Атырау, 22 желтоқсан 20:15
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Жойқын жоспарлар

2 351 просмотра

25 қаңтарда өткен облыстық мәслихаттың V шақырылымының бірінші сессиясында облыс әкімі Бергей Рысқалиев депутаттардың жаңа құрамына 2012 жылғы атқарушы биліктің жоспары туралы әңгімеледі.

Жолдар мен пәтерлер көп болады

- Жол құрылысында 2009 жылы басталған Индер-Миялы-Сағыз автомагистралін күрделі жөндеу жөніндегі жобаның бір бөлігі боп табылатын Миялы-Сағыз трассасын қайта жарақтау негізгі жұмыс болмақ,- деді әкім. Сондай-ақ, Жылыой ауданының Тұрғызба селосына кіретін жол мен Құрманғазы ауданының бес поселкесін жалғайтын жол жөнделетін болады. Ганюшкин, Аққыстау және Құлсары аудан орталықтарындағы поселкеішілік жолдар жөнделеді. Облыс орталығындағы көлік жолдары, аяқжолдар мен аула жолдарын жөндеу, сондай-ақ, Махамбет ауданындағы Бейбарыс (бұрынғы Чкалов), Береке ауылдарының, Исатай ауданының Исатай ауылының, Құрманғазы ауданының Ақкөл ауылдарының кірме жолдарын жөндеу жалғастырылады. Қарабау-Миялы көлік жолдарын жөндеу жобасы дайындалуда.

Үстіміздегі жылы 22,5 мың пәтер пайдалануға беріледі. Алдағы уақытта жыл сайын 2-2,5 мың пәтер салынатын болады. Ол үшін облыс бюджетіне 5,17 млрд теңге, инженерлік инфрақұрылым құрылысына 3,8 млрд теңге бөлінеді.

 

Балабақшаға кезек болмайды

Соңғы 5 жыл ішінде облыста 60 білім беру нысаны салынды. Облыстағы қазіргі халық саны үшін осы мөлшер жеткілікті деп есептейді аймақ басшысы. Биылғы жылы 5 мектеп пен 3 балабақша құрылысы жалғасатын болады. Бүгінгі күні облыстағы 202 мектептің 120-сы күрделі жөндеуді қажет етеді.Үстіміздегі жылы 28 мектепті жөндеуге 1,5 млрд теңге бөлінеді, ал таяу 3 жылда бұл проблема толығымен шешілетін болады.

2012 жылы 12 жаңа тұрғын үйдің бірінші қабаттары балабақшалар боп қайта жабдықталады. Махамбет ауданының Алмалы ауылынан жаңа балалар демалыс лагері ашылады. Бүгінгі күні мектепке дейінгі балалар мекемесімен қамтамасыз ету көрсеткіші облыс бойынша 78% құрайды. «Аджип ККО» мен «Теңізшевройл» компаниясының қаржысына 9 балабақша салынады. Таяудағы екі жыл ішінде 100 шағын орталықтар мен балабақшалар пайдалануға берілетін болады. Бұл аталмыш көрсеткішті 100%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

 

Әрбір үшінші тұрғын спортшы болады

Медициналық мекемелерді техникалық қамтамасыз етуге келер болсақ, өткен жылы магниттік-резонансты және компьютерлік томографиялар, облыстық аурухананың травматология бөлімшесі мен қан орталығына арналған жабдықтар, туберкулезге қарсы күрес ауруханасына арналған жылжымалы рентген кешені алынды. Үстіміздегі жылы денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық базасын күрделі жөндеуге және жақсартуға 1,5 млрд теңге бөлінді.

2011 жылы облыста ескек есу базасы мен 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. 2012 жылы Нұрсая ықшам ауданынан спорт кешені мен теннис кортын, сондай-ақ Жылыой, Махамбет аудандары мен Атырауда ангар типіндегі спорт кешендерін салу жоспарланған. Облыстағы шағын елді мекендерде 19 спорт залдары салынатын болады. Бұл жұмыс «ҚазМұнайГаз» ҰК-мен бірге жүргізіледі. 5 жыл ішінде спортпен айналысатын облыс халқының саны 19-дан 35%-ға дейін өсті. Жалпы республикада үстіміздегі жылы халықтың 28 пайызын спортпен қамту міндеті қойылды.

Сондай-ақ, биыл Атырау қаласында 1200 орындық киноконцерт залы салынатын болады.

 

«Жасыл белдеудегі» қала

Жайық өзенінде оның жағалауларын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы олардың көлемі апатты үйлердің көпшілігін алдағы уақытта күреуге байланысты әзірге анықталған жоқ, бірақ жағалауды нығайтуды жалғастырады. «Қаз-Мұнайгаз» Мақат ауданының Байшонас және Ескене ауылдарының тұрғындарын көшіру үшін қаржылар бөлуге уәде берді. Облыстық әкімдік бұл жұмыстарды осы жылы бастауға бар күштерін жұмсайды деп уәде етті Бергей Рысқалиев.

«NCOC» және «Аджип ККО» компаниялары көгалдандыру бағдарламасы бойынша қаланың шығыс жағында «Болашақ» зауыты мен Қарабатандағы «Самал» вахталық поселкелерінің арасында «жасыл белдеу» салу үшін 1 млрд теңге бөлді. Жергілікті биліктің міндетіне суармалы сумен қамтамасыз ету жұмысы кіреді. Сондай-ақ, көгалдандыру жұмыстары үшін қала ТШО, АМӨЗ және басқа ірі кәсіпорындарға бекітілген секторлар бойынша бөлінген.

Ардагер ықшамауданында 5,1 мың тоннаға есептелген көкөніс сақтау қоймасы мен ірі жылыжай жұмыс істейді. Қосымша көкөніс сақтау қоймасын салу қажеттілігі жоқ. Азық-түлік қоймасы мен сүт зауытын салу жоспарланған. Бұдан басқа, бюджеттен  азық-түліктердің тұрақты қорын құру үшін 595,7 млн теңге қаржы бөлінді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 ақпан 2012, 19:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.