Атырау, 28 қараша 06:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Күдікке алынған зауыт және кәріздік «бомба» туралы

2 556 просмотра

3 қарашада облыстық әкімдікте су ресурстарын мақсаттық пайдалануға арналған үлкен кеңес өтті. Өңір басшысы Нұрлан НОҒАЕВ кәріз суларын бұру мәселелеріне, сонымен қатар, тұрғындар Атырау МӨЗ-іне тиесілі деп есептейтін қала шеңберіндегі күкіртсутек шығарындыларына қатысты мәселелерге ерекше назар аударды.

Атыраудың оң жақ жағалауындағы кәріздік тазарту құрылғысының ахуалы туралы айтылды. Ол тәулігіне 30 мың текше ағын суларды қабылдауға арналған, ал іс жүзінде 70 мың текшені қабылдайды. Құрылғылар 1978 жылы пайдалануға берілді, содан бері оған бірде бір күрделі жөндеу жүргізілген жоқ. Булану алаңына жетпес бұрын ағын сулар толықтай тазарту циклінен өтпейді, сондықтан бактериялар толып тұр. Рас, «Атырау Су Арнасы» басшысы Андрей ТАШЛЫКОВ қала тұрғындарының су ресурстарын рұқсатсыз пайдаланатындығы және соның салдарынан кәсіпорынның шегіп отырған шығындары туралы көбірек сөйледі.

– Сіз су тұтыну нормасын күшейтіп, есептеу аспаптарын орнаттыңыздар. Бұл қажетті нәрсе екендігіне келісемін. Бірақ сіздер басты проблема – ағын суларды бұруды ұмытып отырсыздар, - деді облыс әкімі Ташлыковқа. – Мен бұрын да айттым, қазір де айтамын, біз бомбаның үстінде отырмыз. Бірақ неліктен екені белгісіз, облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті әрекет етпей отыр. Оң жақ жағалау бөлігіндегі кәріздік тазарту құрылғылары моралдық және физикалық тұрғыда тозған, ал сол жақ жағалауда олар мүлдем жоқ. Күн сайын 70 мың текше метр кәріз суларын булану алаңына төгіп тастаймыз. Бұл мәселені 15 жыл бұрын көтеру керек еді, алайда сіздердің көпшілігіңіз тіпті бұл жаққа қарай қозғалмадыңыз да. Мен Атырау қаласының әкімі Серік ШАПКЕНОВКЕ ең алдымен осы проблеманы шешуді тапсырдым, бұған бүкіл ресурстар жұмылдырылуы тиіс.

Айта кету керек, Атырау тұрғындары Сасықсай деп атап кеткен булану алаңын АМӨЗ жалға алған. «Атырау Су Арнасының» қалдықтарынан бөлек ол жерге зауыт өңделген қалдықтарын төгеді. Ноғаев АМӨЗ өкілдеріне қарап:

– Қалада күкірсутек иісі пайда болған кезде тұрғындар бірден бізге АМӨЗ қызметіне қатысты шағымданады. Қала тұрғындары химиктерге айналған, қашан Сасықсайдан, қашан АМӨЗ-ден иіс келетінін біледі. Сіздер беретін есептер бойынша, бәрі жақсы көрінеді, алай тұрғындары мұны сезінбейді, олар мүлдем басқаны сезеді, - деді.

АМӨЗ өкілдері өз кезектерінде олардың құзырында булану алаңының тек 30 пайызы ғана бар екенін, олардан басқа бұл аумақты тағы жеті кәсіпорынның пайдаланатынын мәлімдеді. Зауыттың бүкіл қалдықтары кәдеге жаратылмас бұрын қажетті тазарту процедураларынан өтеді және шығар кезде қоршаған орта үшін қауіп болмайды. Облыс басшысы өкілетті органдарға тек бір кінәліні тауып, оған айыппұл салуды емес, осы проблеманың егжей-тегжейін толықтай анықтауға тапсырма берді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай айыппұлдар мөлшері тигізілген зиян мөлшерімен салыстыруға келмейді.

– Егер тек АМӨЗ-ді қарайтын болсақ, онда бұл зауыт әлі ұзақ жылдар бойына жұмыс істейді. Ең алдымен өз имиджі туралы кәсіпорын басшысы ойлануы тиіс. Өйткені қазір сіздер нашар иіспен астасып отырсыздар. Бұл мәселе Атыраудағы «газ шабуылы» проблемасын біржолата шешетін шешімді талап етіп отыр, - деп сөзін түйіндеді Н.Ноғаев.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

3 қараша 2016, 22:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.