ZHASALASH.KZ. "Монополистер халықты майшелпекке айналдырды" - Шымкентте жылу бағасы былтыр да, арғы жылы да қымбаттаған. 2014 жылы 86 теңге 95 тиыннан 91 теңге 50 тиынға көтерiлдi. Өткен жылы 104 теңге 64 тиынға тоқтаған. Мiне, баға биыл тағы да көтерiлгелi жатыр. Былтыр 10 пайыздан аса қымбаттаса, монополистер биыл 30 пайызға бiр-ақ жеткiздi. Ең қызығы, атқарушы билiк те бағаны өсiруге кет әрi емес.
"Жалғыздың пикетi" - Әлеуметтiк желiлерде Қазақстанның белсендi азаматтары елдегi заңсыздықтарға, әдiлетсiздiктерге қарсы, адам құқықтары мен сөз бостандығы, демократиялық қағидалар үшiн мерзiмсiз, жалғыз, үнсiз митинг жариялауды бастады. Бұған билiктiң қалай қарайтыны және наразылықтың жаңа түрiне қандай шара қолданатыны әзiрге белгiсiз. Есесiне, жалғыздың пикетiне байланысты Қазақстан билiгi мен БҰҰ-ның Адам құқықтарын қорғау комитетiнiң арасында көзқарас қайшылығы туып отыр.
"Молдова Ресейге бет бұра ма?" - Өткен аптада Молдовада өткен президент сайлауының алдын ала қорытындысы бойынша, 49,7 пайыз дауыс жинаған ресейшiл социалистiк партияның үмiткерi Игорь Додон алда келедi. Оның басты қарсыласы саналған Еуропамен жақындасуды жақтайтын Майя Санду – 37 пайыз дауыс жинаған. Орталық сайлау комиссиясы дауыс берген бюллетеньдердiң 93 пайызын санап үлгергендерiн хабарлады. Егер үмiткерлер тиiстi дауыс жинай алмаса, 13 қарашада сайлаудың екiншi кезегi өтпек.
AZATTYQ.ORG. "Украиналық хакерлердің Ресеймен «киберсоғысы»" - Украинадағы соғыста жеңіске жету үшін Ресейдің билік дәліздеріндегі ақпаратты ұрлап жүрген хакерлер кімдер?
"Қытай Қырғызстан мен Қазақстаннан есек импорттауға бейіл" - Қырғызстанда есек бағып, Қытайға экспорттау ісі дауға айналды. Ал Қазақстан Қытайға есек сату туралы бұрынғы мәлімдемесінен айнып қалды.
365INFO.KZ. "Бұл – Кейкінің басы емес, басқа біреудің басы – ғалым" - Шынымен, бұл – Кейкінің басы ма, басқа біреудің басы ма? Қайдағы біреудің басын арулап жерлеп жүрмейміз бе?
KORRESPONDENT.KZ. "Азабын қазақ тартады, қызығын басқалар көреді" - Бұрындары дімкәс балалар өте сирек кездесетін. Бүгінде жақсы жетілмеген жасөспірімдер жайлы жиі айтылатын болды. Жарымжан көңілін жабырқаған болып, ауыруы туралы жұмсартып айтамыз. «Мүмкіндігі шектеулі азаматтар» дейміз. Туылмай жатып арбаға таңылған тағдырлардың мөлдіреген жанарлары жүректерді ауыртады. Бірақ, аяғаннан басқа амалың, мүсіркегеннен басқа мүмкіндігің жоқ. Тіпті, әр оныншы баланың осылайша ауру болып туылуын қалыпты жағдай деп қабылдайтын болдық. Бұл түрімізбен көп өтпей-ақ мүгедектері ең көп мемлекетке айналып кетпейміз бе? Соңғы кезде жарымжан балалар неге көбейіп кетті? Түрлі аурулардың асқынып бара жатқаны экологиялық жағдайдың ауырлығынан емес пе?
"Кедей мен байдың арасын 9 мың теңге бөліп тұр" - Ең төменгі күнкөріс деңгейі дегеніміз – адамның ең төменгі ақшалай табысы. Ал, кедейлік шегі – адамның ең мұқтаж қажеттіліктеріне ғана жететін қаражат. Осы қазан айында ғана ranking.kz сайты еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейі туралы деректер жариялады. Бүгінде еліміздегі ең төменгі күнкөріс мөлшері 23 191 теңгеге тең. Ең жоғары көрсеткіш – Маңғыстау облысына (28 785 теңге) тиесілі болса, ең төменгісі – Жамбыл облысында (20 581 теңге) тіркеліпті. Тұтынушы бағаларының индексі өткен жылмен салыстырғанда 116,6%-ды құрап отыр.
ABAI.KZ. "1986 жылғы көтеріліске қатысқан қазақ қыздары" - 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығында жадымызда сақталатын, қазіргі жас ұрпақ үлгі тұтатын тағылымды таразалау – парызым болмақ.
"«Қазақ елі» деп аталатын күнге жеттік қой" - ҚР Парламенті Сентатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мырза бастам көтеріп, «Kazakhstan» атауын «Qazaqstan» деп өзгертуді ұсынды. Сенат спикерінің сөзінен қатысты қазақ қоғамында қызу пікір-талас жүріп жатыр. Бір кездері Парламент қабырғасында депутат, ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі болған Мұрат Әбенов мырза арнайы «Abai.kz»порталына сұхбат беріп, аталған мәселеге қатысты пікірін білдірді.
QAMSHY.KZ. "Профессор Мекемтас Мырзахметұлы. Ұлттық идеология — қазақтың күрес қаруы" - Идеологиялардың бірі, бірі болса да бірегейі — ұлттық идеологияда өз әлінше қазақ ұлтының өткені мен бүгінгі жағдайы, ұлттық тарихы, әсіресе, тарихи жады мен тарихи санасы әрқалай сөз болып әрқилы пікірлер көтеріліп жатады. Сөздің басым жағы Ресей, Қытай отаршылдығы тудырған қазақ елінің қасіретті тағдыры, геноцид саясатын саналы әрі жоспарлы түрде қолдануы, немесе бүгінгі тәуелсіздік заманында ұлттық салт-сана, халықтық дәстүріміздің аяқ асты жағдайда қалуы, құлдық сана шырмауынан құтыла алмай батыстың әлем-жәлеміне еліктеушілік әрі ислам дінін жамылып, саяси мақсат көздеген бағыттар да қанат жайып, аңқаулау халқымыздың ой танымын бүлдіруде.
TURKYSTAN.KZ. "Талайды қамықтырған қаламақы реттелмек" - Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада өткен Парламент мәжілісінің көшпелі отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы талқыға салынды. Парламент депутаттары бастаған жұмыс тобы отырысының Алматы қаласында өтуі бекер емес. Себебі әсем шаһар еліміздің мәдениеті мен руханиятының мызғымас ошағы.