Атырау, 28 қараша 08:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бас жылу беруші: «Диспетчерлікке қоңырау соққанда сөздеріңізге абай болыңыз»

2 023 просмотра

Бүгінгі күні Атыраудағы бүкіл мектепке, балабақша мен ауруханаларға жылу берілген. ЖЭО жүйесінен жылу алатын 841 үйдің ішінен шаруашылықта жоқ алты тұрғын үй жуу-жаю жұмыстарынан өтпеген. Оларды жөндеу жұмыстарымен қалалық ТКШ бөлімі айналысады. Тұрғын үйлерге жылу беруді 13 қазаннан бастауға тапсырма берілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ (суретте) хабарлады.

Қазан айының басында Атырауда күн салқындап кетті. Біз бүкіл қалалық ПИК-терге, кәсіпорындар мен мекемелерге, егер қаласа жылу берулеріне болады деген ұсыныспен қоңырау шалдық. Тек бірнеше ПИК пен заңды тұлғалар ғана – бар болғаны 136 нысан келісті. Жылу беру – ажыратқышты іске қоса салу емес. Тұрбаларға су толтырып, жылуды әр тұтынушыға жеткізу керек және ешкімнің пәтерін су баспағанын тексеру қажет. Бұған көп уақыт кетеді. Норматив бойынша қаладағы бүкіл баспанаға бір аптаның ішінде жылу беру керек. Соңғы жылдары 4-5 күннің ішінде үлгеріп жүрміз, яғни, егер 13 қазанда жылу бере бастасақ, онда 17-18 қазанға дейін бүкіл қаланы жылу жүйесіне қосамыз, - деді Шамшатов.

Бас жылу беруші жылу жүйелерінің тозғандығына қынжылыс білдірді:

Тәуелсіз сарапшылардың мәліметі бойынша, Атырауда жүйелердің 72 пайызы тозған. 33 пайызында жылу изоляциясы жарамсыз болып қалған. Көп жылдар бойына жылу жүйелерінің тозу қарқыны, әдетте, қаржының бөлінуіне байланысты болатын жөндеу қарқынынан басып озды. 2012-2014 жылдары біз жыл сайын жөнделетін құбырлар ұзындығын 34 км-ге дейін көбейттік. Алайда проблеманы шешу үшін тұрбаны жөндеу жұмысының көлемін жылына 45-50 км-ге дейін жеткізу керек. Қалада 40 жыл болған тұрбалар бар, ал магистралды құбырларды пайдалану мерзімі әрі кеткенде 25 жылдан аспауы тиіс.

– Ендеше қысқа толықтай дайын екендіктеріңіз туралы қалай мәлімдеп жүрсіздер?

– Біз құбырларға жоғары қысыммен жаппай шаю-тазалау жұмыстарын жүргіздік және қаладағы жылу жүйесінің қысқа дайын екендігін мәлімдейміз. Атыраудағы жылу жүйесінде 10 жылдан бері ірі апаттар болған жоқ. Бұған кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасының жүзеге асырылуы көп септігін тигізіп отыр.

– Тозығы жеткен тораптардың проблемасын шешу үшін қандай сома қажет?

– Бұл туралы айту қиын, өйткені бірдей диаметрдегі бір километр жылу торабын жүргізу құны оны төсеу әдісіне, оларды тексеру және көшіру мүмкіндігіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Ол үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу керек.

– Егер пәтерге жылу толық берілмесе, қайда шағымдануға болады?

– Біз жазбаша түрде де, 32-22-58 телефоны арқылы да шағымдар қабылдаймыз. Бұл диспетчерлік қызмет телефоны автоматты түрде қоңырау шалушының сөздерін жазып алып, шағымды тіркейді. Егер диспетчерлік қызметке қоңырау соғатын болсаңыз, сөйлеген сөздеріңізге абай болыңыздар! «Атырау жылу жүйелері» АҚ-ның тарапына өткен жылу маусымы кезінде түскен 139 шағымның 71-і біздің кәсіпорынға байланысты емес себептерге байланысты болды. Өйткені, жылу сапасының төмендеуі тұтынушының өзінің кінәсінен орын алып жатады. Аты-жөндерін атамай-ақ қояйын, алайда көптеген ПИК төрағаларында иек артушылық басым. Әдетте, тұрғын ең алдымен үйінің жылымау проблемасы бойынша өз ПИК-іне жүгінеді. Бірақ оны жылу жүйелері кәсіпорнына шағым жазуға мәжбүрлейді. Біздің қызметкерлер көбінесе тікқұбырдың ішінде ауа бар екендігін анықтап жатады. Яғни, бар болғаны жоғарғы қабатқа көтеріліп, жиналып қалған ауаны Маевский шүмегінен шығару керек. Бұл ПИК қызметкерлерінің жұмысы. Бірақ көбінесе төраға сантехник ұстағысы келмейді, бар проблема осында. Мен олар жылы жерге орнығып алған дер едім...

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

11 қазан 2016, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.