Атырау, 28 қараша 13:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Шатырлар ұшатын кездер де болады

2 181 просмотра

15 тамызда салық комитетінің жанындағы автотұрақта ТЖ орын алған еді: техникалық қызмет көрсету станциясы ғимаратының шатыры жұлынып кетіп, тұрақта тұрған бірнеше автокөлік бүлінген болатын.

Зардап шеккендер бірінші кезекте техникалық қызмет көрсету станциясының иелеріне жолықты. Бірақ, олар болған жағдай үшін мойындарына жауапкершілік алудан бас тартып, қолайсыз ауа райы орын алғанына сілтеді. Естеріңізге салып өтейік, сол күні қатты ұйытқыған жел тұрып, күшті нөсер жаңбыр жауды.

Бәрінен де Ержан НҰРШАНОВТЫҢ автокөлігі қатты бүлінді. Көліктің төбесі тесіліп, артқы жағы майысқан. Бұл шанақтың геометриялық пішінін бұзып, оны қалпына келтіру мүмкін емес болды. Сол күні Е. Нұршанов болған жағдай туралы ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшасына шығарып, кеңес сұраған болатын. Оған жаны ашыған қала тұрғындары әртүрлі органдарға – полицияға, ТЖ-ға жолығуға, Қазгидрометтен анықтама алуға және т.б. кеңес берді.

Мұндай оқиғалардан ешкім де сақтандырылмаған. Сондықтан біз кеңес алу үшін адвокат Гүлсім САБЫРОВАҒА жолықтық. Мұндай жағдайларда бүлінген мүлік иелері не істеуі керек? Болған жайтты куәландыру үшін және келтірілген шығынның орнын толтыру үшін қайда баруы керек?

Мұндай жағдайда әрбір автокөлік иесінде болуға тиіс міндетті сақтандыру көмектеспейді екен, ол тек үшінші жақты қорғайды.

– Әуелі полицияны шақырту керек, – дейді Г. Сабырова. – Полиция қызметкерлері оқиға орнын қарап шығулары тиіс. Шатырдың құлау фактісін тіркеп, оқиға туралы анықтаманы толтыру керек, ол жерде шатырдың қай ғимараттан құлағаны көрсетілуі керек. Одан бөлек, анықтамада автокөлікке келтірілген залалдар көрсетіліп, оқиға орнында фототүсірілім жүргізілуі тиіс. Куәгерлердің байланыс телефондары жазылып алынуы қажет. Басқа да бүлінген көліктер туралы ақпараттар жиналуы тиіс. ҚР АК-нің 189-бабына сәйкес, меншік иесі (бұл жағдайда шатыры құлаған ғимараттың иесі) оған тиесілі мүлікті ұстау ауыртпалығын көтереді, егер басқасы заңнамалық актілермен немесе келісімшартпен көзделмеген болса, біржақты тәртіпте мұндай ауыртпалықты үшінші тұлғаға арта сала алмайды.

Әрі қарай бүлінген мүлікті сараптамалық бағалаудан өткізіп, шатыры жұлынып кеткен ғимараттың кімнің балансында тұрғаны туралы, яғни, ғимарат кімнің құзіретінде екенін, жеке немесе заңгерлік тұлғаның атауын анықтау үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына ресми сауал жолдау керек.

Кейін көліктің бүлінгеніне байланысты келтірілген залалдың орнын толтыру туралы талап-арызбен сотқа жүгіну керек. Талап-арызға көліктің иесі екеніңді дәлелдейтін құжаттарды және басқа да құжаттарды, соның ішінде жоғарыда көрсетілген бүлінген мүлікті бағалау актісін де қоса беру керек.

Тұрғын үй қорын техникалық пайдаланудың арнайы ережелері мен нормалары бар. Оған сәйкес, тұрғын үй қорына қызмет көрсетуді ұйымдастыру шатырлы үй-жайдың, шатырдың, су бұрғыштың және тағы басқаның жақсы күйде болуын қамтамасыз етеді.

Ғимараттың шатырын көріп шығып, техникалық есеп толтыратын ғимараттың техникалық жағдайын тексеруге (салмақ түсетін және қоршайтын конструкция, торап, тетіктерді тексеру) лицензиясы бар тәуелсіз сарапшыларды тартуға болады.

Ал Г.Сабырова мүлікті мұндай жағдайлардан қорғаудың ең жақсы жолы - міндетті деп саналмайтын, бірақ әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қажет болып отырған өз еркімен сақтандыру деп есептейді.

Ержан Нұршанов болса, оқырмандармен өз тәжірибесімен бөлісті:

– Кез келген оқиға орын алған жағдайда уәкілетті органдар өкілдерін шақырту өте маңызды. Олардың сол кезде көмектесетіні маңызды емес, бұл - оқиғаны тіркеу үшін маңызды. Біз жол-патрульдік полиция мен жол полиция инспекторларын, Атырау облысының құрылыс бөлімі мамандарын, журналистерді, фототілшілерді шақырттық. Аздап бүлінген көліктердің иелері шығындарын бағалап, техникалық қызмет көрсету станциясының иелерінен ақша өндіру үмітінен айырылған соң жүйкелерін құртпайын деп шешті. Қазіргі уақытта нысан иесіне үш зардап шегуші шағым келтіріп отыр. Біз мүлікті бағалауды жүргізіп, қажетті анықтамаларды жинадық. Енді азаматтық сот өндірісі басталды, талап-арыздар сотқа берілді.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 қыркүйек 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.