ZHASALASH.KZ. "«Терроризм» елесi Орталық Азияны кезе бастады" - Өткен аптада АҚШ-тың Ауғанстандағы қарулы күштерiне қолбасшылық ететiн генерал Джон Николсон ИШИМ Орталық Азия елдерiнiң аумағын қамтуды көздейтiн Хорасан халифатын құруды мақсат еткенiн мәлiмдедi.
"Талхиздi талқандап едi..." - Өткен аптада вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов соңғы жылдары басынан дау арылмай келе жатқан көне Талхиз қалашығының тағдырына араша түстi. Әйтпесе, ЮНЕСКО-ның Әлемдiк мәдени мұралар тiзiмiне енгенiне қарамастан, трактор табаны тиген бұл тарихи нысанға “Ақбұлақ" тау-шаңғы кешенiне салынып жатқан тас жолдың астында қалу қаупi төнген болатын.
"Рақымшылық күтсең, кешiрiм сұра" - Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына орай Қазақстанда сотталғандарға рақымшылық жасалмайтын болды. Билiк алдағы уақытта мұндай тәжiрибеден бiржола бас тартпақ. Қазақстанның iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов ресми түрде кешiрiм сұрағандардың ғана бостандыққа шығуы мүмкiн екенiн мәлiмдедi.
AZATTYQ.ORG. "Түркі саммитінің кейінге қалуының саяси себебі бар ма?" - Қырғызстан түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі саммитін өткізуді кейінге қалдырды. Кейбір сарапшылар саммиттің белгісіз уақытқа шегерілуін қырғыз және түрік президенттерінің саяси көзқарастарымен байланыстырады.
"Сайлаудан соң Мәскеу мен Вашингтон арасы нашарлай ма?" - Ресей мен АҚШ-тың арасындағы қарым-қатынас өзгерді және бұған сайлаудың қатысы жоқ.
365INFO.KZ. "Бала-шағасы шетелде шалқып жүрген шенеуніктерге жаза бола ма?" - Біздің елдің билігінде Қазақстанға еш қатысы жоқ, бала-шағасы шетелде тұратын шенеуніктер бар. Оларды өз арасында ауызекі тілде өмірін көкте өткізетін шенеуніктер деп те атайды екен.
"Қазақы исламды барлығы бірдей ұнатпайды, тіпті, Қазақстанда да" - Дінтанушы Артур Артемьев қазақы ислам салафизмге қарсы тұратын күш болуы әбден мүмкін деген сенімде.
ABAI.KZ. "Ыдырысов шешкен түйінді Қасымов неге шеше алмайды?" - Басқа мемлекеттерге қарағанда, Қытайдан келетін қандастарымыздың жолы ауыр. Соған байланысты, өткен жылы Мәжілісте Көші-қон заңы талқыланған кезде соны жеңілдетуге тырыстық. Гүлнар Сейтмағамбетова жетекшілік еткен жұмыс тобында екі мәселе ең көп талқыға түсті. Біріншісі – сол Қытайдан оралған қазақтардың соттылығының бар, не жоқтығына байланысты «анықтама», екіншісі – Үрімжідегі визаның кезегі. Бекер обалы не, депутаттар бұл кедергіні жоюға барын салып бақты.
"«Не деген сұмдық! 25 жыл ішіндегі жетістік деген осы ма?»" - Адамзат баласының өзге биожаратылыс иелерінен өзгешелігі де артықшылығы да – тіршілігі барысында рухани қоректі міндетті түрде қажет ететіндігі және осы қорек нәтижесінде пайда болған ғажайып энергияны рухани жады атты алтын қорда сақтап, ұрпақтан ұрпаққа аманттап отыратындығы болса керек. Біздің қоғамда осы тұрғыда дәстүр де, дәстүрдің сақталуына деген алаңдаушылық та бар.
KORRESPONDENT.KZ. "Көрме күлкіге қалдырып жүрмесін..." - Сонымен, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына 7-ақ ай қалды. Тықыр таянған сайын билік өкілдерінен де маза кете бастағандай. Шенділер «Күлтөбенің басына күнде» болмаса да, дайындық барысын пысықтап, жиі бас қосатын болған. Дайындық демекші, түнеугүні Иманғали Тасмағамбетовтің бір кездері өзі басқарған Үкіметке «кішірейіп», не себепті вице-премьерлікке келгенін сәл түсініңкіремеген едік. Сөйтсек, жолында жүк қалдырмайтын нар шенеунікке үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр екен ғой.
"«Болашаққа» кеткен миллиардтарға талай ауылдың жыртығы жамалар еді" - Бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқығандардың саны 12 мыңға жеткен. Тәуелсіздігін алғанына 25 жыл болған мемлекет үшін 23 жыл бойы шетелге балаларын оқуға жіберу, оның атан түйеге жүк болардай қаражатын аударып отыру оңайға соққан жоқ. Алайда аталмыш бағдарлама күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Ендігі «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алған түлектердің алды жиырма жылдық тәжірибе жинап үлгерді.
TURKYSTAN.KZ. "Шетелге берілген балалар — Қазақстан оларға 18 жасқа дейін жауапты" - Шетелдіктер баланы алдым, басыбайлы біздікі деп ат-құйрығын үзісуге дайын. Бірақ бала 18 жасқа толғанға дейін Қазақстан оған жауапты, оның әлеуметтік жағдайы мен құқықтық мәртебесі өз отанында қадағалануы тиіс. Себебі соңғы жылдары орын алған жайттар асырап алынған балалардың болашағына бей-жай қарамау керектігін ұғындырды. Осыған дейін еліміз шетел асып, бөтеннің жетегінде кеткен балалардың жалпы жағдайы туралы басын ауыртқан жоқ. Мемлекет пен шетел азаматтарының арасындағы алыпсатар агенттіктердің қитұрқы қимылдарының арқасында балалар кім көрінгеннің қолында кетті.
QAMSHY.KZ. "Қос төңкеріс Қырғызстанға не берді?