Атырау, 22 желтоқсан 20:28
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Екі танкист

2 177 просмотра

Александр Бородин (отырған) және Николай Чернояров, 30 мамыр, 1943 жыл, әскери танк училищесі, Нижний Тагил. Фотосурет қаза болар алдында 4 ай бұрын түсірілген.Ұрыста қаза болған гурьевтік жауынгерлердің туысқандары ғажайыптың күшімен фотосуреттің арқасында кездесті.

Уақыт өте сарғайған 19 жасар Александр БОРОДИННІҢ 1943 жылдың 30 мамыры деген датамен белгіленген фотосуретін оның отбасы майданнан келген соңғы хатымен бірге алған еді. Сашаның артқы жағында тұрған екінші адамның есімі, егер жауынгердің немересі Наталья ЖЕРЕБЕТЬЕВА «Мирас» іздеу  клубына келуге аяқ астынан шешім қабылдамағанда, олар үшін құпия боп қалар ма еді, кім білсін?!  Ал бұған дейін бір ай бұрын бұл жерге басқа әйел Вера ЧЕРНОЯРОВА хабар-ошарсыз кеткен Николай ЧЕРНОЯРОВТЫ іздеуге өтініш толтырып, дәл осындай фотосуретті тіркеген екен.

 

 

Мы все уставы знаем наизусть.

Что гибель нам?

Мы даже смерти выше.

В могилах мы построились в отряд

И ждем приказа нового,

И пусть

Не думают, что мертвые не слышат,

Когда о них потомки говорят.

Николай МАЙОРОВ

 

1962 жыл. Украинаның Барвенково қаласы

Күн сәулесімен шағылысқан құрылыс крандары асқақтап тұр: соғыс кезінде теміржол стансасының жанындағы кішкентай ғана поселке болған қала қарқындап өсіп, дамып жатыр. Барвенковоның шет жағында экскаваторлар қураған ағаштарды тамырларымен қопарып, бульдозерлер жерді тегістеуде: кешікпей осы жерге жаңа ықшамаудан бой түземекші. Бір кезде сазды топырақты асаған экскаватор шөміші ауада қалқып тұрып қалды да, кенеттен үні өшті. Оның артынан басқа да машиналар тынышталып қалды. Жүргізушілер қазылған шұңқырға үңілісіп, ішіндегі біреуі: «Бауырластар зираты екен» ғой деді.

Шіріген мүрделерді мұқият шығарған жергілікті із кесушілер қаза болған жауынгерлердің бірінің гимнастеркасының қалтасынан ескі, бірақ ғажайыптың күшімен сақталған Гурьевтен келген хатты тауып алды. «Аманбысың, Сашенька. Ұлым...» - деп басталатын хатта мазасыздыққа толы ана үні естілді.

 

1943 жылдың қазан айы, Гурьев, Степан Разин көшесі, 14

Қыздарының көздеріне ұялаған қайғы Прасковья БОРОДИНАНЫҢ дегбірін кетірді. Қыздары үйден шығып кеткен кезде әлденені сезінген ана жүрегі үйдің ішінен түртінектеп жүріп, шаң басқан сандықтың ішінен іздеген нәрсесін тауып алды:

Извещение. Гурьевский военный комиссариат...  Бородин Александр Васильевич... в бою за Социалистическую Родину ...УБИТ”.

Соңғы сөздер ішін жалындай шарпып кетті. Есеңгіреп жүріп, үй-ішін ретке келтірген болды. Жүрегін тілім-тілім еткен бір жапырақ қағазды қайтадан орнына салып қойды.

 

Қазан, 1943 жыл. Гурьев, Оң жақ Перетаск, 16-үй

Таңертең ертемен пошташы үйдің есігін соғып, үнсіз ғана хабарлама қағазын ұстатты.

«Ваш сын Николай Чернояров ПРОПАЛ БЕЗ ВЕСТИ».Түнгі тыныштықты торыққан зарлы дауыс бұзды. Қыздары анасына ұмтылып: «Анашым, қажет емес. Ол қайтып оралады...», - деп жұбатып жатты.

 

9 қыркүйек, 1943 жыл, Барвенково стансасының маңы

Шаңқай түс.

Ұшып келе жатқан снарядтың зуылын артеллерист канонадасының дүрсілі басып тастады. Жай түсіру режиміндегі секілді, танк сәлден соң аударылып қалды. Айналада жым-жырт тыныштық орнады. Танкистердің өкпелері ауа жұтқылары келіп жанталасты, бірақ ащы күйік пен ыстың иісіне ғана толды. Жөтелу мүмкін емес еді: адам төзгісіз ауру шыдатпай бара жатты.

Бородин қабағын әзер ашты: көз алдында бұлдырған механиктің кескіні бұзылған кейпі ғана келді.

Күртесінің қалтасына икемсіз қолымен қарманған ол үйінен келген хатты көз алдына елестетті: «Мама...».

Танкисті шүберек қуыршақ секілді қолынан ұстап, жоғарыға тартып шығарды. Сашаның басы дәрменсіз күйде шалқайып кетті де, ол танктен Коляны көрді. Міз бақпаған күйі ол әлдеқайда жоғары жаққа қарай жанарын қадап алыпты. Күн сәулесі көзін жасқандырған Саша «Кольканы да шығарып алу керек», - деп айтқысы келді, бірақ кеберсіген еріні қозғалмады. Келесі сәтте танкист қараңғылық құшағына еніп бара жатты.

 

Бүгінгі шақ. Атырау

Чернояровтың келіні - Вера ЧЕРНОЯРОВАМұнай және газ институтының жертөлесіндегі «Мирас» іздеу клубында Бородин мен Чернояровтардың туысқандары кездесті. Өкінішке орай,  Вера ЧЕРНОЯРОВА өзінің қайынағасы туралы ештеңе айта алмады: ол Николайдың інісіне ағасы хабар-ошарсыз кеткеннен кейін тұрмысқа шыққан көрінеді. Ал енесі ұлын жиі есіне түсіріп, көзіне жас алады екен. Вера ұрыста қаза болған Бородиннің немересін қалт етпей тыңдады.

Бородиннің немересі - Наталья ЖЕРЕБЕТЬЕВА - Жерленгеннен кейін оның майдандастарынан хат келді, - деп әңгімеледі Наталья Жеребетьева.-  Менің әжем көз жұмар алдында қара қағазды тауып алғанын мойындапты. Анасы ұлының хабарынан кейін үш айдан соң қайтыс болды, бұл Прасковья Макаровнаның ешкімге тіс жармай, қайғысын ішінде сақтағандығынан  болар. Анам оның достарының хатын кейде талықсып кетіп, ес жиған сәттерінде оқып шыққан.

Жараланған Сашаны танктен шығарып алғанмен, бірақ қаңғыған оқ оны жер жастандырады. Тыныштық орнаған уақытта жауынгерлер бауырластар зиратын қазыпты. Сол жерде менің атам мәңгілік орын тепкен екен. Николай да атамның қасына жайғасқан болуы керек. 

Мұндай бір күштің бар екендігіне сенемін. Бұл сәйкестіктің барлығы жайдан жай орын алған жоқ. Менің атам мен сіздің қайынағаңыз бізді жолықтырып отырғанына сенгім келеді, - деді Наталья Вераға. Содан соң: -Еш нәрсе де жайдан жай болмайды, - деп қайталады.

Анастасия Пастухова

Суреттерді түсірген автор және Владимир ИСТОМИН

Аманбысың, анашым. Менде бәрі жақсы, қатты уайымға салынудың қажеті жоқ. Нижний Тагильден, есіңде ме, айтып едім ғой, танк училищесінен жерлесімді кездестірдім. Ол бізге жақын жерде тұрған екен. Біз екеуміз қатты достасып кеттік. Бір аптадан кейін оқуымыз аяқталады, сол кезде бізді соғысқа жібереді.  Қай жаққа жіберетінін әзірге білмейміз.

Өздерің қалайсыңдар? Ксения, Аня қалай? Оля тіл алып жүр ме? Егер тіліңді алмаса, мен келіп жазасын береді деп айт. Сендерді қатты сағынып жүрмін.

Сашаларың.

1 ақпан 2012, 19:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.