Кеше, 29 қарашада президент сотталушылар мен олардың туыстарын кезекті рақымшылықпен үміттендіріп қойды. Бұл жолы ол ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шығарылған. Мерекелік мәнмәтіндегі мемлекеттің өз азаматтарына ізгілігі мен сеніміне қатысты бұқаралық актісі үйреншікті іске айналған. Алайда рақымшылыққа қатысты бұл жаңалықты елбасы еліміздің басым көпшілігі демдерін ішіне тарта бақылау жасаған іс бойынша резонансты үкім жарияланған бойда мәлімдеді.
Дүйсенбі күні «жер митингілері туралы» іс бойынша процесс аяқталып, Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫ 5 жылға бас бостандығынан айыру және 250 АЕК айыппұл салу жазасына кесті. Әдетте, атышулы процесстер ұлтты екі топқа бөледі. Шектен шыққан қарсыластар мен жақтаушылар әлеуметтік желілерде бір-бірімен бет жыртыса бастайды.
Бұл жолы мұндай жіктелу болған жоқ, халық қандай үкім айтарын білмей, абдырап қалды.
Бұл абдыраушылық осы іске бақылау жасағандардың баршасын біріктірді. Рақымшылық туралы жаңалықтың екі сотталушының (халықаралық Amnesty International ұйымы саяси қуғын құрбандары деп таныған) туыстары мен жақындарына ғана үміт беріп қоймай, баршаның үмітін оятқаны таң қаларлық емес.
Рақымшылық әдеттегідей азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын, (кәмелетке толмағандарды, жүкті әйелдерді, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерді, қарт адамдарды, мүгедектерді), сондай-ақ болмашы және ауыр емес қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жазадан босатуды көздейді. Сотталғандардың басқа да санаттарына қатысты рақымшылық олардың жасаған әрекетінің жеңіл-ауырлығын ескеріп, шектелген ауқымда және жіктелген түрде, сондай-ақ келтірген шығынды толық өтеген жағдайда қолданылады
Біз заңгерлерден Боқаев пен Аяновқа қатысты ықтимал рақымшылық қолдану мүмкіндігіне баға беруді өтінген едік.
- Білмеймін, заң жобасын, мәтінін көру керек, - дейді республикаға танымал адвокат Джохар ӨТЕБЕКОВ.
- Ал бұрын қалай болып еді?
- Соңғы рақымшылық бұрынғы Қылмыстық кодекске сәйкес болды, сондықтан, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған тұлғаларға қолданылмады.
Атыраулық адвокат Нұрлан ЖОЛБОЛОВ:
- Аянов пен Боқаев туралы мәселе қоюға ерте. Жоба танысу үшін әлі қолжетімді емес. Тиісінше, заң 2017 жылдан бұрын күшіне енбейді. Қолданыстағы Қылмыстық кодекстің баптарының қайсысы рақымшылыққа ілінетінін болжау мүмкін емес. Өйткені, әр рақымшылықтың өзіндік ерекшеліктері болады. Бұдан басқа, егер бап рақымшылық күшіне ілігетін болса да, бұл автоматты түрде босатуды білдірмейді, белгілі бір шарттары болады. Мұның бәрі заңның өзінде бейнеленеді.
Әзірге алдағы рақымшылықты 2011 жылы мейрейтойлық датаға байланысты шығарылған соңғы болған рақымшылықпен салыстыру ғана қалып отыр.
Сол рақымшылық туралы заңның мәтінінде оның күші «ескі» ҚК-нің (164-баптың 3-тармағы) әлеуметтік алауыздықты тудыру туралы «ауыр» бабына – ҚР ҚК-нің қазіргі Макс пен Талғат сотталып отырған «Әлеуметтік алауыздық тудыру» деп аталатын 174-бабының аналогына қолданылмаған.
Рақымшылық туралы жаңа заңның мәтініне бұл баптың енуі неғайбыл. Бас бостандығынан айырудың мұндай үлкен мерзімдері басқа баптарда да қарастырылған. Бұлар бойынша – 274-баптың 4-тармағы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша да оларды атыраулық судьялар кінәлі деп танып отыр.
Айта кету керек, бұл оқиғалардың бірінен кейін бірінің орын алуы кездейсоқ болмағанға ұқсайды. Ғаламторда жұртшылықтың алдыңғы мәселені талқылау қызулығын президенттің рақымшылық туралы жаңалығының едәуір төмендеткені байқалады. Қазір заң жобасы Парламент Мәжілісіне берілген. Әрі қарай ол Сенатқа жолданып, содан кейін ғана президентке қол қоюға жіберіледі. Ал бұл уақыттарда желіде басқа анау-мынау әңгімелер, әлдебір жанжалды сенсациялар немесе атышулы қылмыстар өз бас бостандықтарын құрбан етіп, Қазақстандағы жерді талапайлауды тоқтатқан екі жігітке шығарылған таң қаларлық үкімге қатысты тақырыпты түбегейлі басып тастайды.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА