AZATTYQ.ORG. "«Әлиевке «балаға бірдеңе болса, жер астынан болсын тауып аламын» дедім. Ол тұтқаны тастай салды»" - Әміржан Қосанов 1990 жылдары саясатта қандай қауіп-қатерлер болғанын айтып берді.
"Атабаев: Арыстанбек көрсеткен құжаттарға қарап күлдім" - «Жаманқұлов-Сыдықова-Жәнібеков» дауына іліккен министр Мұхамедиұлының «Атабаев өтірік айтады» деген сөзін режиссер жоққа шығарады.
"Гүлнараның "өлгенін" ұлы жоққа шығарды" - Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнараның тірі екенін Лондондағы ұлы хабарлады. Ресми орындар үйқамақтағы Каримованың жағдайы туралы ештеңе айтпайды.
ZHASALASH.KZ. "Бiлiм үшiн қаржы жинақтау мәдениетiн қалыптастыру керек" - Сарапшылар тарапынан жүргiзiлген бiрқатар зерттеулерге сүйенсек, Қазақстанда халықтың тұтыну мәдениетi жоғары. Бұны еш жоққа шығара алмасымыз анық. Алайда қазақ халқы болашаққа қаржы жинау мәдениетiнiң төмендiгiмен де ерекшеленедi. Осының өзiнен-ақ қарапайым халықтың келешек қажеттiлiктер үшiн қаржы жинақтаудың орнына, пайызы жоғары болса да дайын несиеге жүгiнетiнiн байқаймыз. Той-томалақтан бастап, көлiк мiну, қора салуға дейiн несиеге “кiретiндер", дағдарысқа қарамастан мойнына банктiк қарыз алғандар азаймаған. Сондықтан да, оқырмандар алдында қаржы жинақтау мәдениетiне, соның iшiнде мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесiне қатысты әңгiме қозғағанды жөн санаған едiк.
365INFO.KZ. "Қазақстан – орысша көп сөйлейтін ел екен! Неге?" - Ресей Федерациясының ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Элеонора Митрофанова ТАСС агенттігіне мынадай сұхбат беріпті.
DALANEWS.KZ.
KORRESPONDENT.KZ. "Сотқа көңілі толмағандар Президенттен әділдік іздейді" - Астанада судьялар бас қосқан алқалы жиын болды. Төрт жылда бір өтетін болғандықтан ба, көп мәселе қордаланып қалыпты. Соның негізгісі – қазақстандық сот жүйесінің мінсіз еместігін осы съезге қатысқан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінен байқауға болар еді. Мемлекет тарапынан сот жүйесі мен судьялардың әділ жұмыс істеуі үшін бар жағдай жасалынып келеді. Соған қарамастан әділдік орнататын инстанцияға халықтың сенімі ойдағыдай емес. Судьялардың VII съезінде осы және өзге де мәселелер сөз болды.
"Алтынды мақтаудың қажеті жоқ" - «Не шықса да, Шымкенттен шығады» дейтін сөз бар. Қазір «не шықса да, депутаттардан шығады» дейтін болдық. Мәжіліс депутаттары Астана атауын өзгертуді ұсынды. Осымен – екінші рет. Бұл жолғы бастамаға Қуаныш Сұлтанов мұрындық болды. Мәжілісмен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі астана мен елдегі өзге де маңызды нысандардың атауында көрініс табуы тиіс деп есептейді.
ABAI.KZ. "Көйлегі қысқа қыздың балалық шағы да қысқа" - Бала кезімде «Ұялшақ сыбағасынан құр қалады» деген сөзді жиі еститін едім. Бүгінгі жас ата-аналар мақалдап айтпаса да ішкі дүниесі баласының ұялшақ болғанын қаламайды. Ұялшақтықты жасықтық деп санайды. Басқа баланың ойыншығын тартып алып жатса мерейі өсіп марқайып, балам немесе немерем өжет деп мақтанып отыратындар бар.
"Ректорлар Қазақстан тарихына реформа керек дейді" - Жақында Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінде аз-кем реформа жасалды. Ел тарихындағы ең реформашыл министрлік бұл жолы Ежелгі Қазақстан тарихын ЖОО-да оқытпау туралы мәселе көтерді.
TURKYSTAN.KZ. "Нұрсұлтан Назарбаев: Сот әділет жоқшысы болуға тиіс" - Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен Қазақстан судьяларының VII съезіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сот саласында жабулы қазан астында қалған бірқатар түйткілді саралап берді. Елбасы «қара қылды қақ жаратын» әділ, аузы дуалы алқабилердің азайып кеткендігін нысанаға алып, сөз сабақтады. Ал төрт жылда бір рет өтетін құрылтайда еліміздің әр өңірінде сот саласында қызмет ететін 600-ден астам делегат пен әлемнің 11 елінен сарапшылар, судьялар корпусының өкілдері екі сағат бойы өздеріне таныс мәселеге жан-жақты қанықты.
"Криостаз: өлім алдындағы өтініш" - Кей адамға ажал ерте келеді, кей адам оған өзі асығады. Құдайдан үміті бар адам үшін біріншісіне налып, екіншісіне ұмтылу – екеуі де шектен шығу саналады. Қызылды-жасылды дүниенің тәттілігіне тоймаған адам баласы ажалдың өзін алдап түсірудің неше түрлі амалын ойлап бақты. Бірақ өлімді жеңді деген пендені көрген ешкім жоқ. О дүниеге озып, одан қайтып келген де адам жоқ. Ажалдың иісін сезіп, бақидың терезесінен сығалаған кей пенделер болмаса… Қазақ «Қыдыр баба» деп атап кеткен адам өмірде болған, бірақ ажал келмеген Қызыр атты ғайып пенде деседі. Бірақ ол туралы дерек өте аз, барының өзі – аңызбен ұштас. Ал бүгінгі сөз ғайып иелері туралы емес, шынымен қайтыс болып, біраз жылдан соң қайта тірілуге үмітті, сол үшін қолда бар қаржысын жұмсауға дайын адамдар туралы. Криогенді технологияларды зерттейтін компаниялар бұл адамдардың үмітін үкілеп, оларды ғылым мен медицинаның құдіретіне иландырғысы келеді.