт күшік бар, оларды бұл жерде «құйыршық» деп атайды. Жалпы, бұл жерде лақап ат қоюға болмайды, осындай жария емес ереже бар. Тағы 23 күшік «ұзақ ұстауға» берілген, басқаша айтқанда, таныстарына, достарына, туыстарына берілген. Ол жерде біреулер үй жануарын асырап алуды кәміл ұйғарғанша ұстайды. Мұнда бірнеше мысық та бар. Венера олардың санын атамады. Тек олардың дені сау, таза екеніне, оларды біреулер өздеріне алып кеткісі келгенше сонда болатындығына сендірді.

Мен сол панажайға барған кезде бір ерекшелікті байқадым: иттер ыстық тамаққа емес, келген еріктілерге көбірек қуанды. Қыңсылап, құйрықтарын бұлғаңдатып, секіріп, сол күні әкелінген жаңа иттерден қызғанған әрекеттер жасады. Зәресі кеткен «жаңа тұрғынды» уақытша күшіктердің қасына орналастыруға тура келді.

Асырандыларды қарақұмықпен, ит азығымен тамақтандырады. Тіпті, піскен ет те бұйырып қалады екен. Еріктілердің кезекшілік кестесі бар. Ал Венера бұл жерде күн сайын дерлік болады. Оның мойындауынша, күйеуі оның бұл істеріне риза бола қоймайды.

Машина ішіне иттің тамағының иісі сіңген, ескі-құсқы тиейтін жүк көлігіне ұқсайды деп ренжиді, - деп күледі ол.

Алайда осы көлік қожайынына қарап, өз ісін жанындай сүйетінін түсінесің. Біз базадан келе жатқанда, Венера бірнеше рет әлдебір кәсіпорындардың қақпасының алдына тоқтап, жүксалғыштан қалған тамақ салынған шелекті шығарып алып, сол жерде мекендейтін иттерді тамақтандырды.

Кейін ол иесіз жануарларға арналған нағыз, үлкен панажай салу идеясымен бөлісті. Бұл мәселе бойынша қалалық биліктің қолдау көрсететіндігіне үміттенеді. Алайда, еріктілер мемлекеттің мойнына мініп отыруды ойламайды. Осы қыста қайырымдылық концерт пен жәрмеңке ұйымдастырып, түскен қаржыға қазіргі панажайды кеңейтіп, оны анағұрлым қолайлы етіп жасауды жоспарлап отыр.


Марат ТАКУЛИН

Суретті және бейнежазбаны түсірге автор

12 желтоқсан 2016, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.