Атырау, 28 қараша 08:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Адамдар от пен судан көз жұмуда

3 153 просмотра

Image 0

Суық түсе бастағанда елімізде газ иісіне улану жағдайлары жиілеп кетті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық ТЖД басшысының орынбасары Замир БЕРДАШЕВ хабарлады.

Жыл басынан бері Атырау облысында үш адам көз жұмған 266 өрт оқиғасы орын алып, материалдық зиян 39 млн теңгені құраған. Өрттің басым бөлігі тұрғын сектордың еншісінде: суық басталған кезде адамдар жылыту пештерін қолдана бастайды және көпшілігі қауіпсіздік ережесін сақтамайды.

Өрт сөндіру саласындағы жағдай да мінсіз емес. Өңірде 3 016 өрт сөндіру гидранттары бар, олардың жарамдылығы жылына екі рет тексеріліп отырады. Көктемгі тексеру жұмыстары 560 гидранттың жарамсыз екенін көрсетті. Бұл туралы «АтырауСуАрнасы» КМК мен аудандарды сумен қамтушы мекемелерге хабарланды, алайда әрекет жоқ.

Өрт сөндіру машиналарына 6-7 тонна су сыяды, бұл 10 минуттық жұмысқа жетеді. Содан кейін гидранттарға жалғану керек. Норма бойынша ол әр 100 метр жерде орналасуы тиіс. Іс жүзінде бізге суды 200-300 метр қашықтықтан тартып шығаруға тура келеді, - дейді ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің басшысы Абдулқапар ЖҰМАНОВ.

Бұдан басқа, төтенше жағдай қызметкерлерінің пікірінше, жаңа өрт сөндіру депосын салу керек. Қазір олардың саны облыс бойынша 13, оның сегізі типтік және бесеуі бейімделген ғимараттар, кейбіреуіне 40 жыл болған.

Жаңа депо салу үшін жер телімдері бөлінген. Бірақ әзірге қаржы болмай отыр. Мәселен, 2014 жылы Атырауда Самал ықшамауданында типтік өрт сөндіру депосының жобалау-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленді. Нысан құны - 1 млрд 86 млн теңге. Алайда республикалық бюджеттің қысқартылуы салдарынан құрылыс кейінге қалдырылды. ЖСҚ-ның қолданыс мерзімі 2017 жылы аяқталады.

Облыс орталығы соңғы жылдары едәуір кеңейді, әсіресе, Жұмыскер, Сарықамыс, Еркінқала жаққа қарай. Жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімі осы ықшамаудандардан 25 км қашықтықта орналасқан. Яғни, біз ол жаққа 38-40 минут жүріп барамыз, - дейді Жұманов. – Бізде Атырау, Ақсай ауылдарында және Лесхозда депо үшін жерлер бар. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен Индер, Исатай және Қызылқоға аудандарына ЖСҚ әзірлеу үшін қаржы бөлінді. Бірақ құрылыс салуға әзірге ақша жоқ.

«АЖ»-ға аулаларындағы өртке қарсы ахуалға алаңдаған көппәтерлі үйлердің тұрғындары жиі хабарласады: ол жерде үнемі жаңа құрылыстар салынып, онсыз да аз кеңістікті тарылтып жібереді. Неліктен ТЖ қызметі бұған еш әрекет етпейді?

Қазіргі уақытта ТЖ қызметкерлері құрылыстарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамына кірмейді, - деп жауап берді З.Бердашов. – Құрылыс салуға рұқсат алу үшін де ТЖ келісімі қажет емес. Бұл шағын және орта бизнес аясындағы шектеулердің азаюына байланысты болып отыр.

Судағы қауіпсіздік туралы да әңгіме қозғалды. Бұл ауыр тақырып: жыл басынан бері облыстың су тоғандарында 28 адам қаза тапқан, оның 17-сі шомылу маусымы басталғанға дейін суға кеткен, олардың басым бөлігі балықшылар. Осыған байланысты департамент қызметкерлері балықшылар мен суға шомылушылардан сақтық танытуды, алкогольдік ішімдіктер ішпеуді өтінеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

19 қазан 2016, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.