Атырау, 13 қазан 06:14
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Бизнесмендерге енді жеңіл болмақ

1 683 просмотра

1 ақпаннан бастап Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын транспорт құралдары мен нысандар үшін берілетін санитарлық төлқұжаттар енді берілмейтін болды деп хабарлады «АЖ» газетіне облыстың бас санитарлық дәрігері Тимур СУКАШЕВ.

Әңгіме автокөлік, теміржол, әуе және теңіз тасымал құралдары жөнінде болып отыр. Санитарлық төлқұжаттардың алынып тасталуы кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетеді және сонымен бірге олардың санитарлық жауапкершілігін арттырады.

- Бұрын нысанның немесе транспорт құралдарының санитарлық төлқұжатын рәсімдеу үшін тексеруді аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық  қадағалау бөлімшелері жүргізетін, -деп түсіндірді Тимур Сукашев. – Кәсіпкерлер санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығынан транспорттың немесе нысандардың қолданыстағы талаптарға сәйкестігіне  бірқатар зертханалық-аспаптық зерттеулер өткізуге мәжбүр болатын. Және сол барлық шығындарды кәсіпкерлердің өздері көтеретін. Транспорт құралдарына берілетін санитарлық төлқұжаттың қолданылу мерзімі бір жыл, ал, санитарлық-эпидемиологиялық нысандарға – екі жыл. Енді нысандар мен транспорттық құралдардың пайдаланылуы бұрынғы берілген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар негізінде жіберілетін болады. Санитарлық төлқұжаттың мерзімінің бітуі бойынша қайтадан зертханалық тексеруден өтудің қажеттілігі жоқ.

Енді жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар адамдарды, коммерциялық бағыттағы қолданылатын азық-түлікті, өндірістік шикізаттарды, шаруашылық - ауыз су, химиялық, улы және радиациялық қауіпті заттарды тасымалдауға қажетті транспорт құралдары мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау нысандарының қауіп-сіздігі үшін жауапкершілікті өз мойындарына алады.  

Тамара СУХОМЛИНОВА

1 ақпан 2012, 19:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.