Қазанда Атырау облысында екі жүкті әйел тез дамыған пневмониядан көз жұмды. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дина КАМЕЛОВА хабарлады.
Оның айтуынша, эпидемиологиялық маусым басталғанда (күздің соңы мен көктемнің басы) 103 жүкті әйелде өткір респираторлық вирустық инфекциялар (ӨРВИ) тіркелген:
– Олардың 13-інде инфекция пневмонияға көшкен. Олардың екеуінде ауру қарқынды дамып, өкінішке орай, оларды аман алып қалу мүмкін болмады... Сырқаттың ауыр түріне шалдыққан үш әйел санитарлық авиациямен Астанаға, екеуі Алматыға жіберілді. Бір пациент Астанадан ем алып, ауруханадан шықты. Екіншісі шығуға әзірленуде, үшіншісінің жағдайы тұрақты. Алматыда бір әйелдің жағдайы жақсарып келеді, екінші пациенттің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Бұдан басқа, тағы үш әйел облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларды тұрақты бақылау үшін дәрігерлер жеті орталық аудандық аурухана мен 9 емхана енгізілген өз чаттарын ашқан.
ДДСҰ ұсынысы бойынша тұмаудың алдын алу мақсатында тұрғындардың жалпы санының 10 пайызына вакцина егу қажет. 2016-2017 жылдары эпидемиологиялық маусымда Атырау облысында әлеуметтік осал топтарды тегін вакциналауға жергілікті бюджеттен 26 млн теңге бөлініп, вирусқа қарсы препараттың 30 416 дозасы сатып алынды. Қазан айының аяғына дейін жергілікті бюджет қаржысы есебінен медициналық қызметкерлер, диспансерлік есепте тұрған балалар, алты айдан жоғары жастағы әлсіз және жиі ауыратын балалар, балалар үйінің балалары, Қарттар мен мүгедектер үйінің тұрғындары, жүкті әйелдер ектірілді. Жұмыс берушілер есебінен 8 440 адам вакцина алды. Нәтижесінде облысымызда тұмауға қарсы вакциналаудан 40 627 адам – тұрғындардың жалпы санының 6,8%-ы өтті.
– Өткен эпидемиялық маусымда тұмаудың зертханалық расталған 61 жағдайы тіркелді. Бағымызға қарай, кісі өлімі болған жоқ, - дейді Атырау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ерболат УАИСОВ. – Тұмау - бұл жынысына немесе жасына қарамастан адамдарды зақымдайтын ауыр вирустық инфекция. Осал топқа кірмейтін тұлғалар қалаулары бойынша ақылы негізде қазаннан қарашаға дейін қалалық, аудандық емханалардан және жеке емханалардан екпе ала алады. Вакцина алу тұмаудан кейін туындауы мүмкін көптеген асқынулардың алу алуға көмектеседі.
Оның айтуынша, жыл сайын облысымызда ӨРВИ-дің 2-2,5 мың жағдайы тіркеледі. Көбінесе 14 жасқа дейінгі балалар (76%) ауырады. 2016 жылдың 1 қазаны мен 3 қарашасы аралығында бізде өткір респираторлық вирустық инфекциямен 208 адам ауырған.
– Жүкті әйелдерге эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакциналаудан өткен жөн. Жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде бұл мүлдем қауіпсіз. Өкінішке орай, көпшілігі вакциналаудан бас тартады, нәтижесінде бұл қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін, - дейді Е.Уаисов.
Журналистер бюджет есебінен медиктерден басқа мектеп мұғалімдері мен балабақшалар қызметкерлеріне неліктен вакцина егілмейтінін сұрады. Д.Камелованың айтуынша, бұл мәселе жақын арада ғана облыс әкімінің орынбасары Әлібек НӘУТИЕВТІҢ қатысуымен өткен отырыста талқыланған. Келесі жылдан бастап мұғалімдер мен тәрбиешілер бюджеттік вакциналау бағдарламасымен қамтылатын болады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген автор