Бос уақытында біреулер кесте төксе, біреулер жыр жазады, енді бірі түні бойына бір демалмастан «Танки» ойынына бас қояды, біреулер бильярдпен өз шеберліктерін шыңдаса, Атырау тұрғыны Нұрбол СӘЛІМГЕРЕЕВ анкерлі болттарды, арматураны майыстырып, ат тағасын иеді және көп адамның қолынан келе бермейтін нәрселерді жасайды. Оның хоббиі осындай.
Нұрболдың айтуынша, студент кезінде ол спортқа әуес еді. Атап айтқанда, күреспен шұғылданатын, бірақ кейін спортты тастап кетті. Бірде интернеттен шымыр жігіттердің ғажайыптар жасап жатқанын көреді: олар карта колодасын қақ ортасынан жыртып, арматураны майыстырып, темір шынжырларды үзіп тастаған. Мұны көрген соң, ол менің де қолымнан келеді деп шешті. Ізденіп оқып, фильмдер қарай бастады. Сөйтсе, осынау күш трюктерінің негізінде 19-ғасырдың өзінде Поддубный, Қажымұқан және басқа да палуандар көрермендерді изометриялық жаттығулармен таң қалдырған екен. Нұрбол бұған қол жеткізуге әбден болатынын түсініп, жаттыға бастады. Бір жақсысы, ғаламторда осы тақырыпта материалдар жеткілікті. Алдымен шегелермен жұмыс істеді. Шегелер оның қолында майыса бастағанда, тапсырманы қиындатты. Скотчпен жалғап, екі шегені қатарынан майыстыра алатын болды.
– Бір күні досымның үйінен анкерлік болтты көзім шалды. Бұл қиындау іс болатын – олар жуандау әрі қаттылау. Бірақ уақыт өте келе оны да майыстыра алдым. Содан соң тағаны да иіп көрсем дедім, - деп әңгімелейді Нұрбол. – Ең жұқасынан бастадым. Бұған күш қана емес, техника да керек екенін түсіндім. Алғаш жамбасыма салып тағаны майыстырғым келген кезде аяғымда көгерген жерлер пайда болды. Осы жерде бұлшықеттерді шынықтыру керек екенін түсіндім. Спортзалға кеттім. Ол жерде «темірмен» шынықтым – жүрелеп отыру, жатып сығымдап көтеру, тұра тарту. Бұл жалпы денсаулық үшін пайдалы, егер, әрине, жүктеме дұрыс есептелсе. Бүгінгі күні көп адам арқасындағы проблемаға, остеохондрозға шағымданады. Оған себеп – аз қозғалу. Ал бұл жаттығулар ағзадағы қан айналысын жақсартып, бұлшықеттерді шынықтырады. Бұдан басқа, шыныққан бұлшықет «корсеті» зақым алған жағдайда тез қалпына келуге көмектеседі. Мәселен, менде тізе буынымның шеміршегі үзілген кезде, дәрігерлер ота жасады, жаттығу жасауға тыйым салды. Бірақ мен жаттығуымды жалғастырдым. Аз жүктемеден бастап, біртіндеп көбейте бердім. Бүгінде ол зақым баяғыда ұмыт болды.
– Сонда басты құпия неде?
– Бұл жерде бәрі де маңызды - күш те, техника да: қай бұрыштан, қандай таянышпен бір затты қалай майыстырып, бүгу керек және қайталап айтамын, жатыққан бұлшықеттер болуы керек. Мәселен, мен қолымның бұлшықеттерін эспандермен жаттықтырамын. Спорт дүкендерінде сатылатын түрімен емес, кәсіби түрімен. Болаттың сапасына да байланысты болады. Мәселен, мен тәжірибе жүзінде қарапайым болат шыбықты майыстыру қиын емес екенін білдім, ал арматура - басқа мәселе. Шыбық – ыстықтай тапталған материалдан жасалған, анағұрлым тегіс, анағұрлым икемді. Арматура суықтай тапталған материалдан жасалған, оның үстіне ол бедерлі.
– Палуан денелі болуы тиіс деген ұғым мүлдем теріс пе?
– Иә, алып болу міндетті емес. Александр ЗАСС деген палуан болды. Бойы
Құрғақ сөз болмас үшін Нұрбол көзімізше болат анкер болтты иіп тастады. Содан соң, күшін салып, тағаны майыстырды. Ал кейін ойын картасының колодасын қақ ортасынан бөліп тастады. Бұл керемет еді! Шынайы сүйсінгенімді білдірген соң:
– Мұның бәрі не үшін жасайсың? – деп сұрадым.
– Бастапқыда үйдегілер маған есің дұрыс па, басқа жасайтын шаруаң жоқ па дейтін. Бірақ, біріншіден, айтып өткенімдей, бұл адамды сауықтырады. Бастысы – әр уақытта алға талпынысың болады, бұл жерде шектеу жоқ. Джеймс БЕРГМАН деген американдық бар, ол өте қалың тағаны бүге алады, жер бетінде одан басқа ешкім бұлай істей алмайды. Мен де ешкім жасай алмайтын осындай басқа нәрселер жасағым келеді, - дейді Нұрбол.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген автор
Бейнежазбаны түсірген Марат ТАКУЛИН