Атырау, 4 қазан 17:29
 ашықВ Атырау +10
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Құрылыс қалтаны қысады

5 655 просмотра

Биыл қыста құрылыс материалдары арзандамайтын болды

Қыста құрылыс жұмыстары тоқтап, бұл құрылыс материалдары бағасының маусымдық төмендеуіне мүмкіндік беретін. Жеке құрылыс салушылар мен ірі құрылыс компаниялары осы қалыптасқан дәстүр бойынша бағаның төмендеген сәтінде тастар мен басқа да инертті материалдарды артығымен сатып алып қояды. Алайда, биылғы қыс оған мүмкіндік бермейтін секілді, өйткені, көптеген құрылыс материалдарының бағасы төмендеген жоқ. Оның үстіне, сарапшылар наурыз айының аяғында, яғни, кезекті құрылыс маусымы басталған кезде тағы да қымбаттайды деп есептеп отыр. 

Құрылыс материалдарының нарығындағы қазіргі жағдайға бәрінен бұрын 1 қаңтардан бастап теміржолдағы жүктің тасымалдау құнының 15% өскендігі әсер етті. Оның мәнісі облыстағы қолданылатын құрылыс материалдарының көп бөлігі облыстан тысқары жерлерде өндіріледі, сондықтан да теміржол тарифі барлығының: тастың, қиыршық тастың, портланд-цемент, арматура және тақтайлар бағасына әсерін тигізеді. Сондай-ақ, теміржол вагондарының жетіспеушілігі де себеп болады. Оларды жеткізудегі іркілістен қашанда баға өзгеріп отырады. 

Қазір портланд-цементтің тоннасы өткен жылдың деңгейінде – 20 мың теңге. Алайда, оның бағасы шілде, тамыз және қыркүйек  айының басында 2-3 мың теңгеге жоғары  болды. Бұл сол кездегі вагондардың жетіспеушілігіне байланысты еді. Өйткені, олардың көп бөлігі бидай тасымалдауда болған-ды. 

Осы себептерге байланысты жазда ұлутастардың бағасы 70-тен  90 теңгеге дейін  көтерілді, бүгінгі таңда да бағасы бұдан өзгерген жоқ. Топырақты-құм қоспасының  (ПГС) тоннасы  3 мыңнан 4 мың теңге дейін өсті. Қыс түсе ол тек 3,5 мың теңгеге дейін ғана төмендеді. Бұл оның аязда қатып, вагондарға тиеуге қиындық туғызатындығына байланысты.

Кесілген ағаштардың текше метрінің жазғы бағасы күзде 47 мыңнан  44 мың теңгеге дейін төмендеді, қазір бағасы осы деңгейде тұр. Алайда, бұл бағасы қымбаттауға бейім құрылыс материалдарының санатына жатады және бағаның жуық арада өзгеруі  ғажап емес.

Осы көктемде үйдің іргетасын қалауды жоспарлап отырған жеке құрылыс салушыларға назарларын М500, М400 цементтерінің «беріктілік» коэффициентіне аударуды сұрар едім. Үш ай бойына қоймада жатқан цементтегі бұл коэффициент автоматты түрде төмендеп кетеді. Сондықтан да тек жаңадан өндірілген цементті ғана алыңыз! 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 қаңтар 2012, 23:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.