Атырау, 23 қараша 21:55
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Адалдықтың ақ құсы

26 241 просмотра

  Балықшылық Коля ағай айтқан таңғажайып хикая  

Көгершіннің адалдығы туралы мына ғажайып оқиғаны маған балықшылық бір ағай айтып берді. Оны поселкедегілер жай ғана Коля ағай деп атайды. Оның аузы құрғамай айтатын балағат сөзі, үнемі қыстырулы шылымы мен бүгінгі күні аңыз болған оның көршілерімен сыйыспайтындығы, осының бәрі маған ол адамның жүрегінің кеңдігі мен пейілінің шексіздігін жасырып тұрған бетперде секілді болып көрінді. Әзірге көршісі Коля ағайға жауап берем дегенше, ол түк болмағандай, жымия қарап: «Сәлем, сиыр! Жүр шай ішейік, өй, әкең..., немене кібіртіктейсің, кір, кәне!»,-дейді. Ал, енді онымен ұрыссып  көр!?

Көгершіндерді өсірумен Коля ағай бала кезінен бастап айналысқан. Ол өзінің құстары туралы бәрін біледі. Дегенмен, сол құстарының ішінен бір көгершіннің оның жүрегінен орын алғаны соншалық, ол туралы ол баршаға айтудан жалыққан емес.

- Бірде мен өзім секілді көгершін өсірумен айналысатын адамнан бір көгершінді сатып алдым, - деп бастады Коля ағай әңгімесін.  – Үйге әкелдім. Ол балапан емес, кәдімгідей өсіп қалған көгершін еді. Сөйтіп, оны уақытша ұшу мүмкіндігінен айыруға тура келді (мұндайда кәдуілгі көгершін өсірушілер қарапайым ғана түйреуішті қолданады. Құсты жаралап алмай, мұқият қана бірнеше қауырсынын қосып, тағып қояды, қыздардың шашына заколка таққан секілді. Бұл күйінде көгершін тек бір қабатты үйдің шатырына ғана ұша алады. Сонымен, екі аптадай уақыт жүрді. Осы саланың білгіштерінің айтуынша, осынша уақытта құс жаңа үйге үйренісіп үлгереді екен.– А.П.).

... Екі жұмадан соң мен түйреуішті алып, оны өзімнің басқа көгершіндеріммен бірге ұшуға шығардым. Ауаға көтерілген ол тіпті, бір айналып ұшпастан, өзінің жаңа үйінің қарама-қарсы бетіне қарай ұша жөнелді. Оның қайда ұшып кеткендігі белгілі. Уақыт өткізбестен мен де оның бұрынғы қожайынының үйіне бет алдым. Өзінің ұябасар көгершінінің жанында гүрлеп тұрғанын көргенімде мен тіптен, таң қалмадым. Міне, мәселе қайда жатыр! Шамасы, бұл жерде оның отбасы бар екен ғой. Тағы да ақысын төлеп, әрине, онсыз болмайды, тәртіп солай, үйіме қайта әкелдім.

Бұл жолы мен оның қауырсындарына түйреуішті  бір ай мерзімге салып қойдым. Сенімділік үшін басқа құстардан бөлек ұстап, қасына әдемі деген ұябасар көгершінді қосып қойдым. Шамасы,  ол құстардың әйелдің тартымдылығына деген өз көзқарастары болса керек, әлгі қырсық көгершін кекілді құрбысына көзін де салмады.

Шамалы уақыт өтті. Ендігі үйренген болар деген оймен, оны түйреуіштен босаттым. Қанатын қатты бір сермеп, тіпті, маған қарамастан, тағы да өз үйіне бет алды.

Мен оны үшінші рет сатып алдым. Тағы да қауырсындарын түйреуішпен бекітіп, одан әрі не істесем екен деген ойға шомдым. Оған менің үйімнің несі ұнамайды? Мен көгершіндерімді жақсы көремін, оларды жас балаша күтіп, баптаймын, ал, бұл ше... Оны тағы да, енді төртінші рет сатып алуға тура келсе қайтемін?! Жоқ олай бола қоймас, онсыз да айналаның бәрі мені келеке қылып болды, оның бірінші қожайынының күлкісін көрсеңіз ғой... Меніңше, ол ақша табудың жаңа жолын тапқан секілді. Қысқасы, не керек, әлгі есалаң көгершінмен оның қожайыны түбіме жететін түрлері бар.

Бір кезде тордың есігін ашық қалдырғаным есіме түсті. Келсем, көгершін жоқ. Оның ұша алмайтынын білемін, демек... Көшеге жүгіріп шықсам, ақымақ көгершін жанынан өтіп жатқан машиналарға қарамастан, асфальт үстімен өзінің бұрынғы үй жағына қарай алшаң басып барады. «Кетсең, кет!», - деп есіктің ілмегін үзе жаздап, сарт еткіздім. Оның артынан қумағаныма өкініп, ішімнен уайымдадым. Тіпті, жүдеп кеттім десем болады. Ай, осы менің ұстамсыздығым-ай! Шыдай алмадым, бір аптадан соң көгершіннің халін білейін деп, сатушыға қоңырау шалдым. Сөйтсем, ол өзінің кептерханасына жете алмаған екен...

Жазып алған  Анастасия ПАСТУХОВА, суретті түсірген автор

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адалдыққа берік ақ кептер осы

26 қаңтар 2012, 18:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.