Атырау, 7 қазан 11:16
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Премьерді кім оятады?

3 764 просмотра

Атыраулық балық аулау артельдерінің үкіметке деген өкпесі қара қазандай

2010 жылдың 21 қаңтарында депутаттар ҚР «Жануарлар әлемін қолдану, өндіру және қорғау жөніндегі» 2004 жылғы Заңға өзгерістер енгізді. Заңның 39-бабы 5-тармағы  13-тармақшасында былай делінген: «балық ресурстары мен басқа да су жануарларының көбею кезеңіндегі миграция маусымында және  шоғырлану орындарында балық аулауға тыйым салынады». Осы түзетудің салдарынан  балықшылар Жайық өзенінің сағасына ау құру мүмкіндігінен айырылып қалды, сөйтіп Каспийден аулауға мәжбүр болды және өткен жылдың көктемгі балық аулау маусымын өткізіп алды.

Атырау облысының және Құрманғазы ауданының ондаған отбасы нағыз балық аулау науқаны қызған кезде үйлерінде қол қусырып қарап отырды, ал, облыс бюджетіне миллиондаған теңгедей салық түспей қалды. 2011 жылдың 15 шілдесінде осы 13-тармақшаға депутаттар жедел түрде өзгерістер енгізді, енді ол былайша толықты: «…ел үкіметі тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс биологиялық негіздемеге сүйене отырып жануарлар дүниесін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы шешім қабылдайды». Содан бері бір жылдан аса уақыт өтті, ал, артелшілер балық аулау маусымының мерзімі көрсетілуі тиіс «балық ресурстарын және басқа да жануарлар түрлерін қолдануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу туралы» үкіметтің қаулысын күтуден шаршады. Қаулы жобасы экологиялық сараптамадан өтті, тек  премьер Кәрім МӘСІМОВТІҢ қол қоюы ғана қалды. Дәстүрлі көктемгі балық аулау маусымы Жайық өзенінде мұз кетіп, қаракөз балығы уылдырық шашқан кезде басталады. Ол мерзім азғантай болса да балық аулау артелдеріне жақсы пайда әкеледі. Егер сол мерзімге дейін құжатқа қол қойылмаса, онда балықшыларға тағы да еңбекақысыз қалу қаупі туып отыр. Жайықтағы мұздың сөгілуіне дейін шамамен бір айдан сәл астам уақыт қалды. Кәрім Қажымқанұлы, ұйқыңыздан ояныңыз!

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 ақпан 2012, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.