Атырау, 19 желтоқсан 23:04
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Желтоқсаншылар қалай жазаланды?", "Телекөпiр тәмсiлi: Бастай берсек болмай ма?", "Армяндар Қазақстан мен Беларуське доқ көрсетуде", "Бұл Олжастың ойы ма, ойыны ма?", "Меценат қылмыскер болып шықты ма?"

2 701 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Желтоқсаншылар қалай жазаланды?" - Желтоқсан оқиғасына - 30 жыл. AzattyqLIVE тақырыпты Астана уақытымен сағат 15:00-де қоғам белсендісі, «Нағыз Желтоқсан» қозғалысы төрағасы – Құрманғазы Рахметовпен талқылады.

"«Даңқты іс атқардық»" - 25 жыл бұрын – 1991 жылғы желтоқсанның 8-і күні Брест қаласы түбіндегі Вискулиде - Беловеж орманындағы үкімет резиденциясында кездескен Ресей, Украина және Беларусь басшылары қол қойған келісім нәтижесінде Совет одағының дәурені аяқталды. Тарихи құжатқа қол қойғандардың бірі - Беларусь республикасы Жоғары кеңесінің бұрынғы төрағасы Станислав Шушкевич осынау атаулы күн қарсаңында Азаттықтың Беларусь қызметі тілшісіне сұхбат беріп, сол кездегі оқиғалар мен олардың тарихи маңызы жайлы ойларымен бөлісті.

"Қырғыз референдумының жай-жапсары" - Қырғызстан халқы желтоқсанның 11-і күні конституцияға енгізілетін өзгерістерге дауыс береді. Олар конституциялық референдуммен жақсы таныс: Қырғызстан тәуелсіздік алған 25 жылда мұндай жағдай жетінші рет болып отыр. 1994 жылғы түзетулер президенттік билік тұсында енгізілді.

ZHASALASH.KZ. "Телекөпiр тәмсiлi: Бастай берсек болмай ма?" - Тәуелсiздiктiң 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған шара болған соң ба, әйтеуiр “жалпыұлттық" деген атауы бар телекөпiр президенттiң туған күнiне ұқсап кеттi. Жүргiзушiлерден бастап, кәсiпорын жетекшiлерiне дейiн Қазақстанның жылт еткен жетiстiгiнiң бәрiн Н.Назарбаевқа телiп, алғыс пен мадақ айтты. Қазақ басшысы бұл жолы елiмiздiң 16 аймағындағы 23 жобаға Астананың төрiнде отырып, старт бердi. Бұл өткен жылдары тұсауы кесiлген кәсiп­орындармен салыстырғанда әжептәуiр көп. Бiрақ Қазақстанның шынайы өмiрi теле­көпiрдегiдей түрленiп жатпағанын пре­зиденттiң өзi де сезетiн тәрiздi. Мұны көк жәшiкке үңiлген жұрт анық аңғарды деп ойлаймыз.

"Армяндар Қазақстан мен Беларуське доқ көрсетуде" - Армян стратегиялық және ұлттық зерттеулер орталығының директоры Манвел Саргсян 1in.am басылымына берген сұхбатында Қазақстан мен Беларусьтi екi бiрдей iрi еуразия­лық құрылым — ЕАЭО мен ҰҚКШҰ-дан шығару туралы бастама көтердi. Армян саясаттанушысы мұны Қазақстан мен Беларусьтiң Таулы Қарабақтағы соңғы қақтығыс кезiнде Армения мүддесiн қор­ғау үшiн ештеңе iстемегенi­мен түсiндiредi. Және армян порталына берген сұхбатында Саргсян қызды-қыздымен екi елдi Арменияның алдында “жауапты" деп салыпты. Беларусьтi “Армения үшiн ешқандай маңызы жоқ, әйтеуiр бiр мемлекет" есебiнде атаған Саргсяныңыз Қазақстан­ға да дөңайбат шегедi.

365INFO.KZ. "Діни басқарма: табысы мол кәсіпорындарға салафиттерден сақтанған жөн" - Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 7-желтоқсанда Ақтөбедегі мұнай өңдеу зауытында орын алған арнайы операция туралы пікір білдірді.

"Бақытжан Бұқарбай: «Америка сапары нәтижелі болды»" - Токвильдің «Америкадағы демократиясын» оқығаныңыз бар ма? 25 жасында АҚШ-қа сапарлап барған болашақ ұлы ойшыл «Америкаға, мен тек бұл елді тамашалау үшін барған жоқпын. Мен бұл елден демократияның өзін… болмысын іздедім» деп жазған.

ABAI.KZ. "Бұл Олжастың ойы ма, ойыны ма?" - Күні кеше ғана ақын Олжас Омарұлының сұхбаты БАҚ-та қызу талқыланды. Ақын Мәскеуге барып, онда елші Марат Тәжиннің қабылдауында болып қайтыпты. Кетерде мәскеулік «IQ» деген журналға сұхбат беріп, кәрі одақтан құтылған жиырма бес жыл туралы аз-кем баяндап берген екен. Көлемді сұхбаттың ішінен көзге ұрып, сүйелдей көрінгені – Олжас Сүлейменовтың «бізге социализм керек» дегені болды. Ақын неге бұлай деді? Сөйтсек, Олжекең: «Егер біздің арамыздағы рухани, мәдени байланыстар үзілген болса, онда мұндай тәуелсіздіктің қажеті шамалы. Сондықтан, «Тәуелсіздік», «бостандық» деген түсініктерге түзету енгізу керек. Меніңше, болашақ – Социализмде»,-депті.

"«Саяси бәсекелестік болғанда қоғамдық кеңестерге қажеттілік болмас еді»" - Астанада «SarapTime» сарапшылар пікірсайыс клубының кезекті отырысы «Қоғамдық Кеңестердің мемлекеттік билік жүйесіндегі ролі мен орны» тақырыбында болды.

KORRESPONDENT.KZ. "Тәжіннің «дұшпандары» Тасмағамбетовке де ауыз сала бастаған ба?" - Марат Тәжиннің бастамалары неге аяқсыз қалды? Жаңылмасақ, 2013 жылдың 5 маусымы болса керек, Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен қазақтың ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Алқалы жиынға белгілі тұлғалар, ел басқарып жүрген лауазымды азаматтар, ғалымдар мен зерттеушілер қатысты. Негізгі баяндаманы Мемхатшының жасағаны да – есімізде. Ұлттық тарихты зерделеу жөнінде кеңінен толғаған М.Тәжин бүгінгі заман тарих ғылымының алдына жаңа талаптарды, басқаша көзқарасты қойып отырғанын, тарихшының міндеті – ұлттық тарихты қайдағы бір әмбебап заңдылықтардың қасаң қалыптарына салып жібермей, ұлттық тарихтың «жанды ағзасы» қалай дамитынын түсіну қажеттігін алға тартып еді.

"Меценат қылмыскер болып шықты ма?" - Осы аптада Ақтөбе облысы мен Қазақстанның кейбір аймағында жүргізілген арнайы операция барысында мұнай және мұнай өнімдерін ұрлаумен және заңсыз тасымалдаумен айналысқан деген күдікпен бірнеше адам ұсталған. Бұл туралы Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Оған қоса радикалды салафизмді ұстанатын қылмыстық топтың бірнеше мүшелері де құрықталды. Олар мұнай тонаушыларға көмек көрсетіп, қамқорлық жасап келген.

TURKYSTAN.KZ. "Самсаған «жұлдыздар», қаптаған «қайраткерлер»" - Мәдениеттер мен өркениеттер шарпысқан жаһандану заманында сахна мен телеарналарды жаулап алған түрлі ток-шоу, әуейі көріністерден көз қарығып, бөстекі әңгіме, жылаңқы әндерден құлақтың сарсыла бастағаны өтірік емес. Иә, қазір ерні жыбырлағанның бәрі әнші. Ыржалақтаған әртіс, тырбаңдаған биші, сезімсіз сазгер көбейген кезеңге тіреліп отырған жайымыз бар. «Ұялмаған өлеңші боладының» кебі. Сұрастыра келсеңіз, бірқатарының қайраткер деген дардай атағы бар болып шығады…

"Әлем қастерлеген қазақ мұрасы" - Қайбір жылы алты мың жылдық тарихы бар, қазақтың қасиетті сусыны – қымыз бен шұбатты шетелдіктер патенттеп алыпты деген ақпарат тараған еді. Тіпті, сол кезде қымызға – немістер, шұбатқа – еврейлер, қазыға – итальяндықтар иелік етіпті деген әңгіме желдей ескен. Алайда бұл мәлімет жалған болып шығып, қуанғанымыз есімізде.

QAMSHY.KZ. "Мырзан Кенжебай. Отбасын «жоспарлаудың» қитұрқылықтары" - «Отбасын жоспарлау» дегенді қазақ қауымы осыдан 20-30 жыл бұрын шамасында естіді. Өркениетті елдерде отбасы жоспарланады екен, сол арқылы әр елдің, мемлекеттің халқының санын не көбейтіп, не шектеуге болады екен. Бұл–бір қарағанда ақылға оншама шетіндігі жоқ, ойға сыйымды тұжырым сияқты. Өндірісті, тауар алмасуын, көмір, темір шығарудың да мөлшерлерін межелейміз ғой. Адамның өсіп-өркендеуін межелегенде тұрған не әбестік бар деп қалуға да болады?! Сонау 1980-ші жылдары Қазақстанда осы істің әсіресе Ресейден келген белсенді күрескерлері пайда болды.

"Михаил Горбачев: Ресейдің басшылығы оппозицияны жақсы көрмейді" - Михаил Горбачев өмір жайлы сыр шертеді. Бұл жайында esquire.kz сайтында жарияланған болатын. Мақаланың қазақша нұсқасын Қамшы порталы ұсынады


9 желтоқсан 2016, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.