9 айдан бері қаржы полициясы, прокуратура мен сот Матаевтардың журналистік отбасына теңдессіз қысым көрсетуде. 2016 жылғы 13 қаңтарда билік тарапынан да қудалау басталды. Алғашқыда бізді 300 млн бюджет қаражатын жымқырды деп айыптады, кейін ол цифр 450 млн-ға дейін өсті, одан кейін ол 680 млн теңгеге дейін жетіп, 1,5 млрд мөлшеріндегі пайда тапқан-мыс деп шықты.
1996 жылдан бастап 2016 жылға дейін Ұлттық баспасөз клубы бір де тиын алған емес, және барлық қаражаттар тек Қазыналық комитеті арқылы өтетінін сіздер білесіздер. Барлығы ол туралы біледі, бірақ үнсіз қалып отыр.
Осы сомаларды тергеу барысында Алматының жемқорлыққа қарс іс-қимыл жөніндегі қызмет жетекшісі Утеев пен ұлттық бюро төрағасының орынбасары Татубаев бүкіл елге жариялап, біздің отбасымызды аса ауыр қылмыс жасаған деп айыптады. Сотсыз және тергеусіз.
Бүкіл қаңтар мен ақпан айы бойына олар бізден бір ғана нәрсені – қылмыстық жауапкершіліктен босатуға айырбас ретінде тергеумен ымыраға келуді – талап етті, бірақ біздің отбасымыз ол ұсынысты қабыл алмады, себебі біз тергеумен ымыраға бару дегеніңіз арыңмен ымыраға бару деп есептедік.
Қаржы полициясы тергеуді парламенттік сайлауға дейін аяқтауға асықты. Біз одан бас тарттық, сонда қысым Президент Әкімшілігінен басталды. Мен ең басты қаржы полицейі Қожамжаровтың қатысуымен болған Нығматулинмен кездесуге бірнеше рет қатыстым. Нығматулин маған ультиматум қойды: айыпты мойындап және тергеумен ымыраға келу, 65-ші бап бойынша өтініш жазу; 600 млн теңге мөлшеріндегі келтірген-мыс шығынды өтеу және баспасөз үшін брифинг өткізу, сөйтіп, сонда мен барлық айыбымды мойындауды. Мен ол ультиматумды қабыл алмадым, ол дегеніңіз, т ек өзіңе ғана үкім шығару емес, сонымен қатар бүкіл қазақстандық журналистикаға үкім шығару деген сөз, бүкіл журналистік қауымдастықты соққыға қою және тәуелсіз журналистикаға крест қою деген сөз.
Сол кезде мені қудалауды бастап отырғандар ең шекті қадамға барып, мені ұстап, қамауға алып, уақытша абақтыға жатқызды. Содан соң менен 17 сағат бойына жауап алу басталды. Мені баспасөз қолдап шықты, негізінен шетелдік баспасөз қолдады, ол үшін мен оларға алғысымды білдіремін.
Шұғыл түрде Алматыға бойын қорқыныш билеген бюро төрағасының орынбасары Татубаев ұшып келді. Олар мұны күтпеген еді, жылағандай болып, жарияланымдарды доғаруды сұрады. Мен онымен келіспедім, себебі ол менің әріптестерімнің кәсіби ісіне араласу болып табылады және ол Конституцияда тыйым салынған нағыз цензура болып табылады.
Менің туыстарыммен араласуымды шектеу үшін, мені, одан соң ұлымды қамауға алды. Менде гипертоникалық криз болды, және мен білікті медициналық көмексіз қалдым. Тергеу, прокуратура мен сот әдейі менің денсаулығымды нашарлатты. Тіпті тергеуші Таубалды менің үйіме басып кіріп, жұмыс істеп жатқан «жедел жәрдемге» мені шұғыл түрде кардиологиялық орталыққа алып кетуіне тыйым салып, онда да маған ем алуға мүмкіндік бермей, шұғыл түрде ауруханадан шығаруды талап етіп, дәрігерлерге қысым көрсеткен жағдайлар да болды. Ал мен соңғы 9 айда ауруха наға бірнеше рет жатқанмын. Маған елеулі екі ота жасалуы керек еді, оны қаржы полициясының бастамасымен жасалған сот-медициналық сараптама анықтады. Бірақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы менің емделуіме тыйым салды. Білікті көмек алуыма сот төрағасы, судья Ақболат Құрмантаев та негіз жоқ деген сылтаумен рұқсат бермеді. ЕҚЫҰ өкілдері ол шешімді азаптау деп атады. Ал оған БҰҰ конвенциясы тыйым салған. Оның ішінде Қазақстанда да
Қылмыстық іс бойынша 300-дей куәлардан жауап алынды, солардың ішінде тек шенеуніктер тергеу қысымымен кереғар көрсетулер беріп жатты. Олар Ақпарат комитетінің экс-басшысы Берсебаев, Қаленбеков, Арпабаев, Қазанғап пен Байбосынов, сондай-ақ «Қазақтелеком» менеджері Махамбетәжиев болды.
Қалденбековты, ол ауру деген желеумен ойыннан шығарып тастады. Біз білгендей, ол бұрынғысынша жұмысқа барып жүр, және бұл жерде себеп басқада. Қазір ол Жоғарғы соттың ақпараттық қамтамасыз ету департаментінде жетекші болып табылады
Бізге қарсы тағылып отырған барлық айыптар солардың көрсетулеріне негізделген, олар осы мәселеде тергеумен ымыраласты, бірақ мен олар арларын сатып кетті деп есептеймін, олар маған және менің ұлыма күйе жақты, олар жеке бас қамын ойлап, өздерінің әріптестеріне күйе жақты. Олар сатқындар, олар өздерінің абырой-беделдерін жұрдай етті. Оны бүкіл Қазақстан білсін.
Енді мені және менің ұлымды қудалауға қатысты. Олардың арасында қаржы полициясының, салық департаментінің қызметкерлері, тергеу прокуроры мен тергеу судьялары бар. Ерекше құлшыныс танытқандар қаржы полициясынан Таубалды, прокурор Баташбаев, Ширалиев, Құракпаев пен Абаев, судья Құнчаев пен судья Құрмантаев. Тізімде барлығы 120 шенеунік, оларды өзінше «Матаевтардың тізімі» деп атауға болады.
Олардың арасында журналистік отбасын қудалағандар бар. Ол Президент Әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Нығматулин, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшыларының бірі Татубаев, жартылай олигарх және жартылай медиа-магнат Клебанов, ол кезінде Израиль азаматтығын алған. Біз бұл жөнінде бірнеше рет ашық жаздық. Солардың айтуымен менің отбасымды қылмыстық қудалау басталды, солардың айтуымен Алматыдағы баспасөз клубының ғимараты бұзылды, солардың айтуымен Қазақстан журналистер одағының жұмысы тоқтатылды, солардың айтуымен мүлкіміз қамауға алынды, солардың айтуымен біз ұлымыз екеуміз ұзақ уақыт бойына үй қамағында отырмыз
Матаевтар отбасын қылмыстық қудалаудың себебі неде? Ол кәсіби қызметін шектеу, Қазақстандағы сөз бостандығын қорғау мен журналистердің азаматтық белсенділігіне қарсы іс-қимыл. Қудалауға ықпал етушілер бұл туралы тікелей айта алмады, сондықтан басқа жолын таңдады. Экономикалық бұзушылықтар табу жолын.
Сол айыптарды мойындату, сосын рейдерлік тәсілмен Ұлттық баспасөз клубының активтері мен мүлкін басып алу.
Маған Нығматулин президент әкімшілігіндегі кездесулердің бірінде тіке айтты: «ҚазТАГ-ты» бер сонымен бәрін тоқтатамыз. Істі тоқтатып, қылмыстық жауапкершіліктен босатамыз. Бірақ, Алматыдағы ғимарат пен Астанадағы «Журналистер үйін» тәркілейтінін айтты. Ол: «Балаларыңды ойла, немерелеріңді ойла. Өзіңнің бірбеткейлігіңмен сен оларға не қалдырасың?», - деді.
Енді прокуратура мен сот сол мүлікті айыптау үкімі арқылы тартып алуға талпынуда. Менің мемлекеттік марапаттарым жоқ, десек те, менің журналистік отбасым мақтанатын жетістіктерім бар. Мен кеңестік дәуірде баруға мүлде жабық болған Невада штатындағы ядролық полигонда болған бірінші кеңестік журналистпін. Мен кезінде танымал Известия газетінің штатына қабылданған алғашқы қазақ журналисті болдым. Мен Сауд Арабиясы королінің шақыртуымен кеңес уақытында Мекке мен Мединаға қажылыққа барған алғашқы қазақ болдым. Мен президенттің бірінші баспасөз хатшысы және премьер-министрдің бірінші баспасөз хатшысы болдым, мемлекеттік билік жүйесінде бұл құрылымдарды бірінші болып ұйымдастырдым. Менің отбасым Ұлттық баспасөз клубын ұймдастырды, ол толық ақпараттық қызмет пакеті бар бірден-бір диалогтік алаң болды. Менің отбасым кезінде тіркеле алмаған Қазақстан Журналистер одағын жандандырды, ол қазір елдегі ірі шығармашылық бірлестікке айналды. Менің отбасым кезінде кеңес уақытында танымал болған және қазір бүкіл әлемге танымал болған агенттікке ҚазТАГ атын қайтарды. Ме нің отбасым Астанада Қазақстан журналистер үйін тұрғызды, ол елорда ауыстырлығаннан кейін өз қанатының астына жүздеген журналистерді, менің әріптестерімді қабылдады. Менің отбасым Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Өзбекстандағы, Ауғанстандағы, Иран мен Қытайдағы ақпараттық агенттіктер желісін ұйымдастырды, олар қазір өңірлік ақпараттық желіге айналды, әлемде олардың баламасы жоқ. Барлық осы ақпараттық активтер Қазақстанның мүддесіне жұмыс жасауда, әлемге біздің елімізді танытып, Республикамыздың оң имиджін ілгерілетуде. Мұны мен кімде-кімді райынан қайтару немесе аяушылығын туғызу үшін айтып отырған жоқпын. Мұның барлығын мен факт ретінде айтып отырмын.
Жалпы, оларға кез келген журналистік публицистика негізделуі керек. Оның үстіне тергеу, прокуратура және сот тарапынан келтірілген дәлелдер де фактілерге негізделуі керек. Олай болған жоқ. Мұның барлығы оның тапсырыс болғанын білдіреді. Ал оған бастама болып отырғандар саяси мемлекеттік қызметкерлер. Демек, толық құқықпен бұл менің және менің ұлымның аузын жабуға, кәсіби қызмет пен азаматтық белсенділікті шектеуге арналған саяси тапсырыс деп айтуға болады. Бұл мен мен менің ұлымның үстінен ғана болып отырған сот емес. Бұл қазақста ндық журналистиканың үстінен болып отырған сот. Бұл Қзақастандағы сөз бостандығының соты. Өз ойын білдіруге деген сот.
Мен және менің ұлым Әсет ешкімге қарыз емес. Біз ешкімге міндетті емеспіз. Біз ешкімнен кешірім сұрағалы отырған жоқпыз, біз заңды бұзған жоқпыз. Біз өзімізді кінәсізбіз деп есептедік және солай есептейміз. Біздің сағымызды сындырып, тіземізді бүктіре алмады. Біз тергеумен келісімге бармадық, жақсы атамыз бен беделіміз Матаевтар журналистік отбасының басты капиталы. Назарларыңызға рақмет.
(2016 жылғы 27 қыркүйекте болған соттағы С. Матаевтың сөйлеген cоңғы сөзінің толық мәтіні)